М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Eldhei
Eldhei
04.03.2022 14:46 •  Қазақ тiлi

18. Суреттерге қара және мәтінді оқы.​


18. Суреттерге қара және мәтінді оқы.​

👇
Ответ:
Айзат121а
Айзат121а
04.03.2022

Сурет бойынша мәтін мазмұнын білуге болады. Бірінші суретте қыз гүлдердің тұқымын отырғызып жатыр. Ал екінші суретте тұқымнан өскін шықты. Үшінші суретте қыз өсіп келе жатқан гүлді суарып жатыр. Төртінші суретте болса, гүл өсіп, құлпырады. Демек, егер гүлді бақсақ, су құйып, оған қамқор болсақ, гүл құлпырап, әдемі болып өседі екен.

4,6(91 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
даша3609
даша3609
04.03.2022
Қазақта би болмаған» дейтіндердің аузына біржолата құм құйылды. Олай дейтініміз, көнеден келе жатқан ұлттық «Қара жорға» биі әйгілі Гиннесстің рекордтар кітабына алтын әріптермен жазылды. Ғасырлар қойнауында қалып, бертін келе арамызға қайта оралған осынау би үлгісі бүгінгі ұрпақтың орындауында тіпті жандана түскендей. «Қытайдағы ұлтжанды қандастарымыз 10 мыңдай адамның басын қосып, «Қара жорғаны» бір деммен орындап шығыпты» деген хабарды ел-жұрт бірден іліп әкетті. «Қара жорға» болмаса, тойдың сәні келмейді» демекші, бүгінде қазақтың көп жиындары мен той-томалақтары осы бір ерекше, ғажап бисіз өтпейді. Әйтсе де біз көп жағдайда өзіміздің түп-тамырымызға үңіле бермейміз. Соның салдарынан қаншама құндылықтарымызды күнделікті игілігімізге пайдалана алмай отырмыз. Себебі бүгінгі қазақтың баласы кешегі өткен тарихына мұражайлық экспонат ретінде қарайтын сияқты. Осылайша, бізде ұлттық мұраларымызды экзотика ретінде ғана қабылдау қалыптаса бастады. Десек те, мұндай қасаң қағидаларды өзгертіп, ұлттық өнерге деген жаңаша көзқарас қалыптастыруға әбден болады екен. Мұны 10 миллионға жетер-жетпес қазаққа «Қара жорғаны» серпіле билеген әлгі 10 мың биші дәлелдеп бергендей. Еліміздің басына екіталай күн туғызған сонау бір зар-заман нәубет жылдары қазақ қазақ болғалы бергі рухани байлығымыздан кәдімгідей ажырап қалдық. Қылышынан қан тамған Кеңес өкіметі де қазақтың небір жауһар дүниелерін өз қолымен жоюға тырысып-ақ бақты. Әйтсе де жылдар өте келе етек-жеңін жиған Алаш жұрты Тәуелсіздік алғаннан кейін шетте шашылып жүрген қандас бауырларын азат шаңырақ астына жинап, біріктіре бастады. О баста «оралман» деген атқа ие болған қандастарымызбен бірге бірте-бірте ұлтымыздың сан жылдар бойы жоғалып кеткен құндылықтары, салт-дәстүрлеріміздің кейбір нұсқалары мен өнері ортамызға қайта оралып, сәнін беріп әрі мәнін ұқтыра бастады.Бөркімізді аспанға атқызған «Қара жорға» да атамекеніне оралған қазақтармен бірге келген мол қазынамыздың бірі еді. Енді, міне, сол мұрамыз мерейімізді үстем етіп отыр. Әдетте әр халық өзінің бір өнерімен өзгелерден ерекшеленіп тұрады.
4,4(19 оценок)
Ответ:
donaldavis1337
donaldavis1337
04.03.2022

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Ясауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды.Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, сопылықты уағыздаушы Ахмет Ясауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған.

Оңтүстік Қазақстанда Сайрам деген жерде туған Ахмет Ясауи сол кездегі ғылым мен ағартудың орталығы ретінде белгілі болған Отырар қаласында білім алады да, кейіннен Бұхарадағы Юсуп Хамадани басқарған сопылар қауымына кіріп, дәруіштік мектептен өтеді.

Объяснение:

дұрыс па лайк қойып маған тіркел өтінем

4,4(7 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ