ответ:Оқулықта маркетингтік зерттеулердің негізгі теориялық-әдістемелік мәселелері, сондай-ақ оларды тәжірибеде қолданудың бағыттары қарастырылған. Оқулық құрылымы аталмыш пән бойынша типтік бағдарламаға сәйкес келеді. Маркетингтік зерттеулердің мазмұны мен әдістері ашып көрсетілген. Тауарлар мен қызмет көрсетулер, тұтынушылар, бәсекелестер, баға белгілеу, тауарларды жылжыту жөніндегі қызмет нарығына маркетингтік зерттеулер жүргізу кезінде қолданылатын, социологиялық, сараптамалық және өзге де әдістерге сипаттамалар берілген және талданған.
Оқулық ЖОО-дарының студенттері мен магистранттарына, маркетингтік зерттеулерді жүргізетін өндіруші-кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылығына және мамандарына, сондай-ақ біліктілікті арттыру жүйелерінің тыңдаушыларына арналған.
Қазақ хандығы - Қазақстан аумағында бұрын болған мемлекеттік құрылымдардың мұрагері, этникалық процестермен байланысты әлеуметтік қатынастардың өзгерістер мен экономикалық даму нәтижесі. 1457 жылдың күзінде Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері - Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады. 1458 жылдың көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі. Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этно саяси процестердің заңды қорытындысы еді.