Универсиада — дүниежүзілік студенттік спорт ойындары. Универсиада – Халықаралық Университеттік Спорт Федерациясының (ағылш. International University Sports Federation (FISU)) ұйымдастыруымен студенттер арасында өтетін халықаралық жарыс. Бұл дүбірлі доданы «Бүкіләлемдік студенттік ойындар» немесе «Бүкіләлемдік университеттік ойындар» деп те атайды. Мыңдаған талантты жастардың басын қосатын бұл ойындар екі жылда бір болып тұрады. Яғни бір жылы қысқы спорт түрлерінен өтсе, келесі жылы жазғы ойындар ойналады.
Мұғалжар тауы - Оралдың оңтүстік жалғасы, Ақтөбе облысы аумағында. Солтүстіктен оңтүстікке
қарай 400 км-ге созылып жатыр. Ені 200 км-дей. Орташа биіктігі 300 м, ең биік жері — Үлкен
Боқтыбай тауы (657 м). Солтүстігінде жіңішке бұйрат түрінде басталып, әрі қарай бір-біріне жарыса
орналасқан екі қатар тізбекке бөлінеді. Олардын арасын беті сәл белесті ойыс бөледі (ені 15 — 20 км).
Жоталар кей жерлерде бір-бірімен төбелер жүйесі арқылы жалғасады. Аралық өңірде девон мен тас
көмір дәуірінің құмтас пен әктас жыныстары таралған. Жоталар кембрийге дейінгі және палеозойлық
кварцит, кристалдық тақтатас, гнейс, гранит, т.б. жыныстардан құралған. Батыс Мұғалжар, немесе
Бас жота бір-бірімен тіркесіп, меридиан бағытында созылатын жеке қырқалар тізбегін түзеді.
Объяснение:
Ұлттық нақыш - национальный стиль
Жанкүйер- поклонник
өлшем- измерение
шақ келді- время вышло
жарасу- примирение