Қазақ хандығы - Қазақстан аумағында бұрын болған мемлекеттік құрылымдардың мұрагері, этникалық процестермен байланысты әлеуметтік қатынастардың өзгерістер мен экономикалық даму нәтижесі. 1457 жылдың күзінде Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері - Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады. 1458 жылдың көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі. Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этно саяси процестердің заңды қорытындысы еді.
Дала заңы Баба заңы.
Өткен ізімізбен тарихқа үңілсек: дала заңы жүздеген жылдар бойы қалыптасып,дамып,жетіліп отырған.Дала заңдары ұрпақтан ұрпаққа жеткен және ол заңдар қазақтың әдет-ғұрпынан бастау алған.Дала заңы дегеніміз-қысқа әрі ұтымды ойды білдірген тұжырымдар.Дала заңдары ол-"Қасым ханның қасқа жолы","Есім ханның ескі жолы","Жеті жарғы"т.б.Бабалар заңына келетін болсақ қазақ елінде сот билігі хан билігінен жоғары тұрған.Елге заң айтқан дала даналары білімдері,ой-парасаты жөнінен бәрінен озық тұрған.Ежелде қазақ елінде дауларды билер үкімімен шешіп келген.Дауға түскен екі рудың билеріне ара би әділ қазылық айтқан.Қазіргі заманымыздада әдет ережелері ретінде елде ас беру, жерлеу,шаңырақ көтеру т.б.өз өміршеңдігін көрсетіп келеді."Қасым ханның қасқа жолы"-Қасым хан әскери қабілеті мен дарынының арқасында мемлекетті нығайтып,халықты соңына ерте білді.Елде тәртіпті сақтау үшін,дау мәселелерін шешу үшін-"Қасым ханның қасқа жолы"- деп аталған алғашқы заң қабылданған.Елді нығайтып,заңды күшейіткен адамның бірі-Есім хан болған.Халықты ортақ мүддеге жұмылдырып,елдің ыдырауына жол бермес үшін-"Есім ханның ескі жолы"- деген құқық жөнінде ереже жасаған."Қасым ханның қасқа жолы" мен "Есім ханның ескі жолы" заңдары жиналып Тәуке ханның "Жеті жарғысына"жазылып елдің ынтымағын арттырған.Осындай бабаларымыз шығарған дала заңдары-әдет-ғұрпы ережелері өз өміршеңдігін танытып келеді.Бізге дейін жеткен әдет-ғұрпы заңдары сол-Дала заңы-Баба заңы дегенді білдіреді.Дала заңы Баба заңы біз үшін рухани мұра.
Объяснение:
ответ:Дәлелдемелік эссе
Алаштың ардақты азаматы.
Алыстан «Алаш» десе - аттанамын,
Қазақпын - «Қазақ» десе мақтанамын!...- деп ұрандап өткен Алаш қайраткерлері өн бойыңа елге деген сүйіспеншілік сыйлайды.Алаш қозғалысы,Алаш автономиясы атты тарихи оқиғалардың тарихымызда алар орны зор.Сол Алаш қозғалысы кезінде талай қайраткерлер елім, жерім деп,қуғынға ұшырап қаза тапқан.Сондай алаштың ардақты азаматтарының бірі,қасына талай ұлтжанды қазақты жия білген тұлға – Әлихан Бөкейханов болды.
Әлихан Бөкейханов – қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға,ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым,аудармашы.Оқу оқып жүргеннің өзінде-ақ оны екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдыры қатты толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына білім мен мәдениет керек екенін ұғады,елдің тұрмысын, мәдениетін,білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қойған екен.Әлихан Бөкейханов хан ұрпағынан болды.Сол себепті де Әлихан туған халқы алдында бұрынғы хан-сұлтандардың тікелей ұрпағы ретінде өзін айыпты сезінді, кең сахара даласында емін-еркін ғұмыр кешкен, өзіндік салт-дәстүрі, мәдениеті бар халқын еш қарсылықсыз отарлыққа жегіп жіберген алдыңғы хан-сұлтандардың бар кінәсі мен халқының келешек тағдыры үшін бар жауапкерлікті өз мойнына алды. Әлихан 1914 жылы жазған мақаласының бірінде «Хан баласында қазақтың хақысы бар еді, тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» - деп жазды. Әлихан соңғы демі біткенше осы сертіне адал болып қалғандығынан алаштың өр тұлғалы азаматы екендігіне көз жеткіземіз.Оның есімі мәңгі біздің жадымызда қалады деп білемін.
Объяснение: осы көп болса, ештеңе емес басқаларға жаксы болады . Nice