Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстык.
Төрт түлік – мал: түйе, жылқы, қой, сиыр. Қазақ халқы осы төртеуін төрт түлік деп атаған Көшпелілердің, оның ішінде қазақтың төрт түлік малдың ішіндегі қастерлеп, пір тұтатыны – жылқы. Жылқы көшіп-қонуға төзімді әрі ыңғайлы, қысы-жазы жем-шөп тілемей жайылады.Оның азығы (жемі, шөбі) өзге малдан әлдеқайда асыл.Сол себепті де оның еті де,сүті де денсаулыққа шипалы екендігі ерте кезден – ақ белгілі. Түйе-жүк көлігі.Көшпелілердің, солардың ішінде қазақтың, ғасырлар бойы көбінесе жүгін көтерген мал-түйе. Қой да көшпелі елдердің ерте заманнан малданған түлігінің бірі.Ол әрі киім, әрі тамақ.Киім дегенде, оның жүнінен гөрі ертедегі көшпелі халыққа терісі қымбат болған. Сиыр малы айрықша бағуды тілемейді, өріске өзі кетіп,мезгілінде өзі қайтып келеді.Қыс айларында сиыр тек қорада ғана күтіледі.Сондықтан басқа малдарға қарағанда ол күтімді көбірек керек етеді.
Мен өз ата-анамды өте жақсы көремін. Олар мен үшін ең қымбат жандар. Олар мені тым еркелетіп жіберген. Кілең өтініштерімді жауапсыз қалдырмайды.
Объяснение: