Ахмет Байтұрсынұлы - қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі. Байтұрсынұлы өмірінің Орынбор кезеңі оның қоғамдық-саяси қызметінің аса құнарлы шағы болды. Ол осы қалада 1913–1918 жылы өзінің ең жақын сенімді достары Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлымен бірігіп, сондай-ақ қалың қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарып тұрды. Газет қазақ халқын өнер, білімді игеруге шақырды. Осы газетті халық оқып, барлық жаңалықтарды білетін болған. Солай осы № 1 номері 1913 жылы 2 ақпанда шықты. Газет рәміздік-бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл - қазақ ұлты деген ұғымды берді. Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. XX ғасыр басында аталған газет оқығандардың, діндарлардың, шәкірттердің, қарапайым сауаты бар адамдардың, тұтастай жалпы ұлттың ықыласпен оқитын басылымына айналды. Бұдан кейін пайда болған барша елшіл газет-журналдар осы «Қазақтың» шекпенінен шықты.
• Жақсылық Үшкемпіров - кім?
Жақсылық Үшкемпіров (шын есімі Жақсылық Үшкемпірұлы Әмірәлиев) грек-рим күресінің палуаны, спорт шебері (1971), Халықаралық спорт шебері (1975), Еңбек сіңірген спорт шебері (1980), алтын медальге иеленген қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980), Әлем чемпионы (1981), әлем кубогының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы (1975, 1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
• Ол қашан, қай жерде туған?
Ол 1951 жылдың 6 мамырында қазіргі Жамбыл облысының Свердловск ауданы, Дихан ауылында дүниеге келген.
• Ол қандай оқу орнын бітірді?
Ауылдағы қарапайым мектепте білім алған. 1968 жылы Семей қаласының мал дәрігерлік институтына оқуға түседі. Институт қабырғасындағы күрес үйірмесіне жазылады.
• Оның спорттағы қандай жетістіктері қалай бағаланды?
Жақсылық Үшкемпіров спорттағы жетістіктері үшін «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Ал 2017 жылы Ақордада Жақсылық Үшкемпіров Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын алды.
Объяснение: