М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
cfxdcvbnm
cfxdcvbnm
01.02.2022 21:29 •  Қазақ тiлi

1- тапсырма.Мәтінді оқып, мәтіннен құрмалас сөйлемдерді көшіріп жазыңдар Компьютердің пайдасы және зияны
Біріккен Ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру
ғасыры» деп аталады. Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстардың бірі –
осы ақпарат. Компьютер – ақпаратты өңдеу құралы.Компьютер шын мәнінде
қазіргі уақытта пайдалы ма, әлде зиян ба? Ақпараттық процестерді жүзеге
асыратын құрал- компьютер. Ал ақпараттық процестер дегеніміз ақпаратты
алу, есту, көру, өңдеу, тарту болып табылады. Компьютерді пайдаланудың ең
алғашқы себебі, жұмыс өнімділігін арттыру болып табылады.Мысалы,
машинкада мәтін басатын ең шебер адам минутына 60-80 сөз, 6-8 жол басса,
компьютер 120 жол басады, демек, 1 компьютер 200 адамды алмастырады
екен.
Реферттың принтермен көшірмесін жасаған әлде қайда аз уақыт
жұмсалады.
«Компьютер – уақыт талабы» біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз.
Бізге компьютер коп болса сонғы 10-20 жылда келді? ал Жапонияда ол
бұрыннан бар. Компьютерлендірудің алғашқы жылдарында (“компьютер –
көрермен синдромы” (CVS-Computer Vision Syndrome) дисплейлердiң
қолданушыларында ерекше шаршау байқалған. Шаң және компьютердегi кiр
уақыт өте келе бiраз шоғырланады және де олар күрделi болады. Кiр болған
жерде бактерия, шаң, микроб, шаң-тозаң кенелерi болады . Бұның барлығы
әртүрлi ауруларды қоздырады.
Компьютер ,әрине, адам өмірінде өте пайдалы, қажетті құрал. Қазіргі таңда
компьютерсіз қоғамды елестетіп көру де мүмкін емес. Дегенмен, компьютердің
пайдасына қоса зияны да бар.
1. Дене сымбаты бұзылады, соның салдарынан скалиоз ауруы қалыптасады;
2. Көздің көру,құлақтың есту қабілеттері төмендейді;
3. Саусақ ұштарына пернетақтадан электрленген сәулелер әсер етіп, қолдың
буындары ауыра бастайды.
4. Компьютер алдында ұзақ отырудан бел омыртқаға көп күш түседі де,
омыртқа дискілері қалыптасқан үлгіден өзгеріске ұшырайды.
5. Жүйке жүйесінің бұзылуына да әсер етеді.
Біз өз денсаулығымызды сақтасақ, болашағымыдза жарқын – жақсы болады. Ең
бастысы байлық денсаулық демекші денсаулығымызды сақтайық.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
avetisyana902
avetisyana902
01.02.2022

Біздің еліміздің табағаты өте ерекше. Жыл мезгілінің қай тұсын алсаң да, я қаламыз, я ауылымыз жайнап тұрады. Қазір қыс мезгілін алсақ, терең тыныс алатын таза ауа, ақ көрпесін жамылған жер, екі беттері алмадай боп шана тепкен балалар. Ал, енді көктемге мезгіліне сипаттама берсек, жан-жақтың бәрі көгеріп, жер астынан бәйшешегіміз бүршік атып шығады, Жаз нағыз жеміс-жидектің пісіп, балалардың мәз-мейрам болатын уақыты. Күзге тоқталсақ, бұл жыл мезгілі әсіресе ақын аға-апаларымыз тілін түсіне білетін алтын уақыт.

Иә, қалай дегенде де менің өлкемнің табиғаты тамаша, кең байтақ! Мен осы елде қазақ болып туылғаныма қуанамын!

Объяснение:

4,8(80 оценок)
Ответ:
mamaha123
mamaha123
01.02.2022
Қиял — сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға түседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады:

әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиетгеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бүл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады;

қиялдың мазмүны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп түрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға болмайды;

қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. «Жаратылыстың қүшағында,—деп жазады М. Жүмабаев, — меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада түрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті».

қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл - қиялдың ерікпен байланысына жақсы мысал. Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше. Өйткені ойлау белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді. Ойлау мен қиял бір-бірімен тығыз байланысты. Жан қуаттарының осы екеуі де мәселені шешуге, сұраққа жауап беруге қатысады. Бірақ қиялда мәселені шешудің өзіндік ерекшелігі болады. Қиял — мәселені суреттеу, жанды көрініс арқылы шешсе, ойлау оны тірі суретсіз жалпылай, ұғым, пікір, тұжырым түрінде шешеді;

адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады. Мұндағы негізгі шарт: саналы мақсаттың болуы, болашақты болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бүрын көре білу, яғни оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу — адам қиялына тән негізгі белгілер. Қиялда адамның дүние жөніндегі әр түрлі таным-түсінігі әртүрлі формада қиюласып, жаңа сапаға ие болады. Қиял бейнелері адам қажеттігінен тәуелді бола түрып, оны белсенді кызметке итермелейді,творчестволық ісіне күш-жігер қосады. Қиял тек теориялық және практикалық қызметте ғана емес ол адамның бүткіл рухани өмір жүйесінде елеулі орын алады. Кісінің өмір жолы, жеке басының ойдағыдай дамуы, даралық қасиеттері, іс-әрекетінің қүрылымы, өмір салтының қалыптасуы мүнсыз мүмкін емес. Адам санасының жануар психикасынан басты айырмашылығы адамда ойлаумен қатар қиял әрекетінің олғандығында.
4,7(52 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ