М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
deminav733
deminav733
30.05.2023 07:39 •  Қазақ тiлi

ПАЖАЙЛУСТА деңгей
Мәтін бойынша үш сұрақ құрастыр

2 деңгей
Құрастырылған сұрақтарды пайдаланып, постер құрастыр

3 деңгей
Тақырып бойынша өз пікірін білдір.

Мәтінді оқыңыз. Не түсіндіңдер?
Табиғат тіршіліктің құт - берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз. Қазіргі кезде экология мәселесі нашарлап кетті. . Қазіргі табиғаттың ластануы үлкен - мәселе. Бұл барлық дүние жүзінде қарастырылуда.
Табиғатты қорғау, сақтау қазіргі жастардың қолында. Қазақ халқында табиғатты құрмет тұтады. Адам табиғаттың патшасы деген ұғым бар. Сондықтан табиғат адам үшін асыл ана. Өйткені а табиғаттың тіршілігінде өсіп - өніп, жетілген. Табиғат - ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі, адам денсаулығының сенімді серігі.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Redll
Redll
30.05.2023
Абай шығармашылығы – адамзат даналығының таусылмас қазынасы. Бұл қазынаны ақтарған сайын тың жаңалықтар көзін тауып, сөз өнері бағзы заманнан іркіліссіз жалғасқан қазақ елін әлемдік мәдениетке жеткізу жолындағы рухани бастаушыны танитынымыз анық. Оның  даналығы мен парасаттылығы, озық идеялары – халқымызды дамыған елдер кеңістігіне апарар лайықты жолға жөн сілтейді.Абай мен М.Әуезов мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасатын, маңызын жоймайтын зерттеудің қайнар көзі. Бұл күндері қос ғұлама есімі ұлттық сана-сезімде мәңгі аталатын ұлы тұлғаларға айналды. Дана Абайдың қазақ халқының рухани ұстазы ретінде танылып, әлемдік көркем ойдың алтын қазынасына айналуы – оның өз мұрасы ғана емес, сонымен бірге М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы арқылы жүзеге асты. Бұл ретте ең бірінші тілге тиек етеріміз – Мұхтар әлемінің Абай әлемімен рухани сабақтастық мәселесі. Бүгін біздің назарымызды көбірек аударуға тиіс нәрсе Мұхтар Әуезовтің ұлы Абаймен рухани жақындық-жалғастығы. Осы жайында академик З.Ахметов: «Мұның өзі дүниежүзі әдебиетіндегі айрықша құбылыс. ...Абайды әлемге әйгілеу үшін Әуезов қандай қажет болса, Мұхтар Әуезовтің дүниежүзі мәдениетінің биігіне көтерілуіне Абай мұрасы, Абайдың өнерпаздық, ойшылдық дәстүріндей үлкен тірек сондай қажет еді» [1, 32-б.] деп, Абай мен Мұхтардың рухани сабақтастығының дүниежүзі әдебиетіндегі маңызын айрықша атап көрсетсе, «М.Әуезовтің өміртанымын, көзқарасын сөз еткенде ұлы Абайдың рухани дәстүрінсіз талдау мүмкін емес. Онсыз Мұхтар тұлғасы толық ашылмайды», деп ескертеді ғалым Т.Жұртбай [2, 11-б.].
4,7(83 оценок)
Ответ:
kalinkamalinka369
kalinkamalinka369
30.05.2023

Нәтиже сабақ

1.Тәуелдік жалғауда тұрған сөзді табыңдар. 

а)анам,әкең

2.Өзбек халқы үлкенге де,кішіге де кім дейді?

в)сіз

3.Буын түрлері нешеге бөлінеді?

г)3

4.Ана,әке сөзіне жалғанатын ілік септігінің жалғауларын атаңдар.

в)-ның,-нің

5.Не-ме-ре сөзіндегі буын түрін ажыратыңдар.

б)ашық буын

6.Адам бетіндегі әжім нені аңғартады?

г)біраз өмір сүріп,қиындық көргенді

7.Адамның бойын сипаттайтып сөзді атаңдар.

а)орташа,ұзын

8.Мұрын сөзінде қандай буын түре бар екенін атаңдар.

в)ашық,бітеу

9.Ілік септігі жоқ сөз тіркесін табыңдар.

в)әдемі айна

10.Сыпайы болу дегеніміз не?

б)әдеп сақтау,әдептілік үлгісін,мәдениеттілікті көрсету

2.Бақылау сұрақтарына жауап беріп,тапсырмаларды орыңдар. 

1.Отбасы мен Отанның арасында қандай байланыс бар?

"Отан – отбасыдан басталады" деп бекер айтпаған.Бұл екі ұғымның арасында үлкен байланыс бар.Бала отбасыда көрген тәлім-тәрбиені Отанына көрсетеді,жұмсайды.Отбасы ол – "кішкентай Отан".

2.Тәуелдік жалғау жалғанғанда сөзге қандай мағына береді? Мысал келтіріңдер.

Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіреді.Мысалы:Менің дәптерім,атам.Қойдың үлкені.Мектептің кілті.

3.Дыбыс үндестігіне бірнеше мысал келтіріңдер.

Үндестік заңы 2-ге бөлінеді:буын үндестігі,дыбыс үндестігі.Буын үндестігі сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып келуін айтады.Мысалы: Әке,шегіртке.Аға, саулық,ғалам.Дыбыс үндестігі дегеніміз - қатар келген екі дыбыстың бір-біріне ықпал етіп үндесуі.Мысалы:қалалық, мәнерле, мәжіліске, мектепте сияқты мысалдарда қала, мәнер сөздеріне қосымшаның үнді дыбыстан басталып жалғануына сөздің соңындағы дауысты және үнді дыбыстар әсер еткен.

4.Буын және оның түрлері туралы айтыңдар. Ата,әже,бала сөздерін буынға бөліп, буынның түрлерін ажыратыңдар.

Буын (фонетика) — сөйлеу мүшелерінің тұтастай қимылынан пайда болған бір немесе бірнеше дыбыстық тіркесі. Буынды тек дауысты дыбыстар ғана құрайды. және дауыссыз дыбыстардың ретіне қарай мынадай түрлерге жіктеледі: Ашық буын — бір дауысты дыбыстың өзінен ғана тұратын немесе дауыссыз дыбыстан басталып,дауысты дыбысқа аяқталып тұратын буын (а-ра,ұ-лы, ке-ше, қа-ла, не, а-сық, а-дым); 2) тұйық буын — дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа бітетін буын (ат, өт, ас); 3) бітеу буын— дауысты дыбыс екі жағынан дауыссыз дыбыспен қоршалып тұратын буын (тіс, қыз, қар, мұз, құз). 

А - та (ашық буын - ашық буын),ә - же (ашық буын - ашық буын),ба - ла (ашық буын - ашық буын).

5.Адамға сіз деп сөйлеу нені білдіреді?

Ол адамның сыпайылығын,кішіпейілдігін,ибалылығын білдіреді.

6.Айналайын деген сөздің қасиеттілігі неде? Анаңның сені еркелетіп жиі айтатын сөзі қандай?

Қазақ халқы бұл сөзді ертеден бастап қолданған.Ол ізгі сүйіспеншілікті,махаббатты білдіреді.

Онысы "сенің жолыңда менің жаным құрбан" немесе "саған келген пәле маған болсын" дегені...

Анам мені жиі "аппағым","тәттім" деп жиі еркелетеді.

4,7(21 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ