Салалас құрмалас сөйлем:
1. Мен апама бәліш апардым да,сыртқа ойнауға шығып кеттім. (ыңғайлас с.қ.с)
2. Ол сыныптағы оқушылар сабақты жақсы оқиды,бірақ өзара ұйымшылдық жоқ. (қарсылықты с.қ.с)
3. Айна бүгін жатақханаға қонбайды,себебі туыстарының үйінде туған күн болады. (себеп-салдар с.қ.с)
4. Ол бірде ән айтады,бірде мәнерлеп өлең де оқиды. (кезектес с.қ.с)
5. Азамат сабаққа күнделікті келіп жүрсін не біз оны оқудан шығарамыз. (талғаулы с.қ.с)
6. Қуанғаны сонша – анасын құшақтай жөнелді (түсіндірмелі с.қ.с)
Сабақтас құрмалас сөйлемдер:
1. Ол оқуын жақсы аяқтайтын болса,жақсы жұмыс та табылады. (шартты бағыныңқылы)
2. Мен оған қанша айтсам да,сөзімді жерге тастайды (қарсылықты)
3. Әпкесі сыйлықты көріп қоймасын деп,жақсылап сөреге тығып қойды. (себеп бағыныңқылы)
4. Мен үйге келгенге дейін,ол тамақ әзірлеп қойыпты. (мезгіл бағыныңқы)
5. Оның жалғыздықта болғысы келіп,өз бөлмесінің есігін құлттап алды. (мақсат бағыныңқы)
6. Көзіне жас толып,Айнагүл үдйен атып шықты. (қимыл-сын бағыныңқы)
Мектеп дәрігерінде
- Сәлеметсіз бе, Қадиша апай!
- Сәлеметсің бе, Айдос! Кіре ғой.
- Қадиша апай, сіздің қолыңыз бос па?
- Ия-ия, айта бер, қандай сұрақпен келдің?
- Мені дәрумендер туралы мәселе мазалап жүруші еді. Бір күні мен теледидардан бағдарламаны көрген едім. Онда гипервитаминоз туралы айтылған. Тележүргізуші егер дәрумендерді дәрі ретінде көп қолдансаң, ол қауіпті болуы мүмкін дейді. Ал мұғалім дәрумендерді жеңдер дейді. Бұл қалай?
- Айдос, тележүргізушілердің айтқаны дұрыс. Мұғалім де дұрыс айтады. Дәрумендерді негізінен тағамнан алу керек, яғни жемістерден, көкөністерден, сүт тағамдарынан. Сондай-ақ, дәріханада дәрі ретінде қолданылатын дәрумендер де бар. Егер ағзада дәрумендер жетіспесе, авитаминоз ауруы пайда болады. Ал егер адамда дәрумендер мөлшері нормадан ауытқып кетсе, адам гипервитаминоз ауруына шалдығады. Сондықтан, дәрумендерді жемістер мен көкөністерден алғанымыз жөн. Бұл - ең тиімді жол.
- Рахмет Сізге, Қадиша апай! Енді мен бәрін түсіндім! Сау болыңыз!
- Сау бола ғой, Айдос! Келіп тұр!
жаурайды,балқып тұрады, күшті,Жасыл бағар.
Объяснение: