М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации

5-сынып. Na2 СОЧ (2-тоқсан) Оқушының аты, жөні :
Сыныбы 5 «
Оқылым
Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Внимательно прочитайте текст и ответьте на
вопросы письменно.
Су – тіршіліктің көзі. Психолог Масару эмото: «Судағы таза энергия көп ауруларға ем болады», - дейді.
Мысалы, су денемізге азық пен оттегін тасымалдайды, ұйқыны қалыпқа келтіреді, көздің жақсы көруіне ықпал
етеді, ммунитетті күшейтеді. Дәрумендер мен минералдардың таралуын реттейді. Әрі судың денені
жарақаттанудан қорғайтын қасиеті де бар екен.
Үлкен адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74
пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Ал денеде 20 пайыз су жетіспесе, ол ағзаға қауіп төндіреді екен.
Ғалымдардың зерттеуінше, Жер бетінің 70 пайызы судан тұрады. Бірақ соның тек 3 пайызы ғана ішуге жарамды.
Ал ауыз судың 2 пайызы мұздықтарда сақталған. Сондықтан адамдар оны қолдана алмайды. Сонда ғаламшардағы
адамдардың барлығы тек 1 пайыз ғана ауыз суды пайдаланады. Сол себепті жер бетіндегі халыққа су қоры
жетпейді, әлемде су тапшылығы мәселесі бар.
Ол, әсіресе, Африка және Қытай елдерінде байқалады. Судың жетіспеуінен жер бетінде мыңдаған адамдар
түрлі ауруларға шалдығады. Осы ғаламдық мәселе болса да, адамзат суды үнемдеуді ойламайды.
(156 сөз)
Тыңдалым
1-тапсырма. (5- ) Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Внимательно
прочитайте текст и ответы на вопросы.
1. Мәтіндегі тірек сөздерді анықтаңыз (3 сөз немесе сөз тіркесі).
2. Әлемдегі ең ірі кітапхананы атаныз.
3. Кітапхана қай қалада орналасқан және қай жылы құрылды?
4. Кітапханада қай елдің туындылары сақталған?
5. Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз.​

👇
Ответ:
OleskaSwag
OleskaSwag
22.10.2022

Объяснение:

1-A

2-B

3-A

4,4(90 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
AlexBennet
AlexBennet
22.10.2022

Әсем әлем

Таң сібірлеп ата бастағанда оянатын болып жүрмін. Арайлап атқан таңды қарсы алғым келеді.

Бәрінен де күн шығып келе жатқандағы түленуін айтсаңызшы. Көл беті баяу толқып, жыбырлап, өзінше тыныстап, кербез жатады. Осы көрініс әуелі қара күреңденіп, бірте-бірте сібірлеп, ашық түске ойысып, енді күннің алтын кірпік сансыз найзасы шаншылып, нұрланып, жылтылдап, інжу-маржан шашып тастағандай жалт-жұлт етіп, құбылып ойнайды. Бір сәт алаулап, өртеніп, жалын шашқандай. Осы кезде сонау көкжиектен астасқан тұстан қылаң етіп әлдене көзге шалынады. Ол ақ кеме. Ыссықкөлдің ұзына бойымен ақ кеме жүзіп бара жатады.

Осыдан кейін менің қалт жібермей бақылайтыным күннің батуы. Жайшылықта ешнәрсе емес, күн батар кездегі көрінісі тамаша. Күн дегеніңіз қан қызылданып, жақындап келіп, ай табақтанып жалқық атып, балқып барып қонады. (114 сөз)

4,6(59 оценок)
Ответ:
солнышко279
солнышко279
22.10.2022

Әрбір адам өз тілін білуі тиіс.Менің тілім қазақ тілі.Қазақстан  Республикасының  егеменді, тәуелсіз мемлекет екендігін айқындайтын негізгі коституциялық құқық белгілерінің бірі -  мемлекеттік тіл.

Қай кезде болмасын тіл мәселесі – сөйлейтін, сол тілден сусындаған, ұлттық, ділдік белгісі болып саналатын халықтың мәселесі. Әрбір халықтың ана тілі бар десек, өз ана тіліміздің  барша болмысы, тіпті оның әрбір дыбысы мен жалғау жұрнағы әрбір шынайы азаматқа танымал, мәдени - әлеуметтік өмірде өзіндік мәні бар киелі ұғым. Ұлттың тілінің кеми бастауы ұлттың құри бастағандығын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат еш нәрсе болмасқа тиіс. Бір ұлттың  тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақтың тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресежелсіз түндей тынық, біресе құйындай екпіндей тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең, тілі бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, терең тіл жоқ»,- деп тіл жайында терең толғанған екен.

Қай кезде болмасын тіл мәселесі – сөйлейтін, сол тілден сусындаған, ұлттық, ділдік белгісі болып саналатын халықтың мәселесі. Әрбір халықтың ана тілі бар десек, өз ана тіліміздің  барша болмысы, тіпті оның әрбір дыбысы мен жалғау жұрнағы әрбір шынайы азаматқа танымал, мәдени - әлеуметтік өмірде өзіндік мәні бар киелі ұғым.

Қазақ тілінің қайығы кері қарай жүріп бара жатыр дей алмаспыз. Даму бар. Алға жылжу байқалады. Ауызды қу шөппен сүртуге болмас. Дегенмен ана тіліміздің адымдап дамуына өзіміздің де кері әсер беріп жататын кездеріміз бар. Қазақтың қазақпен қазақша сөйлесуі мұң. Алқақотан отырғанда да, алқалы жиында да арамызға өзге ұлттың бір өкілі кіріп келсе, бәріміз шүлдірлеп «түсінікті» тілге көшеміз. Әрі-беріден соң биік шеңберден қазақ тілі деп қайғы жұтатын кейбір қайраткерлердің балалары, немерелері қазақ бақшасына, қазақ мектебіне бармайды. Мұны сорлылық емес деп көріңіз.

Мемлекеттік тіл – мемлекетіміздің бүкіл аумағында  қоғамдық қатыстардың  барлық саласында қолданылатын, мемлекеттік басқару, заң шығару,  сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

    Қазақ халқының бар рухани қуатын бойына сіңірге ардақты асылы – тілі. Әр халық өз тілі арқылы әлемді, дүниені, өмірдің құнды тағылымдарын, таниды, елінің мәдениетін жасайды, келешек ұрпаққа түйген тұжырымдарын жеткізеді, мемлекеттік тілінің мәртебесін көтереді. Біздің,  яғни қазақ халқының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Алайда азаматтар тарапынан да, мемлекет тарапынан да, оның толыққанды мемлекеттік тіл болуы үшін әлі де көп істер атқарылуы шарт.

Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Қай ұлттың өкілі болмасын Қазақстанда тұрады екен, оны қасиетті де киелі Отаным деп мойындап, оның гүлденуі үшін қызмет етуі тиіс. «Бір халықпыз, өзгелерге үлгі-өнеге көрсететін ұлтпыз. Мынау он сегіз мың ғаламның ортасынан біздің де алатын орнымыз бар» деген биік сенім, сезімде болуымыз керек. Сонымен қатар Қазақстан мемлекеттің азаматы екенімізді жан-жүрегімізбен түйсінсек, болашақ ұрпаққа Отан алдында жауапты екенін ұғындырсақ, тіл мәдениетін көтеріп, оның ішінде өзге тілдерге көлеңке түсірмей, тілін өркендетуге болады.

Қазіргі таңда мемлекеттік тілдің тағдырын кәсіпорындарды, ұйымдарды, мекемелердің басшылары аудармашыларға немесе мемлекеттік тілге жауапты қызметкерлерге жүктеп қоюда. Ал, тілдің тағдыры тек мұнымен шектелмейді. Бұл жолғы үлкен үміт күттіріп отырған бағдарламаның орындалуы «Қазақ тілі» қоғамына, жергілікті жердегі тілдерді дамыту басқармаларына ғана емес, біздің бәрімізге, еліміздің, әр азаматына тікелей байланысты.

Тіл мәселесі кезең – кезеңімен жүйелі шешіліп келеді. Тілге қатысты көп сөзден гөрі айқын да нақты істер керек. Қазақстанда тілді дамыту үшін барлық жағдайлар жасалынып жатыр. Ендігінің бәрі өзімізге байланысты.

«Ана тіліміз-асыл мұра». Тіл халықтың жаны, діні, рухы, елдік қасиеті, ұлттық болмысы. Сол асыл мұраны аялап, керек кезінде қорғай білу, дамыту және өскелең ұрпаққа жеткізу барша жанның тікелей борышы екендігі даусыз.

Тіл мәселесі кезең – кезеңімен жүйелі шешіліп келеді. Тілге қатысты көп сөзден гөрі айқын да нақты істер керек. Қазақстанда тілді дамыту үшін барлық жағдайлар жасалынып жатыр. Ендігінің бәрі өзімізге байланысты.

 Қазақ тілі – қазақтың мәдениетімен біте қайнасып жатқан рухани қазына. Қаймақты тілді пайдаланбай, қаспақтың түбін қырғыштап жүргендерге айтарым: әркімнің ана тілі тірлік үшін керек, мемлекеттік тіл бірлік үшін керек. Соны әрбір Қазақстан азаматының жүрегімен ұққаны жөн. Тіліміздің қадірін тек тіл мерекесінде ғана емес, күнделікті көтерейік!

4,6(12 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ