Менің жазғы демалысым өте қызықты өтеді. Жазғы демалысымызда әжем тәтем екеумізді көптеген қалаларға алып барады. Біздің саяхатымыз осылай басталады. Біз барған қаланың ең әуелі мұражайымен, кітапханасымен танысамыз. Сол қаланың тарихы жайлы әжеміз бізге әңгімелеп береді. Содан соң кітап дүкеніне барып, түрлі қызықты кітаптарды сатып аламыз. Біз Маңғыстау облысы Ақтау қаласына барып, Каспий теңізін көрдік. Теңіз жағалауында аққулар өз топтарымен жүзіп жүр. Ақтау қаласының сұлулығын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Ол жерге жан жақтан туристер көптеп келеді екен. Демалысымыздың соңғы бөлігінде әжем бізді ауылға алып барады. Қайнаған жұмыс осы ауылда екен. Ауылдың табиғаты өте керемет. Таза ауа, қаладағыдай көп көлік жоқ. Мен атаммен малдарды жайғаймын, ал тәтем әжеммен сиыр сауып үйренеді. Кеш құрым ауылдағы достарымызбен түрлі қызықты ойындар ойнаймыз. Міне біз үшін ұмытылмас жазғы демалысымыз осылай өтеді.
Объяснение:
Құстар табиғаттың керемет тіршілік иелері. Құс – біздің досымыз. Маған үнемі анам құстарға қамқорлық жасап, қорғап жүр деп айтады. Құстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені ерекше. Олар өте әдемі. Кейбір құстар далаға салқын түскенде жылы жаққа ұшып кетеді. Күн жылығанда қайта ұшып келеді. Құстардың кейбірі адамға дос. Соның бірі қарлығаш. Ол адамдарға жақсылық ойлайды. Ол ұясын ауланың жанына салады. Қараторғай да өте сүйкімді, кішкентай құс. Ал аққу маған ерекше ұнайды, ол - өте әдемі құс. Оны киелі құс деп айтады. Аққуды атуға болмайды.
Балалар, құстарға жем шашып, қамқорлық жасауымыз керек. Құстардың ұясын бұзып, жұмыртқасын жарудан аулақ болуымыз керек. Құстарға ерекше қарап, қорғап жүрейік, достар! Өйткені құстар - біздің досымыз!
ответ:1) Нағыз талантты қайткен күнде де жарыққа шығады, танымал болады. ЭССЕ
Объяснение:Әрбір адамда өз таланттары бар!Мысалы: Димаш Құдайберген-ол қәзір әнші, әрі танымал, әрі жарыққа шығып, жұлдыз болып кетті. Оның таланты өте керемет. Тек оның ғана емес, әр адамда да бар. Менің де талантым бар: мен бишімін, мен сценаға, ортаға шығып билеймін, әрі ұнатамын. Себебі: мен алдында онша қатты билей алмайтынмын, мен сағат сайын дайындалып отыратынмын. Мен кәзір өте жақсы билеймін, мені сценариға шақырады және т.б. шақырады.