СЫНЫП СОЧ ҚАЗАҚ ТІЛІ Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіннен қажетті ақпаратты тауып, коммуникативтік жағдаятқа сай, көтерілген басты мәселені анықтаңыз және өзіндік көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз, астарлы ойды анықтаңыз.
Қандай мамандықты оқыған дұрыс — қаржыгер ме, әлде заңгер ме? Менің жауабым: программист! Әрине, басқа мамандықтарға менің ешқандай қарсылығым жоқ. Барлық мамандықтың өз орны бар. Барлық мамандар қажет. Мен 2009 жылы мектепті «Алтын белгімен» бітіріп, ЕҰУ-ға «Халықаралық қатынастар» мамандығына грантқа түстім. Бұл мамандық гуманитарлық болып саналады. Ешқандай математика, физика пәндері бағдарламада болмады. Бірақ өзім мектеп кезінен бастап математикаға бір табан жақын болатынмын. Студент болып жүргенімде оқушыларға репетитор болудан бастап, құрылыста күзетші сияқты әртүрлі жұмыстар жасауға тура келді. Студенттік өмір оңай емес, ақша табуға тура келеді. Бір күні достарым маған: «сайт жасауға арналған ^оотіа деп аталатын оңай бағдарлама бар, соны үйреніп бастасаң болады», — деп кеңес берді. Сол күннен бастап осы бағдарламаны үйренуге кірістім. Бірде достарымның бірі маған ұсыныс жасады. Өзі екі жерде жұмыс жасайды. Бір сайтын жасап үлгермей жатыр екен. Жасап берсем, 10 000 тг беремін деп уәде етті. Сол күні таңға дейін ұйықтамай, сайтын бітіріп бердім. Бұл программист ретінде менің тапқан алғашқы табысым болды. Қуанышымда шек жоқ! Әрі қарай одан да айлығы жоғары жұмыстарда істедім. Қазірде кішігірім өзімнің сайт жасайтын студиям бар. Тойау.кг ақпараттық порталының ІТ-менеджері болып жұмыс жасаймын.
Жер қөңді сүйеді, ат жемді сүйеді. Конь любит овес, а земля — навоз.
Су аққан жерінен ағады, шөп шыққан жеріне шығады. Вода течет, где всегда текла, трава растет, где всегда росла.
Жақсы туса — елдің ырысы, жаңбыр жауса — жердің ырысы. Дождь с небес проливается — счастье на землю спускается, хороший человек рождается — счастье народу является.
Бұлақ болмаса, өзен болмас еді. Если б не источник, засохла бы река.
Жері қатты болса, малы сүтті болады. Если благодатная земля, у коровы будет много молока.
Тоқтатсаң жерге қалың қар, дей бер жақсы өнім бар. Землю снег питает, а земля урожай рождает.
Бір ағаш кессең, орнына он ағаш отырғыз. Если дерево срубил одно, десять посади вместо него.
Жердің көркі тал болар, елдің көркі мал болар. Земля деревьями богата, скотом богат народ.
Жер — семіз, от — арық. Земля одаряет, огонь все пожирает.
Тамшыдан тама берсе, дария болар. Капля за каплей собирается, река появляется.
Күріш арқасында күрмек су ішеді. Когда рис поливают - сорняк тоже воду пьет.