Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыра ежелде қазақтың тарихын баяндаған музыкалық аспаптардың бірі.
Объяснение:
Шыққан сөз: Пирамида
Пирамида (архитектурада) — пирамида үлгісіндегі алып құрылыс. Пирамида тұрғызу негізінен көне заманда етек алды. Оны ежелгі Мысыр перғауындарының қабіріне ескерткіш белгі (Гизадағы Хеопс Пирамидасы, т.б.) ретінде тұрғызатын болған.Кейбір Пирамидалар ғибадатхана, қазына қоймасы рөлін атқарып келді. Пирамидаға ұқсас құрылыстар (ғибадатхана тұғыры, космол. құрылыстар) Орталық және Оңтүстік Америка жерінде (б.з. 1-мыңжылдығы) де кездеседі. Ежелгі Рим мен Жаңа Еуропа өнерінде Пирамида үлгісі мемориалды құрылыстар тұрғызу ісінде қолданылды.