Өсімдіктер адамдардың өмірінде өте маңызды рөл атқарады. Ағаштардың жасыл жапырақтарында пайда болатын фотосинтез процесінің арқасында, тірі ағзаларға тыныс алуға қажетті оттегі өңдіріледі. Сондықтан, өсімдіктерді біздің планетамыздың өкпесі деп атауға болады. Атмосферамыздың 20%-ы оттегіден тұрады, ол болмаса адамдар, жануарлар және құстар тірішілік ете алмай, планетамыз жансыз шөл далаға айналатын еді. Биосфераның маңызды компоненті бола отырып, өсімдіктер экологиялық тепе-теңдіктің сақталуына, климаттың және топырақтың қалыптасуына әсер етеді. Олар ауаны тазартады, зиянды заттарды сіңіреді және қауіпті микроағзаларды жояды. Орманда серуендеуді ұнататын адамдардың физикалық және эмоционалдық күші қалпына жылдам келеді. Шөптен шығатын иістер мен ағаштардағы жапырақтардың тербелістері, жан тыныштандырады.
Төменде Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңіне азды-көпті түсінік бермекпіз. Өлең өзегі – «адам бол!» идеясы. Айта өтері, барлық Абай жинақтарында туынды «1886 жылғы» делінген. Жаңа үлгіде дайындалған екі томдық жинақта мен бұл датаны «1882 жыл» деп өзгерттім. Неге? Оған тірек дерек-дәйектер көп, бірақ оларға тоқталып жатуды мақала көлемі көтермейді.Бес дұшпан – өзімшілдік (яки эгоист) мінездің, ал бес асыл іс – көпшіл (халықшыл) мінездің көрінісі. Екі мінез антипод: біріншісі – қатігез, екіншісі – бауырмал. Жан мен тәннің таласы, әлбетте, қоғамдық өмірде ғана емес, әр адамның жүрегі арқылы өтетін мәңгілік күрес. Фалсафа ілімінде мұны сана мен тұрмыстың билікке таласы дейміз.