М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
орексе
орексе
10.11.2020 18:51 •  Қазақ тiлi

Жуан дауысты дыбыстардың тобын анықта: *
A) а, о, ы, ұ
B) ә, ө, ү, і
C) а, ұ, ө, е
D) б, в, г, д, ғ, ж, з
2. Жіңішке дауысты дыбыстар тобын тап: *

A) а,о,ы,ұ
B) ә,ө,ұ,а,е
C) ә,ө,ү,і,е
D) м,н,ң,р,л,й,у
3. Бірыңғай қатаң дауыссыз қатысқан сөзді тап. *

A) Өп-өтірік
B) Қос тігу
C) Көк қапшық
D) Қолы ашық
4. Үнді дауыссыз дыбыстар қатысқан сөзді тап. *

A) Әлдилету
B) Әйел
C) Әлдебір
D) Әмірші
5. Бірыңғай ұяң дауыссыз қатысқан сөзді тап. *

A) Сыпайы
B) Жылан
C) Даугер
D) Жоба
6. Сөздің тура мағынасын тап. *

A) Сүт таңертең ұйып қалды.
B) Айрандай ұйыған отбасы.
C) Әңгіме ұйып тыңдалды.
D) Олар сүттей ұйып отыр.
7. Ауыспалы мағынада қолданылған сөзді көрсет. Ниетің қисық болса, ағайынға өкпелеме. *

A) Ниетің
B) қисық
C) болса
D) ағайынға
8. Тура мағыналы сөзді тап. *

А) Құлақ салды.
B) Құлақ етін жеді.
C) Ба з – қоғамның құлағы, тілі.
D) Құлағым ауырып жүр.
9. Көп мағынаға ие болатын сөзді тап. Өзі бір жүзіктің көзінен өткендей пысық жігіт екен. *

А) Жүзіктің.
B) Көзінен.
C) Өткендей.
D) Пысық.
10. Омоним болатын қатарды көрсет. *

А) Жігер, күш.
B) Сыр, шық.
C) Терезе, есік.
D) Оқтау, тұтқа.
11. Құрамында «еріншек» сөзінің синонимі бар мақал-мәтелді тап. *

А) Екі жалқау — елге сыймас.
B) Жақсы ұл – елдің туы.
C) Айна - айна емес, халық- айна.
D) Көпке күл шашпа.
12. Антонимдері бар қатарды белгіле *

А) Ар жазасы бар жазадан ауыр.
B) Малсыз болсаң да, арсыз болма.
C) Шеберден - олжа, шешеннен - сауға.
D) Ағайын бір өліде, бір тіріде.
13. Өсімдіктер дүниесі-нағыз тіршілік атауларының тірегі. Ол өлі табиғат пен тірі табиғат аралығындағы дәнекер, яғни органикалық емес заттарды адам мен хайуанаттар қабылдай алатындай етіп, бойына түрлі микроэлементтерді, витаминдерді және басқа тіршілік негізіне қажетті заттарды жинақтайды. Өсімдіктің міндеті мұнымен ғана шектеліп қоймайды. Олар топырақ құнарлығын арттырып, оны тыңайтқыштармен байытады, әрі ең бастысы адамның күнделікті өміріне қажетті заттармен қамтамасыз етіп отырады. Айталық, дастарханда қойылатын нан мен киетін киімге дейін осы өсімдіктің дүниесінен алынады.
13.Мәтіннің тақырыбын тап. *

А. Өсімдіктердің көбеюі
В. Өсімдіктер дүниесінің маңызы
С. Топырақ таңдайтын өсімдіктер
D. Адам өзінің де, табиғаттың да досы
14. (1) Өсімдіктер дүниесі-нағыз тіршілік атауларының тірегі. Ол өлі табиғат пен тірі табиғат аралығындағы дәнекер, яғни органикалық емес заттарды адам мен хайуанаттар қабылдай алатындай етіп, бойына түрлі микроэлементтерді, витаминдерді және басқа тіршілік негізіне қажетті заттарды жинақтайды. (2) Өсімдіктің міндеті мұнымен ғана шектеліп қоймайды. Олар топырақ құнарлығын арттырып, оны тыңайтқыштармен байытады, әрі ең бастысы адамның күнделікті өміріне қажетті заттармен қамтамасыз етіп отырады. Айталық, дастарханда қойылатын нан мен киетін киімге дейін осы өсімдіктің дүниесінен алынады.
14.Мәтіннің екінші абзацындағы негізгі ойды анықта *

А. Өңірлерде өсетін өсімдіктер
В. Өсімдіктердің жойылып кетуі
С. Өсімдіктердің зияны
D. Өсімдіктердің міндеті
15.Мәтіндегі «тірегі» сөзіндегі ықпал түрін тап. *

А. Кейінді ықпал
В. Дұрыс жауабы жоқ
С.Тоғыспалы ықпал
D. Ілгерінді ықпал
16. Ол өлі табиғат пен тірі табиғат аралығындағы дәнекер, яғни органикалық емес заттарды адам мен хайуанаттар қабылдай алатындай етіп, бойына түрлі микроэлементтерді, витаминдерді және басқа тіршілік негізіне қажетті заттарды жинақтайды.
16. Мына сөйлемнің ішінен антоним сөздерді тап. *

А. Өлі-тірі
В. Табиғат-адам
С. Тіршілік-витаминдер
D. микроэлемент- витаминдер
17. Ақбөкен – шөлге төзімді әрі жүйрік, ақылды жануар. Оны киік деп те атайды. Киіктер сағатына 60-70 шақырым жылдамдықпен ұзақ жүгіреді. Киіктер үйір-үйір болып топтасып тіршілік етеді. Қорегі - изен, қына, бидайық және тағы басқа өсімдіктер. Күз айларында жусанмен қоректенеді. Себебі оның құрамында іштегі зиянды құрттарды жоятын заттар бар. Міне, киіктердің өзін-өзі емдеуі – табиғаттың оларға берген тамаша қасиеті.
17. Төмендегі мәтіннің стилін анықта *

А. Көркем әдебиет стилі
В. Публицистикалық стилі
С. Ресми іс- қағаздар стилі
D.Ғылыми стиль
18. «Ақбөкен » сөзінде қанша қатаң дауыссыз дыбыс бар? *

А. 3
В. 1
С.4
D. 2
19. Сөйлемнен «шыдамды» сөзінің синонимін тап. Ақбөкен – шөлге төзімді әрі жүйрік, ақылды жануар. *

А. төзімді
В. ақылды
С.жүйрік
D.жануар
20.Киіктер сағатына қанша шақырым жылдамдықпен ұзақ жүгіреді. *

А. 30-40
В.60-70
С.50-60
D.40-50

👇
Открыть все ответы
Ответ:
iruha07082001
iruha07082001
10.11.2020

Жазылым;

Толағай" - халық аңызы. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы тау атауына байланысты аңызда бұрынғы өткен заманда, үлкен өзен бойында Саржан деген аңшы өмір сүргендігі, жылдар жылжып, күндер өткенде оның әйелі Айсұлу өмірге ұл әкелгендігі, қуанған әкешеше дүбірлетіп той өткізіп, балаға Толағай деген ат қойғандығы айтылады. Ертегі желісіндегідей сюжеттер бой көрсетіп, Толағай ай санап емес, күн санап өседі. Төрт жасында нағыз батырға айналып, жетіге келгенде белдесуге шақ адам табылмайды. Әкесімен бірге аңға шығып, атақты аңшыға айналады. Бірде олардың мекеніне жұт келеді. Жауын жаумай, қуаңшылық болады. Шөлден мал қырылып, адам өледі. Күннің ыстығынан киіз үй- ді паналап, анасымен әңгімелесіп, Толағай одан жаңбырлы жерді сұрайды. Анасы қиыр шетте өткен жастығын еске алып, ешқашан құрғақшылықты білмейтін, шөбі шүйгін мекеннің бар екенін айтады, таулары аспан тіреген жер жаннаты Тарбағатай жайлы ұзақ әңгімелейді. Ол көп жүріп шыңдарын қар басқан асқар тауларды тауып алады, оған биік тоғайлы, құстары сайрап, төбесін бұлт жапқан бір ғана тау ұнайды. Ол осы тауды құшағына алып, қатты ырғайды да арқасына салып, кері еліне қарай қайтады. Ол шаршамай ұзақ жүреді. Халық жылжып келе жатқан үлкен тауды көреді. Оны көтеріп келе жатқан Толағай екенін біледі. Найзағай ойнап, күн күркіреп, жауын селде- теді. Халық "Толағай" деп ұрандап, қуанышпен қарсы алады. Қуарған шөп көтеріліп, жан-жануар мөңіреп- азынап шулайды. Шаршаған батыр тау астынан шыға алмай "Апа!" деген жалғыз ауыз сөзге ғана шамасы келеді де, мәңгіге тау астында қалады. Бақытты ана айғайлы жылауға басады, халық қайғы жамылып, тау да бұған шыдай алмай көзінен жас бұлақ болып ағады. Содан бері бұл тау "Толағай" деп аталады.

4,6(85 оценок)
Ответ:
GevorgStepanyan
GevorgStepanyan
10.11.2020

Компьютердің пайдасы мен зияны.

Компьютер пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды.

Ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз елестету қиын. Дегенмен, бұл құрылғының пайдасымен қатар зияны де аз емес. Алдымен пайдалы жақтарын атап өтейік:

- Кез келген құжатты басып, шығару мүмкіндігі.

- Ғаламтордан қалаған ақпаратты іздеп табу мүмкіндігі.

- Сонымен қатар ғаламтордың көмегімен әлеуметтік желіде жаңа достар/сырластар/сыныптастарды табу мүмкіндігі.

- Әлемнің түкпір түкпіріндегі ағайын - бауыр, достармен сөйлесу мүмкіндігі.

Дегенмен компьютердің пайдасы мен қатар, зиянды жақтары да аз емес.

Ең басты зияны - ол денсаулыққа тигізетін зияны. Компьютер алдында ұзақ отыру көз бен омыртқаға аса үлкен зақым келтіреді. Сондықтан да компьютерда көп жұмыс жасайтын адамдарға арнайы көзілдірік киіп, отырған кезде де арқаны тік ұстауға тырысу керек. Сонымен қатар уақтылы үзіліс жасау керек.

Одан кейінгі келтіретін зиян - ол уақыттың қадірін білмей, компьютерда отыратын уақытты тиімсіз пайдаланып, оның қалай өтіп кеткенін байқамай да қаламыз. Оның орнына пайдалы іспен айналыссақ болар еді. Мысалға, кітап оқысақ, нұр үстіне нұр болар еді. Мұны "тәуелділік" деп айтсақ та болады.

Сонымен қатар ғаламтордағы көптеген жағымсыз ақпарат адам психикасына да жағымсыз әсірін тигізеді.

Осындай келеңсіздіктер орын алмауы үшін, компьютерді тек керек кезінде немесе күніне 1 - 1,5 сағаттан аспайтын уақыт қолдану керек деп ойлаймын. Мен өзім осы ережені сақтап, қалған бос уақытымда анама көмектесемін.

Менің ойымша қаншама уақытты компьютерлік ойын ойнаумен өткізгеннен гөрі, сол уақытты спорттық ойындарға арнасақ, денсаулығымызға пайдасы зор болмақ.

Дегенмен де, менің ойымша компьютердің зиянынан пайдасы көбірек деп есептеймін. Бірақ мен өз денсаулығыма алаңдаймын, сондықтан компьютерді тек қажет уақытында пайдалану туралы дұрыс шешім қабылдадым деп ойлаймын.

4,7(54 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ