Сондай-ақ, Наурыз көжені халық арасында "тілеу көже", "көп көже" деп те атай береді. Наурыз көжеге, наурызға арналып сойылған малдың кәделі асына Наурыз бата берілген соң, жиналғандар "ақ мол болсын" деп тілек айтып таралады.
Халқымыз сонау заманнан бері мал шаруашылығымен айналысқандықтан болар наурыз көженің құрамына міндетті түрде төрт түлік малдың еті қосылады. Мұнымен қоса, су, дәнді дақылдар, май, айран, сүт, тұз, кей кезде құрт, жылқының сүрленген қазысы, қартасы қосылады.
Сонымен қатар, Еnergyprom.kz сарапшыларының мәліметтеріне сүйінетін болсақ, биыл көктемде жарма бағасының 1-4 пайызға, айран 6 пайызға, ет 8-10 пайызға арзандағанын айтып өту керек.
Айта кетейік, Қазақстанның өңірлеріндегі наурыз көженің құрамы ерекшеленеді.
Мысалы, Солтүстік Қазақстанда наурыз көжеге қақталған ет, су, күріш, тұз, ұн, қарта, май қосса, Орталық Қазақстанда тұратындар наурыз көжеге шұжық, қазы, су, арпа жармасы, май, айран, мейіз, тұз қосады екен. Ал Шығыс Қазақстан өңірінің тұрғындары Ұлыстың ұлы күні көжеге қақталған ет, су, арпа жармасы, күріш, тары, құрт, тұз қосады. Батыс Қазақстан облысының тұрғындары да наурыз көженің құрамымен ерекшеленді – олар көжеге қақталған ет, су, тұз, сәбіз, арпа жармасы, мейіз, сүт немесе айран қосады екен.
Объяснение:
Ұнағанын ал
Ғалымдар арасында климаттың өзгеру барысы туралы ортақ пікірлер жоқтығына қарамастан, сарапшылардың жалпы пікірі климаттық өзгерістің салдары жағымсыз болуы мүмкін дегенге келіп саяды. Мысалы, 1980 жылдан 2011 жылға дейін Еуроодақ елдерінің экономикасына тигізген тасқынның жалпы шығынын саралаған сарапшылар келген зиянды 90 миллиард еуроға тең деп бағамдады.
Осыған байланысты әлемдік ғылымда зерттеудің басым бағытын қоршаған орта климатына бейімдеуге назар аудару болып отыр. Ең бастысы, бұл басқа салаларға қарағанда, табиғи-климаттық жағдайларға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуші ауыл шаруашылығына тікелей байланысты.
Климаттық өзгеру
Халықаралық зерттеулер көрсеткіші бойынша, әлемнің кейбір аймақтары, сонымен қоса Орталық Азия, басқаларға қарағанда, климаттық өзгерістерге ұшырауы әбден ықтимал. Оның ішінде, Қазақстанның климатына әсер етіп, онсыз да толыққанды қолдауды қажет етіп отырған ауыл шаруашылығын күнкөріске айналдырған аймақтарға үлкен зиян келтіруі әбден мүмкін. Бұл аймақтардағы өнімнің босқа ысырап болуының 70 пайызы тікелей ауа райымен байланысты Ал, кейбір аймақтарда жағымсыз ауа райы салдарынан алынған өнімнің 50-70%-ға дейіні қолдануға жарамсыз болып қалып отыр.