Дос деп ойлап құшқаным, Болып шықты-ау дұшпаным (Өтебайбойлақ Тілеуқабылұлы баба)
Жылуы болмаса түбіт қасиетсіз, Жігері болмаса жігіт қасиетсіз. Иманы кеткеннің жиғаны кетеді. Саналы адам сағыңды сындырмас, Санасыз адам жағыңды тындырмас. Жаңа досың жаныңда болса, ескі досың есіңде болсын. Ол әрқашанда сенімді. (Шерхан Муртаза *Қызыл жебеден*)
Қасқыр еркіндікті жақсы көретін аң. Оны қолға үйрету қиынның қиыны. Қасқыр қақтығыстан қайтпайды. Не жеңеді, не өледі. Әйтеуір аяғына дейін жеткізеді. Ол тек қана балғын, жаңа етпен қоректенеді. Өлексені татып алмайды. Сонымен қатар, ол өзінің маңдай терімен ұстаған олжасын ғана жейді.
Қасқырлардың тағы бір ерекшелігі ұрғашы қасқыр мен еркек қасқыр жұптарын жазбай өмір сүреді. Бір-бірін ешқашан алмастырмайды. Оларды тек қана өлім ғана ажырата алады. Бала тәрбиесіне екі жақ та атсалысады. Бір-біріне деген адалдығын қасқырлардың басты ерекшелігі ретінде атауға болады. Ұрғашы қасқыр ұйықтап жатқанда, еркек қасқыр күзетіп тұрады.
Қасқырлардың өзара қатынасы өте қатаң реттеліп отырады. Егер де араларында бір жұп әлсіз болатын болса, онда ол жұп бала туу санын шектейді. Бұл генетикалық құрамды жақсарту мақсатында жасалатыны айтпаса да түсінікті.
Болып шықты-ау дұшпаным (Өтебайбойлақ Тілеуқабылұлы баба)
Жылуы болмаса түбіт қасиетсіз,
Жігері болмаса жігіт қасиетсіз.
Иманы кеткеннің жиғаны кетеді.
Саналы адам сағыңды сындырмас,
Санасыз адам жағыңды тындырмас.
Жаңа досың жаныңда болса, ескі досың есіңде болсын. Ол әрқашанда сенімді. (Шерхан Муртаза *Қызыл жебеден*)
Бақыттың кілті достықта, достықтың кілті халықта (Абай Құнанбайұлы)
Ақылы көпті дау алмайды
Досы көпті жау алмайды (Яссауи)
Жаман дос көлеңке,
Басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың,
Басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың.(Абай Құнанбайұлы)
Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас,
Қайғысыздан сақ бол,
Қайғылыға жақ бол. (Абай Құнанбайұлы)
Құйрығы шаян, басы адам,
Байқамай сенбе құрбыға.
Жылмыңы сыртта іші арам,
Кез келер қайда сорлыға (Әйтеке би)