Мәтінді оқы. Мәтін бойынша деректерді сәйкестендір. Хобби Хобби дегеніміз - әрбір адамның өзі сүйіп істейтін әрі қолынан келетін ісі. Біреулер сурет салғанды, біреулер ән айтқанды, ал енді біреулер коллекция жинағанды ұнатады. Жер бетінде қанша адам болса, барлығының да бос уақытында айналысатын, өмірлік мәні бар сүйікті ісі болады. Қазақ қаламгерлерінің көпшілігінің өз сүйікті істері болған. Мәселен, балалар ақыны Мұзафар Әлімбаевтың хоббиі сөзжұмбақ және сканворд құрау және шешу, әлем халықтарының мақал- мәтелдерін жинау және оларды қазақ тіліне аудару; жауынгер-жазушы Әзілхан Нұршайықовтың хоббиі – сурет, жақсы кітаптар жинау; Қадыр Мырза Әлінің хоббиі – кітап, қалам, бәкі, төсбелгі жинау болса, жазушы-аудармашы Герольд Бельгер шахмат ойнауды жақсы көрген, классик жазушы Ғабит Мүсірепов неше алуан таяқ жинаған. Қазақтың біртуар ұлы Дінмұхамед Қонаев оттықтан (зажигалка) топтама жинаса, Н.Ә.Назарбаевтың хоббиі – табиғат аясында болу, спортпен шұғылдану, музыка тыңдау және кітап оқу екен. Сол секілді өнер адамдарының да хоббилері сан алуан, бірі құс өсірумен айналысса, екіншілері аңшылықпен, үшіншілері жылқы ұстаумен, төртіншілері қолөнер кәсібімен, гүл өсірумен т.б. істермен айналысқанды ұнатады.
кто пожет по соч, если ИншаАллах тебе вернётся добро.
Менің қызықты жазғы демалысым. Мен жазғы демалысты әрдайым асыға күтемін. Жыл мезгілінің ішіндегі ең жақсы көретін мезгілім жаз. Жазда қабаттап киіну қажет емес. Суға түсесің бе, балық аулайсың ба, доп тебесің бе, достарыңмен серуендейсің бе бәріне мүмкіндік бар. Адамдардың көпшілігі демалысты басқа, үлкен қалаларда, шет елдерде, демалыс орындарында өткізгенді ұнатса, мен керісінше жазда үлкен қаланың асығыс өмірінен, жайбарақат, таза ауада, ауылда демалғанды жақсы көремін. Биылда жазғы демалысым жайлауда өте тамаша өтті. Көк майса жасыл шөп, қызылды-жасылды сан алуан гүлдер. Таудан аққан бұлақ. Барлығы көңіліңе қуаныш толтырып, бойыңды сергітеді. Жазғы демалысым ерекше қызықты өтті.
Табиғат - адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағын шашатын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық. Ол – ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі, сондықтан халқымыз: «Табиғат - адамзаттың өмір нәрі, қажеттінің табылар содан бәрі» - деп бекер айтпаған. Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Табиғатпен таныстыру – балалардың танымын дамытудың басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында «Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені» екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі.
Жақында елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» даму бағдарламасында көрсетілгендей салауатты өмір салтын сақтау мақсатында, ҚАУ жанындағы мектеп оқушылары мен ұстаздар қауымы мектеп директоры Қадырова Қаламқас Қылышқызының басшылығымен, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, Фабричный елді мекеніне жақын жерге орналасқан демалыс орнында саяхат сабақ ретінде «Денсаулық күнін» өткізді. «Тәні саудың – жаны сау», «Шынықсаң, шымыр боласың» деп айтылғандай, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Веселая Лариса Анатольевнаның жетекшілігімен оқушылар арасында әртүрлі спорттық шаралар ұйымдастырылып, эстафеталық сайыс ойындары ойналды. Бұдан мектеп оқушылары таза ауада демалып, табиғат әсемдігінен талғамдық ләззат алды. Сөзімнің соңында, мектеп ұстаздарына оқушылар атынан алғысымды білдіре отырып, осындай іс-шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса деген тілек айтқым келеды.
МҰЗАФАР ƏЛІМБАЕВ-СӨЗЖҰМБАҚ ЖƏНЕ СКАНВОРД ҚҰРАУ ЖƏНЕ ШЕШУ
ƏЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ- СУРЕТ ЖАҚСЫ КІТАПТАР ЖИНАУ
ҚАДЫР-МЫРЗА ƏЛІ- КІТАП ҚАЛАМ БƏКІ ТӨСБЕЛІГІ
ГЕРОЛЬД БЕЛЬГЕР- ШАХМАТ ОЙНАУДЫ ЖАҚСЫ КӨРГЕН
ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ- НЕШЕ АЛУАН ТАЯК ЖИНАГАН
ДІНМҰХАМЕД ҚОНАЕВ- ОТТЫҚТАН ТОПЬАМА ЖИНАУ
Н.Ə.ГАЗАРБАЕВ- ТАБИҒАТ АЯСЫНДА БОЛУ
Объяснение:
ВОТ