Объяснение:
Ертөстік қашып келеді. Кемпір қуып келеді. Бір мезгілде
тау қаңбақтай ұшады, тас бұршақтай жауады. Шалқұйрықтың
құйрығына қазандай қаратас орала кетеді. Шалқұйрықтың шапқан
салмағына шыдамай, қара жер қақ айырылады. Шалқұйрық пен
Ер Төстік жер астына түсіп кетеді.
Сол кезде Шалқұйрыққа тіл бітеді:
- Біз енді жер астына түстік, бізге бұдан былай жер астының
елі жолығады.Біраз жүрген соң жылан Бапы ханның ордасына келгенімізде, мені алысқа қалдырып, өзің ордаға кіресің. Ордаға кіргеніңде, есіңде болсын: екі босағадан, екі қара шұбар жылан ысылдап тұра келеді, олардан сескенуші болма, олар - жылан Бапы ханның есігін күзеткен құлдары.
Жомарт Атымтай — Шығыстың көптеген халықтары фольклорында кездесетін кейіпкер, өзінің қайырымдылығы мен жомарттығына сай аты жайылған, халық жадында құрметпен әспеттелетін адам.
6 ғ-да өмір сүрген деген жорамал бар. Түп-төркіні Тай тайпасының ақыны Хатим ибн Абдаллахқа (Хатим-Тай) саяды. Атымтай Жомарт туралы шығармалар ерте кезден белгілі. Олар сюжеттік, жанрлық сипатына қарай үш топқа бөлінеді:
1-топтағы шығармалар хикаяттық сипатта баяндалады. Онда Атымтай Жомарттың өмірі әңгімеленеді, оның жомарт болу себептері баяндалады.
2-топтағы шығармалар — таза қиял-ғажайып ертегілері. Олардың сюжеті бір-бірімен үндес. Мұнда Атымтай Жомарт — асқан бай, таусылмас қазынаның иесі. Оның жомарт болуы осыдан.
3-топтағы шығармалар — тұрмыс-салт ертегілері. Бұларда Атымтай Жомарт — келген қонаққа берер асы жоқ, тақыр кедей. Сонда да жомарт болып бейнеленеді. Адамға деген қайырымдылық, сүйіспеншілік — оның ең басты қасиеті екені ашыла түседі. Атымтай Жомарт туралы аңыз-ертегілер негізінен “Мың бір түннен” бастау алады. Қазақ тіліне аударылып, бірнеше мәрте басылған “Мың бір түн” оқиғалары қазақ оқырмандары арасына кеңінен тараған.