Кітапхана туралы диалог.
- Дана халқымыз «Кітап - алтын қазына» десе, ал кітапхананы өз басым іші қазынаға толы алтын сандыққа теңер едім.
- Ия, Маржан дұрыс айтасың. Сенімен толықтай келісемін. Бізді білім нәрімен сусындататын ғалым, тілсіз мұғалім – осы кітап. Тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор.
- Әрине, қазіргі заман ағымына қарай, техниканың дамығанына орай кітап оқу мен мектеп кітапханасына жазылу қалып барады. Сенің ойыңша, осы мәселені қалай шешуге болады?
- Менің ойымша осы мәселені барынша қолға алып, мектеп кітапханасының қорын кеңейтіп, қазіргі жастарға қызықты жазылған кітаптармен толықтырса, сонымен қатар түрлі әдеби кештер мен іс – шаралар ұйымдастырылып, жастарды кітап оқуға үгіттеу жұмыстары жүргізілсе, бұл мәселе оң шешімін табады деп ойлаймын.
- Ия, осы орайда мектебімізде де түрлі ауқымды іс – шаралар өткізілуде. Мәселен, келер аптада ұлы Абай атамыздың қара сөздері мен өлеңдерін жатқа оқудан әдеби кеш өткізілмек.
- Онда бұл шараға белсенді қатысу керек екен. Мен Абай шығармаланып сүйсініп оқып, көбісін жатқа да білемін.
- Әрине, қатысып көр. Оның үстіне жүлделі орын иелері қалалық байқауға жолдама алады.
- Ендеше бағымды сынап көрейін!
1. Жанар – біріншіден, кластағы ең ақылды қыз.
Кластағы ең ақылды қыз кім?
Жанар кластағы ең ақылды қыз ба?
Жана қандай қыз?
2. Барып тұрған өнерлі қыз.
Ол қандай қыз?
Жанар өнерлі қыз ба?
Өнерлі қыз кім?
3. Кластағы бірінші үздік оқушы.
Кластағы бірінші үздік оқушы кім?
Кластағы бірінші үздік оқушы ма?
Қай жердегі бірінші үздік оқушы?
4. Әкесі - Балабек бригадир болып істейді.
Әкесі кім болып жұмыс істейді?
Әкесі Балабек бригадир болып істей ме?
Әкесінің есімі кім?
5. Мен түнделетіп жайлауға кетем.
Кім түнделетіп жайлауға кетеді?
Мен түнделетіп жайлауға кетем бе?
Мен түнделетіп қайда кетемін?
Қайырлы күн құрметті «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының жұмысшылар ұжымы.
Мен сіздерді 60 жылдық төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер мына 60 жылда көп жұмыстарды орындадыңыздар. Сіздер Қазақстан Республикасынның телекоммуникация саласын дамытуына үлкен үлес қостыңыздар. Және 1958 жылдан «Qazaqstan» телеарнасы тек Қазақстанда емес, Қытай, Өзбекстан, Моңғолия, Ресей, Қырғызстан елдерінде жұмыс істей бастады. Және мен сіздерге тек жақсылықты тілеймін. Телеарналарыңыздың ғұмыры ұзағынан болсын, бағдарламаларыңыз көп және қызықты болсын. Қызыметшілеріңізге табыс пен шығармашылық шабытты тілеймін. Халыққа айтатын тек жақсы хабарларыңыз болсын.