М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
AlecL
AlecL
15.02.2020 15:45 •  Қазақ тiлi

Оқылым Жастардың отбасылық ұғымына бұқаралық ақпарат құралдарының жағымды жақтарымен бірге жағымсыз, кері әсері де қоғамда алаңдаушылық туғызуда. Теледидар, радио, кинотеатр және интернет сияқты БАҚ әлеуметтік жүйелерді қалыптастыру және күшейтуде зор ықпалға ие екендігі даусыз. Алайда бұқаралық ақпарат құралдарының жеке өмірге де тигізетін әсерін жоққа шығаруға болмайды. Қатігез бағдарламалар, ойындар мен кинолар, жарнамалар адамның рухы мен жанына кері әсер етеді. Бұлардың бәрі қоғамдағы адамдардың тұрмыс тәсілінің өзгеруіне әкеп соғады. Әрине, дәл осындай ақпараттар адамның адами құндылықтарының жойылуына себепші болады.

Отбасы ең маңызды әлеуметтік мүше ретінде БАҚ ықпалынан көп зардап шегеді. Теледидар жастардың отбасын құру туралы пайымына, отбасында қарым-қатынас құруына, жас ұрпақты тәрбиелеу сапасына әсер етеді. Бала санының азаюы, әйелдердің қоғамдағы рөлінің өзгеруі және тағы басқа әлеуметтік факторлар отбасы құрылымын өзгерткен. Түрлі телебағдарламалар, әлеуметтік желілер мінез-құлық үлгілерін, кино, телехикая және жарнама түрінде ұсынады. Осы үлгілер бала кезден адамның ішкі жан дүниесінен орын алып, ерлі-зайыптылар мен перзенттерінің қарым-қатынасында белгілі бір бейне қалыптастырады. Мәселен, осы қалыптар әйелдердің еркекке ұқсауы, ер адамның әйелге үстемдігі түрінде, ерлі-зайыптылар арасындағы ұрыс-керістер, ата-ана мен бала арасындағы жағымсыз байланыс түрінде көрініс табады.

Ерекше тоқталып өтетін тағы бір ортақ мәселе бар. Ол – жастардың ғаламторға тәуелділігі, ойынқұмарлығы. Бұл адамның әлеуметтік өмірден, мәдениеттен алшақтауына әкеп соғады. Ондай адам үшін компьютер ойындарынан басқа қасиетті ештеңе қалмайды. Ойынға тәуелді болудың да себептері бар – жұмыссыздық, көңіл-күйдің болмауы, көңіл бөлінбеу және т.б. Қатігез ойын ішінде кейіпкер өзінің барлық ой-тәсілін іске асыра алады, адамдарды жазалау немесе проблемадан қашу және т.с.с. Бұндай іс-әрекеттерден бойымызды аулақ ұстау үшін жақындарымызға көбірек көңіл бөліп, баланың қандай іспен айналысып жүргенін қадағалау керек. Балаларымызды барлық нәрседен шектей алмаймыз, дегенмен қадағалап, дер кезінде көмек беруге болады.

Мәтіннің мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Мәтіннің стилін анықтаңыз?

2. Мәтіннің жанрын анықтаңыз?

3. Мәтінде қандай мәселе көтеріледі?

2-тапсырма. Сіздің ойыңызша, қылмыстың соңы жақсылықпен аяқталады ма? Ойыңызды «ПТМС формуласы» бойынша білдіріңіз.

Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, ...»

Екінші сөйлем: «Оның себебін былай түсіндіремін: … »

Үшінші сөйлем: «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын: …»

Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім: ...». 3

3. Перифраздалған сөйлемдердің мәтін мазмұнымен сәйкестігін анықтап, «+»/«–» белгісін қойыңыз.

Ақпараттар

«+»/«–»

БАҚ-тағы түрлі ақпарат түрлері адамның жан-дүниесіне теріс ықпал етеді.

Адами құндылықтарының жойылуына қатігез бағдарламалар, ойындар мен кинолар себепші емес.

Ойынға тәуелді адам ойын кезінде басқа әлемге еніп, өмірде жүзеге асырмаған ойларын орындағандай әсерде болады.

Түрлі телебағдарлама, телехикая және жарнамалар отбасы қарым-қатынасының қалыптасуына әсер етеді.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Nastya152018
Nastya152018
15.02.2020
Әдеби жанрлар (фр. genre - түр, тек, жанр) – ауызша және жазбаша шығармалардың көркем даму процесінде қалыптасады. Шығарма жанры дәстүрлі түрде мынадай негізгі белгісі бойынша анықталады - бір жанрдағы шығармаларды біріктіретін және айтарлықтай тұрақты, әрі тарихи қайталанатын сипаттағы мазмұнына, құрылысы мен түріне қарай.

Көркем шығарманы кеңінен танып білу жанрлар сериясын тудырады. Атап айтар болсақ, тарихи, отбасылық-тұрмыстық, детективтік, ғылыми-фантастикалық және т.б. келтіруге болады. Мұның барлығы көркем шығарманы кеңінен таңып білудің жемісі. Шығарманың танымдық мазмұны көбінесе романның, повестің және әңгіменің немесе пьеса мен көріністің, өлеңнің жеке немесе топтық портреттің жанрлық ерекшеліктерін айқындайды. Суреткердің идеялық-психологиялық бағалау ұстанымы апологиялық және сырттай объективті, ирониялық болуы мүмкін болғандықтан, бірқатар жанр түрлері туындайды. Оларға тоқталар болсақ, әдебиеттегі ода – баллада – эпиграмма – памфлет осының нәтижесі. Сонымен қатар, олардың әрқайсысында өнердің басқа түрлеріне қарағанда жанрлық мүшелену қатынасында өзгешелік бар, яғни өнердің түрі (мысалы, фольклорлық поэзия және әдебиет, поэзия және проза) мен тегіне (мысалы, әдебиеттегі эпос, лирика, драма) қарай бөлінісінде. Көркем шығарма дифференциясындағы олардың қарым-қатынасын зерделеу тұйыққа тірелуде. Өйткені, «Жанр», «Түр», «Тек», «Әр түрлілік» терминдері осыған байланысты нақты анықтамасын тапқан жоқ. Осының салдарынан, оларды қолданыста бірінің орнына бірін пайдалану жалғасуда.
4,7(14 оценок)
Ответ:
Dan20147
Dan20147
15.02.2020
  Қысқы каникуль әр жыл сайын менің асыға күтетін күндерім.  Жаңа Жылды өзінің мәресімен тойлағанна кейін, бір далаға шығып,достарыммен мұз айдыннында ойнағанға не жетсін?!  Ойынымды қандырған соң  анама  колғабыс жасаймың. Содан соң сүйікті кітабымды алып оқып шығамың.  3 тоқсанға дайындығымды бастаймың. 2 тоқсанда жіберген қателерімді осы тоқсанда жібермеугуе тырыссамын. Әсіресе математика сынды сабақтарға уақытымды көп бөлемін. Жәнеде өзімнін сүйікті пәнім қазақ тілді оқып шығамың. Қысқы каникулда осылайша әр минутымды қалт жібермей өткіземің.
4,8(38 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ