М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
whiteandblackca
whiteandblackca
01.06.2023 00:29 •  Қазақ тiлi

Бiр құшақ отын ала кiрген Гүлжан пешке от жақты. Бөлмелердi жиыстырып, Нұрбектiң жанына келдi. Қолына су құйып, сүлгi ұсынды. Ол шүңiрейген көздерiн ашып-жұмып, қинала ыңқылдап жатыр. Бiр уақытта ерiндерiн жиыра түсiп:
— Жылы сүт бар ма?- дедi ыңырана.
— Бар... қазiр...- Әйелі үлкен тостағанды толтыра сүт әкелiп бердi.- Түннен қалған еттi де ысыттым...
— Гүлжан,- деді дауысы дірілдеп,- төсекке таңылып жатқаныма үш жылға айналып барады. “Жаман айтпай, жақсы жоқ”. Бұл дерттен құлан таза айығып, қатарға қосылуым екiталай шығар. Осы бiр аяқ астынан жабысқан ауруы болмаса, саған табыстырған тағдырға өкпем жоқ... Артымда қалып бара жатқан Анарым мен Жанарымды қатарларынан кем қылмай өсiргейсiң. Қос қарашығ-ғымм-ды адам сан-на-атына қо-су өз-iңе аман-на-ат...- Нұрбек қатты демiгiп, сөзiн аяқтай алмады. Гүлжан iштей егiлiп тұрса да, ерiне сездiргiсi келмедi. Үн-түнсiз бұрылып кеттi.
“Қаншайым әжей дұрыс айтады,- дедi iштей.- Бұл совхозға Нұрбектiң де еңбегi сiңдi ғой. Директор да а ғой. Жағдайымды айтсам, түсiнер”.- Осы ойдың қамшылауымен кеңсеге қарай жүрдi.
Директор үстелiнiң үстiнде шашылып жатқан қағаздарды ақтарыстырып отыр екен. Қабағы қатулы, өңi суық.
— Сәлеметсiз бе?- деп кiрiп келген Гүлжанға көзiнiң астымен сүзе қарап:
— Жай келдiң бе?- дедi.
— Аға, жалғыз сиырға жем- шөп керек едi...
Қисайып кеткен галстугiн дұрыстаған директор кеудесiн кере шалқая түстi.
— Көмектесе алмаймыз. Биыл жауын жаумай, құрғақшылық болғанын өзiң де бiлесiң...
— Нұрбектің жайы өзiңiзге мәлiм... Лажсыздан келiп тұрмын.
— Не деген сөз ұқпайтын адамсың. Шөптi сендер түгiл совхоздың малына да жинай алмай жатырмыз.
Салғыласып тұра бергенмен, ештеңе өнбесiн сезген Гүлжан керi бұрылды. “Дәрiгерлер Нұрбекке ақты көбiрек iшсiн дейдi. Қасқа сиыр аштан өлсе сүттi қайдан алмақпыз,- дедi өзiне - өзi тысқа шыққан соң.- Жақын маңда екеумiздiң де емешесi үзiлер ағайынымыз жоқ... Құдай-ау, мұнша сорлататындай не жазып едiк”.
Ашу - ыза қысты. Жанарына жас тығылды. “Қой, бұл түрiмдi Нұрбек көрсе жасып, басқаша жорып қалар”.- Ол арқандап қойған бұзауына қарайлай кетейiн деген оймен ауыл iргесiндегi өзенге қарай беттедi. Айналадағы шөп сарғайып, қурай бастаған.
Ойы он сақта, өзен жағасымен iлби басып келе жатқан Гүлжан су бетiнде қалқып жүрген өлi шабақтарды көргенде әрi - сәрi күйге түстi. “Қайран, “Шаған” бiр кездерi көздiң жауын алатындай мөлдiреп, арнасына симай буырқанып жататын арынды өзен емес пе едiң!”
Кенет, қатты жел тұрды. Аспанды қара қошқыл бұлттар қаптап, жаңбыр себезгiлей бастады.
Ауылға тақай бергенде әлдененi шоқып жатқан үш құзғынды көзi шалды. Гүлжан жақындағанда олар дүркiрей көкке көтерiлiп, жерде жүнi жұлмаланып, iшек-қарны ақтарылған ақ көгершiн жатты.
Үстi - басы суға малшынған Гүлжан үйiне кiргенде күйеуi жамылғысын умаждай қысқан бойы бүк түсiп жатыр едi.
— Нүке!- дедi ол ақырын ғана.
Дыбыс жоқ.
— Нұрбек!- дедi дауысын көтере.
Үн жоқ...
“Түнi бойы ұйықтай алмап едi, көзi iлiнген ғой” десе де, екiұштылау оймен келiп, жүзiне үңiлгенде, өңi аппақ қудай болып, көздерi шарасынан шыға бақырайып жатқанын көрiп:
— Шыны.. мен... шыны... мен-ақ... тас...тап... кет...кенiң...бе?!- деп жансыз дененi құшақтай жығылды.
Зарлы дауыстан шошып оянған екi қыз қапелiмде не болғанын ұқпай үрпиiсiп отырды да, баж етiп бақырып қоя бердi. Ұясы бұзылған балапандардай шырқыраған сәбилердiң ащы айғайынан алакөлеңке бөлме iшi күңiренiп кеттi.

2-тапсырма. Әңгімеге сатылай кешенді талдау.

Шығарманың аты –

Авторы-

Жанр түрі –

Тақырыбы-

идеясы –

Оқиға орын алған жер-

Кейіпкерлері-

Тәрбиелік мәні-

👇
Ответ:
alinaisaeva839
alinaisaeva839
01.06.2023

Объяснение:

Шығарма аты: Соңғы дем

Авторы: Думан Рамазан

Жанр түрі: трагедия, монолог

Тақырыбы: Нұрбектің ауруы

Идеясы: Гүлжанның жақсыға деген сенімі(но это не точно)

Оқиға орын алған жер: совхоз

Кейіпкерлері: Гүлжан, Нұрбек, Анар, Жанар, директор

Тәрбиелік мәні: не жағдай болмасын жақын адамынды қалдырмай, күті керек. Қалған адамдарға мейірімді болу керек

4,8(74 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
VeronaKotik
VeronaKotik
01.06.2023

Робот (чех. robot, robota — еріксіз еңбек, rob — құл; чех жазушысы К. Чапек ойлап шығарған сөз, ол алғашқы ұғымында “жұмысқа шебер адам” мағынасында қолданылды) — антро қ (адам тәрізді) әрекеттер, қимылдар жасайтын машина; адам жүрісі мен қимылын еліктететін автоматтандырылған, адам қажетіне еңбек етуге бағытталған, күрделі кұрылғы.[1]

Объяснение:

Робототехника роботтардан басқа автоматтандырылған техникалық жүйелер мен өндірістік үдерістердің ең жаңа техникалық жиынтықталуын әзірлеу мен қолдану жолдарын зерттейтін ғылым.

Автоматтандырылған машиналар, басқа сөзбен айтқанда роботтар, адамдардың орнына қауіпті жерлерде, немесе зауыттағы құрастыру үдерістерінде жұмыс істей алады. Роботтар сыртқы келбеті бойынша, жүріс-тырысы мен танымы бойынша адамдарға өте ұқсас болуы әбден мүмкін. Қазіргі таңда ғалымдар гуманоид роботтарды барынша адамдарға ұқсас қылуға тырысып жатыр.

Автономды түрде жұмыс істейтін роботтар туралы мәлімет көне кезден бастап ойлана бастаған, алайда сол тақырыптағы зерттеулер XX ғасырға дейін басталмаған. Ертегі кезеңнен бастап, роботтар бір күні адамдардың жүріс-тұрысына еліктейді және де адамдар сияқты адамдардың жұмыстарын істей алады деп болжалған. Қазіргі таңда робототехника тез дамып келе жатқан сала. Технология қалай тез дамыса, робототехника да солай тез дамиды, өйткені робототехника технологиямен тығыз байланыста. Технология дамыған сайын зерттеулер, әрлендер өзгеріп дамиды, соның арқасында роботтардың қолдану аймағы да ұлғаяды. Қазіргі таңда роботтар үйде, кәсіпорындар мен әскери салада қолданылады. Көптеген роботтар миналар мен бомбаларды залалсыздандыру сынды адамдарға тікелей зардап алып келетін жағдайларда қолданылады

4,5(38 оценок)
Ответ:
grusnikot
grusnikot
01.06.2023

Өмірде мамандықтың түрі көп. Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар. Дәрігер адамдарды емдесе, мұғалім оларды оқытады, әнші ән айтады, құрылысшы үй салса, тігінші киім тігеді. Тағы басқа да мамандықтар туралы айта беруге болады.

Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді екен.

Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатар, шәкірт жүрегіне гүл егер, бала жанының бағбаны аяулы ұстаздар емес пе? Иә, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақындар да, тегеуріне темір балқытқан жұмысшы да, егін еккен дихан да, мал бағып терін төккен шопан да бәрі-бәрі ұстаздан білім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл а құрметпен бас иеді.

Объяснение:

Міне эссе Лучший ответь берш

4,8(58 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ