Бірлік — қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымындағы маңызды этикалық ұғым. Бірлік адамдар арасындағы ынтымақтың, жарасымды татулықтың көрінісі, ел болудың белгісі. Ол белгілі бір топтың, ұжымның, халықтың, жалпы а ң мақсат, мұрат, мүдделері тоғысынан туындайды. Қазақ халқы бірліктің күнделікті тіршіліктегі орны мен маңызын “бірлік болмай тірлік болмас”, “бірлік түбі — береке”, “алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді” деп түйген. Бірлікті ыдыратып, ірітуші күш — күншілдік, іштарлық, араздықтық деп тауып, жұртшылықты мұндай жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ салуға шақырған. Бірлік елдіктің, ұлт болып ұйысып отырудың басты кепілі саналған.
Объяснение:
думаю правильно
"А ң достық сезімі адаммен бірге жаралады" деген тұжырыммен келісемін.
Тоқтала кетсек туа біткен достық дегеніміз өзінің ең бірінші көзін аша сала көрген адамы, ол адамға үйреніп (жатырқамай) кетуі. Кейін отбасына деген достығы, сенімі, қиын кезде отбасының қолдауы бұның бәрі баланың отбасына деген достық сезіміне жатады.
Ал өсе келе пайда болған досқа келсек, олар әр түрлі амал дос және адал дос деп бөлінеді. Адал досың барлық жағдайда қасыңнан табылады.