Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. «Алтынемел» — Алматы облысының Кербұлақ ауданында 1996 жылы ашылған ұлттық саябақ. Жер көлемі — 460 мың гектар. Қорық Іле өзенінің солтүстігінде орналасқан. Ол құрып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктерді қорғау, молайту мақсатында ұйымдастырылған. «Алтынемел» саябағы археологиялық ескерткішке бай. Онда көне суреттер таңбаланған тас, үлкен-үлкен үңгір көп. Биік-биік ағаштар, өзен-көл, бұлақ та мол.
«Алтынемел» ұлттық қорығында 1800-ге жуық өсімдік, 56-дай жануардың түрі, сазан және т. б. балықтар, құстар бар. Олардың көбі «Қазақстанның Қызыл кітабына» енгізілген. Қорықтар — табиғаттың құнды байлығы. Табиғатты қорғау — әр адамның парызы. Саябақта 17 қорықшы бекеті мен 3 туристік бағыт жұмыс істейді. Қорықтарға күзет қойылған.
1. Мәтіндегі тірек сөздерді анықтаңыз (3 тірек сөз)
[1]
2. «Алтынемел» саябағы қай жылы, қай жерде ашылған?
[1]
3. «Алтынемел» ұлттық қорығында қанша өсімдік, қанша жануардың түрі кездеседі?
[1]
4. «Алтынемел» саябағында нелер бар?
[1]
5. Берілген ақпараттан 2 дұрыс жауап анықтаңыз.
1) Реттік:
екінші, үшінші, төртінші, жетінші, оныншы, он бесінші, жиырмасыншы, жиырма бесінші, отыз жетінші, тоқсан алтыншы, қырық төртінші, жиырма жетінші, отыз сегізінші, алпыс алтыншы, жүзінші, елуінші, қырық тоғызыншы, елу екінші, тоқсан жетінші.
2) Топтау:
екіден, үштен, төрт-төрттен, жетіден, он-оннан, он бестен, жиырмадан, жиырма бестен, отыз жетіден, тоқсан алтыдан, қырық төрттен, жиырма жетіден, отыз сегізден, алпыс алтыдан, жүзден, елуден, қырық тоғыздан, елу екіден, тоқсан жетіден.
3) Болжалдық:
Бірнеше жолмен жасалады;
екі шақты, үштей, төрттей, жетіге таман, он шақты, он-он бес, жиырмадай, жиырма бестей, отыз жетідей, тоқсан алтыларда, қырық төрттей, жиырма жетідей, отыз сегіздей, алпыс алтыға таман, жүздеген, елудей, қырық тоғыздай, елу екіге жуық, тоқсан жетідей.