СДЕЛАТЬ ТЕСТ, хотя бы несколько вопросов! 1. Себеп салдар жалғаулықты табыңыз
A. менен
B. әйтпесе
C. өйткені
D. түгіл
E. тұрсын
2. Жалғаулық шылау қатысқан сөйлемді анықтаңыз
A. 22 наурыз күні біз демаламыз
B. Біресе мәтін оқимын, біресе теледидар қараймын.
C. Наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосады
D. Табиғат адамға бәрін береді
E. Табиғатты аялайық.
3. Қарсылықты жалғаулық шылауды табыңыз
A. Олар не бүгін келеді, не ертең келеді.
B. Ол кеше көп ойнаған, сондықтан бүгін демалды
C. Олар біресе ойнайды, біресе отырады
D. Бүгін ерте шықтық, бірақ сабақтан сонда да қалып қойдық.
E. Біз кешке сабақ оқимыз және теледидар көреміз.
4. «Бірақ, дегенмен» шылауларымен жасалатын сөйлемнің түрін анықтаңыз.
A. ыңғайлас салалас сөйлем
B. түсіндірмелі салалас
C. қарсылықты салалас
D. қазақтес салалас
E. себеп- салдар салалас
5. «Үшін, арқылы, туралы» шылаулары қай шылау тобына жататынын анықтаңыз.
A. қарсылықты
B. демеулік
C. септеулік
D. шартты
E. жалғаулық
6. Барыс септігінен кейін келген шылауды табыңыз. Қоңырауға дейін бақылау туралы ойладым.
A. дейін
B. қоңырауға
C. ойладым
D. туралы
E. бақылау
7. Септеулік шылауды табыңыз
A. «Жиренше, үйіңде ұлың бар ма?»-деді ол.
B. Үйден төрт жасар бала жүгіріп шықты
C. Біресе мәтін оқимын, біресе жазу жазамын.
D. «Үлкені де- осы, кішісі де –осы», -деді ол
E. Іле өзені Қапшағайдан кейін Балқашқа құяды.
8. «Дейін, шейін, кейін» шылауларының түрін ажыратыңыз.
A. демеулік шылаулар
B. қыстырма сөздер
C. септеулік шылаулар
D. одағай сөздер
E. жалғаулық шылаулар
9. Күшейткіш демеулікті анықтаңыз
A. –ақ, -ау, -ай, -шы
B. бірақ, сондықтан
C. түгіл, тұрсын
D. -мыс, -міс
E. ма, ме, ба, бе, па, пе, ше
10. Талғаулықты жалғаулықты анықтаңыз
A. бірақ, сондықтан
B. мен, пен, бен, және
C. әлде, немесе
D. қатар, бірге
E. кейін, басқа
11. Дұрыс қолданылған шылауды табыңыз.
A. Мектепке соң.
B. Тойға кейін.
C. Жұмыстан соң.
D. Жұмыстан қатар.
E. Менен қатар.
12. Сөйлемдегі септеулік шылауды табыңыз. Мұнай өндіру арқылы экономикамызды көтереміз.
A. Мұнай.
B. Өндіру.
C. Арқылы.
D. Экономикамызды.
E. Көтереміз.
13. Шығыс септігімен тіркесетін септеулікті табыңыз.
A. Домбырамен ән айтады немесе күй шертеді.
B. Ол сабаққа бармады, себебі денсаулығы болмады.
C. Егер де киноға барсаң, маған айт.
D. Бұл сырды қасым түгіл досыма да айтпадым.
E. Кешеден бері қауырт жұмыстар көбейді.
14. «После, о, для» шылауларының қазақша баламасын көрсетіңіз.
A. Арқылы, бері, үшін.
B. Бойы, бойына, бойынша.
C. Соң, кейін, туралы.
D. Арқылы, үшін, дейін.
E. Кейін, туралы, үшін.
15. Шылау сөздерге қайсысы жататынын анықтаңыз.
A. Жалғаулық.
B. Одағай.
C. Үстеу.
D. Түбір.
E. Жұрнақ.
Бокс - менің сүйікті спортым.
Әркімнің өзіне жақын әрі сүйікті спорты болады. Біреулер жеңіл атлетикамен айналысқанды жақсы көрсе, енді басқалары футбол ойнауды ұнатып жатады. Ал менің сүйікті спортым - бокс.
Бокс – арнайы жұмсақ қолғаппен белгілі бір ереже бойынша жекпе-жек күш сынасатын спорт түрі. Осы спорт түрімен айналысатын адамды боксшы дейді. Жекпе-жекке шыққан екі ойыншы қарсыласының денесінің белгілі бір жеріне дәл соққы беруді көздейді. Боксшының дене бітімі шымыр,дені сау болады. Бокспен шұғылданатын адамдар өзіне сенімді болып келеді. Жеңіске жету, алға ұмтылу қасиеттері болады.
Былтырғы жылы қазақ боксына сексен бес жыл толды. Осы біршама уақыт ішінде қазақ боксы қандай кезеңдерден өтіп, бірталай жетістіктерге жетті.
Қазіргі таңда бокс еліміздегі ең танымал спорт түріне айналды. Бүгінде жастармен қатар аға буын өкілдері де халықаралық ареналарда бақ сынасып жүрген қазақ былғары қолғап шеберлеріне жанкүйерлік танытып, әрбір кездесулерін асыға күтіп, үзбей көріп отырады. Отандастарымыз халықаралық деңгейде түрлі спорт додаларының жеңімпазы атанып, көк туымызды желбіретіп, намысты қолдан бермей, Қазақстанның атын әлемге танытып жүр. Жерлестеріміз жазғы олимпиада ойындарынан алтынсыз қайтқан емес. Тіпті әлемде «қазақ боксы» деген мектеп қалыптасып, өте жоғары деңгейде дамып келеді.
Жалпы бокс елімізде қарқынды дамып келеді. Бұған дәлел ретінде жасөспірімдер мен жас боксшыларымыздың халықаралық деңгейде ғана емес, сонымен қатар кәсіби деңгейде үлкен жетістіктерге жетуі. Алдыңғы қатар аға буынның лайықты ізбасарлар қатары өсіп келеді. Қазақ бокс мектебінің өзіндік тарихы мен ерекшелігі бар.
Бокспен айналысқаныма екі жылдан асты. Болашақта кәсіпқой боксшы болуды армандаймын.