2.тапсырма: Берілген жағдаяттардың бірін таңдап, өтініш жазыңыз. Сіз «Жас қаламгер» үйірмесіне жазылғыңыз келді. Үйірмеге қатысу үшін үйірме жетекшісінің атына өтініш жазу қажет екен. Үйірме жеткшісі – Аманжолова Гүлсара Садуақасқызы.
Жергілікті жердегі спорт мектебінің қалаған секциясына бару үшін спорт мектебінің директорының атына өтініш жазыңыз. Спорт мектебінің директоры – Елеуов Азамат Саматұлы
Құстарға қарап тұрсаң, олар өте әдемі. Мысалы, аққулардың топтасып көлде жүзіп жүргендері қандай тамаша көрініс. Жалпы құстар табиғатты зиянды нәрселерден қорғайды. Тоқылдақ өзінің біз тұмсығымен ағаштардың құрттарын шоқып жеп, жәндіктерден оны тазартады. Кейбір құстардың әрекеттеріне қарап, ауа-райының қандай болатынын болжауға болатынын әжемнен естідім. Мысалы, қарлығаштар төмен ұшса, онда жаңбыр жауады дегенді білдіреді. Жалпы құстарды қамқорлап, оларды да күтіп, бағуымыз керек.