М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
alinakuzmich324
alinakuzmich324
06.08.2021 10:01 •  Қазақ тiлi

Берілген екі тақырыптың біреуін таңдап, құрылымын сақтай отырып, эссе
жазыңыз. Келемі- 80-100 соз
1. А қымбат, қайтарып алуға
болмайтын нәрсенің бірі - уақыт. Ал, уақытты
босқа өткізу өмірдің босқа өткенімен бірдей.
Ойыңды жүйелей отырып, «Уақыт-қымбат
қазына"
тақырыбына эссе жазыңыз.
2. Жануарлар мен өсімдіктер адамзат
өмірінде айрықша орын алады. Барлығы да
табиғаттың бөлшегі, бір-бірімен тығыз
байланыста екенін білеміз. Табиғат пен
жануарлар туралы біліміңді, ақпараттарды
жинақтап, «Ел коркі - мал, озен коркі -
тал» тақырыбына эссе жазыңЫЗ​

👇
Ответ:
mashA2007111
mashA2007111
06.08.2021

А берілген баға жетпес құндылықтардың бірі-уақыт.

Бүгінгі күні дамыған өркениетті елдерге бара қалсаңыз, кез-келген адамның осы уақыт мәселесіне келгенде тым сараң екенін байқайсыз. А уақыттан ұтылған жағдайда көп нәрседен қағылатынын жақсы біледі.

Тіпті қалалардағы автобус пен көлік аялдамаларынан жүру мезгілдерінің «15:05», «13:15», «20: 12» сияқты әрбір минутқа дейін есептеулі екенін байқап, таң қаламыз. Көліктері де сол белгіленген уақыт ережесінен бір минут озбайды.Біздерден сағат сұрағанда « Тоғыздан он бес минут кетті » десең, «Е, тоғыз жарым десейші» дей салатын уақытқа деген тым ысырапшыл түсінік оларда жоқ.

Уақыт-бір орталықтан бастау алатын және мәңгілікке созылған спираль тәрізді. Біз ауқаттанған кезде астың дәмінен ләззат алып, оның пайдасын көреміз. Уақыт та сол сияқты: сәттерін, минуттарын, күндері мен апталарын қаншалықты тиімді пайдалансақ, соншалықты ләззат аламыз, оның өтіп, оралмасқа кеткенін қаламаймыз. Өмір ләззаты мен қуанышы сезіліп, әрбір күніміз бен келешегімізге үміт отын сыйлаған кезде, қаншалықты көз тоймас нығмет болса да, егер оны ойланбай өткізсек, оның адамның иығына артылған ауыр жүктен ешқандай айырмашылығы болмайды.Уақыт – адам өмірінің ақшалай құны. Уақыт – әркімнің нақтылы өмірлік капиталы. Адамның босқа кеткен әрбір сәті отқа жаққан теңгемен тең. Адамның ақшалай уақыты адамның өзіне байланысты. Біреудің бір сағаты мың теңге болса, енді біреулердікі бір тиын. Кісінің кісілігі уақытты босқа өлтірмеуден басталмақ. Даналық жасқа байланысты емес. Елдің бәріне ортақ бір-ақ күнтізбе бар, тек оны әркім әр түрлі пайдаланады.

«Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық» демекші, дінімізде таң намазын оқу үшін ерте тұру- әр мұсылманға парыз екені белгілі. Бір күннің бес уақытқа бөлінуі де жиырма төрт сағаттық тәулікті жүйелеп ,ұтымды пайдалану үшін берілген үлкен мүмкіндік.

«Қарыны тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар а » деп Абай атамыз айтқандай, а ң бос уақыты – малғұн үшін таптырмайтын мүмкіндік. Бос отырған адамның ойына түрлі жамандық келеді. Оны күнәға итермелейді. Сол себепті бір мұсылманның өмірінде бос уақыт болмауы тиіс.«Кітап оқыған бала, егінін егумен айналысқан егінші, тігін тіккен тігінші, ас үйде тамақ пісірген әйел жамандық ойлауға уақыт таппайды»,-деп Ахмет Яссауи бабамыз айтқандай , жұмысы көп адамның жамандық ойлауға мұршасы да келмейді.

Кей жандардың «уақытымды қалай өткізсем екен?»-деп ойлауының өзі қауіпті. Қазіргі таңда жастардың түрлі әрекеттерге баруы, қылмыс жасауы, моралдық азғындықтарға салынуы, не істерін білмей бос жүруі жиі кездесіп қалады.Әсіресе, жазғы демалыс кездерінде балаларға үлкендер тарапынан бақылау күшейтілмесе, айтарлықтай зардап әкелуі де мүмкін. Сол себепті де мұсылманмын деген адам уақытын босқа өлтірмеуі тиіс. Бұл да болса уақытты дұрыс ұйымдастыра алмауынан болып отыр. Адамдардың бос отырудан сақтанғаны жөн. Уақыты болса, араз адамдарды татуластыруға, мамандығына сай жұмысымен айналысса, жетім-жесірлерге қол ұшын беруге дайын тұрса, жалпы пайдалы іспен айналысуға өз уақытын жұмсағаны дұрыс.

Уақыт – ақсүйектікті мойындамайды. Ханға да, қараға да берілетін мерзім – тәулігіне жиырма төрт сағат. Дүниеде уақыт белгілегеннен артық демократия жоқ. Мұндағы ақсүйектік уақытты пайдалануға байланысты, кім уақытын бағалай білсе, сол ғана тектілердің қатарына қосылмақ.

Объяснение:

можна лайк

4,4(43 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
max19811
max19811
06.08.2021

Объяснение:

Біліміңді тексер

1. Аграрлық төңкерістің өнеркәсіп төңкерісінен ерекшелігі неде?

2. Англиядағы өнеркәсіптік төңкерістің алғышарттарын ата.

3. Өнеркәсіп төңкерісінің дамуы қандай салаларды қамтыды?

4. Қандай жағдайлар жұмысшылар ортасында наразылық тудырды?

5. Капитализмнің мануфактуралық даму сатысынан фабрикалық даму сатысына

өтудің барлық алғышарттарын атап көр.

6. Неге ХІХ ғасыр тарихқа «мәшине» ғасыры, «темір» ғасыры ретінде кірді?

7. Аристократияның буржуазиямен қосылуына, «жаңа» таптың қалыптасуына

қандай жағдайлар себеп болды?

8. XIX ғасырдың екінші жартысында «орта таптың» қоғамдағы рөлі қандай

болды?

9. Буржуазия қандай қасиеттерімен ерекшеленді?

4,5(100 оценок)
Ответ:
dzhoxa
dzhoxa
06.08.2021
Мен дәрігер болғым келеді. Маған осы таңдаған мамандығым ұнайды. Болашақта жақсы маман иесі атанғым келеді. Қазақстан медицинасын дамыту үшін қызмет жасаймын. Халықтың дені сау болуына өз үлесімді қосамын. 

Отбасымда анам — дәрігер. Анамның жолын қуып мен де дәрігер болғым келеді. Маған ешкім сен дәрігер бол немесе басқа маман иесі бол деп айтқан жоқ. Бұл — өзімнің жүрек қалауым. 

Негізі ақ халатты дәрігерлерге кішкентай кезімнен қызығатынмын. Дәрігерлер адам жанының арашашысы ғой. Мен сол ақ халаттылардың бірі болуды армандаймын.«Арман адамға қанат бітіреді» деп тегін айтпайды. Адамның арманы көп болады. Менің де алдыма қойған мақсатым көп.  Ең алдымен дәрігер болғым келеді. Мектепте жақсы оқып, дәрігердің оқуына түссем деп қиялдаймын. Ауырып жатқан адамдарды емдеп, дәрі беріп, ине салып, сауықтырсам, бәрі маған қызыға қарайтын болады. Әрі көп адамдардың батасын да алар едім. «Батамен ел көгереді» дейді. Көп бата алсам, өмірде жолым оңғарылып, білікті дәрігер боламын. Медицина ғылымымен айналысамын. Менің ауылымда тіпті сырқат адам болмас еді деп армандаймын.
4,4(64 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ