Қыс келді. Түн ұзара бастады,Қар қалың жауды, Аяз қатты болады, Өзен суы мұз болып қатты, Балалар далада қармен ойнады,Қардан ойыншықтар жасады,Бір топ балалар аулада қар лақтырысып ойнап жүр,Бәрі жылы киім киген,Мектептер жаңа жылға дайындалып жатыр.
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды.
Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады.
Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алады. Басында қашанда қар жататын қарт Алатау ару Алматының көркіне көрік қосып тұрғандай көрінеді. Ақындар жырға қосқан, әншілер әнге қосқан Алатау қыс мезгілінде ерекше сұлу ғой, шіркін!
Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
Егер мен саяхатшы болсам
Егер мен саяхатшы болсам өзіме әлем мемлекеттерінің астаналарын бір жыл ішінде аралап шығу керек деген мақсат қояр едім. Ол қалаларды тек қана аралап шығып, тамашалау емес, өз еліммен салыстыра отырып әр жүрген жерімде Қазақстан туралы жар сала айтып жүргім келеді. Саяхатшы болу – менің ойымша, ең қауіпті,алайда қызыққа толы сәттері де бар. Саяхатшы болу көптеген жан- жақты білім мен білгірлікті қажет етеді. Баратын ел жайлы мағлұмат жинап, сол елдің мәдениеті мен тілі жағынан біраз болса да хабардар болу керек. Саяхатшылар өз сапары кезінде тек қана барған жерін көріп, тамашалауды мақсат етпей, өзіне мағлұмат жинап, тіпті жаңалықтар да ашып жатады. Осы көптеген саяхатшылар ішінен мен қандай болғым келеді?
Қазіргі әлемдік санақ бойынша әлемде барлығы екі жүз елу бір ел бар. Бір жылдың ішінде әр бір жарым күн ішінде бір елге барып отырсам, бір жылдың ішінде әлемнің барлық елдерінің астаналарында болуға мүмкіндігім бар екен. Бір жыл, қазіргі менің оқушы ретіндегі мектептегі өмірімде біршама уақыт. Алайда бұл уақыт егер мен саяхатшы болсам, “бір жыл- екі жүз елу бір астана” атты арманыма дәлме- дәл келеді екен.
Егер де мен саяхатшы болсам, танымал саяхатшылар - Джеймс Кук, Христофор Колумб, Америго Веспуччи сынды жаңалықтар ашқым келеді. Жердің әлі қаншама зерттелмеген, адам аяғы баспаған қызықты жерлері бар. Ит тұмсығы кірмес, адам аяғы баспаған, кірсе атан түйе адасар ну ормандарды көріп, табиғатымен танысқым келеді. Жаңалықтар ашып, білер қоржынымды толтырып, сол білгендерімді кейін еліме қайта оралғанда адамдармен бөліскім келеді.
Кітап асыл қазына.Кітап оқыған адам білімді болады. мен досымның 3жыл бұрын туған күніне кітап сыйлаған едім .Досым әдеби,Ертегілерді жақсы көретін сондықтан досыма кітап сыйладым.Ол кітап әлі күнге дейін бар екен ұқыпты ұсталған