Еңбекші халықтың ғасырлар бойы жасап келген өмір тәжірибесі, оның мәдениеті мен салты, әдеті мен ғұрпы, шаруашылық кәсібінің түрлері, тілінің шебер ерекшелігі қамтылған халық ауыз әдебиетінің ерекше түрі – ертегілердің бала тәрбиесінде алатын орны орасан зор. Мұны көп ғасыр бойына халықтың ұмытпай сақтап келуінің, сүйе айтып, сүйсіне тыңдауының өзі-ақ дәлелдей түседі.
Ертегілер – халық өмірін бейнелейтін фантастикалық негізге құрылған оқиғалы көркем шығарма. Онда табиғаттың а жұмбақ болып келген сан алуан құбылыстары айтылады, үстем тап өкілдерінің зұлымдық, қастандық әрекеттері әшкере етіледі, тыңдаушысын өмір күресіне бастайды, адам арманының жарқын болашағына жөн сілтейді. Ертегіден халықтың әр кездегі тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, ой-арманы, дүние танудағы түсінігі мен көзқарасы көрініп отырады.
-Сәлем, Айна!
-Сәлем,Күляш! Қалайсын ?
-Жаман емес. Өзін саусын ба?
-Жоқ, таңертеннен бері ішім ауырып жүр. Не істеуге де білмеймін!
-Сен дұрыс тамақтанасың ба?
-Дұрыс тамақтану? Бұл қалай?
-Мысалы, ас ішер алдында қолынды жуасың ба?
-Ұмытып кетпесем жуамын.
-Бұл дұрыс емес! Ас ішер алдында әрқашан қолынды жу.Ал тамақтану кезінде теледидар қарауға, кітап оқуға болмайды.
-Неге?
-Өйткені сенің организмің де алаңдайды.
-Солай ма! Тағы қалай дұрыс тамақтану керек?
- Тағамды асықпай, әбден шайнап же. Тамақтанған кезде тоюға бір-екі қасықтай қалғанын сезген кезде тоқтаған дұрыс. Ергер осыдан кейін бес минуттай күнсең, тойғаныңды сезесің. Артық тағаммен организмнің жүгін көбейтпеген дұрыс болады.
-Рақмет, осы ережелерге ұстанып көрейін! Ал, онда, сау бол, апамнан дәрі сұрап келейін. Көріскенше!
-Сау бол.Жазылып кет!