іне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 60 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.
Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды.
Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.
Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды...
Бұл жерде басты кейіпкер күн сайын жыртық киім киіп содан тапқан 1-2 пұлға нан сатып алады. ( еңбек тің наны тәтті ) Егерде біз еңбек етіп сол еңбек еткеннің ақшасына нан сатып алсақ онда еңбектің қаншалықты тәтті екенің сезінесің. Дәл осы сөзге мына мақалды қосқым келеді:Еңбегің өнімді болса,
көңілің сенімді болар.
Еңбек адамның екінші анасы.
Еңбек адамның көркі,
Адам заманның көркі.
Еңбек — ата, жер — ана.
Еңбек әрі сүйсіңдіреді,әрі сиындырады.
Еңбек бейнет емес, зейнет.
Еңбек деген байлық бар ерінбеген жететін,
жоқшылық деген жебірді жермен жексен ететін.
Еңбек ептілікті сүйеді.
Еңбек ер атандырады.
Еңбек ердің көркі,
Ер елдің көркі.
Еңбек ердің санаты,
Білім ердің қанаты.
Еңбек ердің сәні.
Еңбек ерлікке жеткізер,
Ерлік елдікке жеткізер.
Еңбек еткен емеді, еңбексіз не өнеді?
Еңбек еткен — мұратқа жеткен.
Еңбек етсен ерінбей,
Тояды қарнын тіленбей
Осы мақалдар еңбектің наны тәтті екенің көрсетіп тұр.
Объяснение: Бұл менім жеке ойым