М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации

Берілген ақпаратпен танысып, дәптерге жазып, өз ойыңды қысқа бер Әр кезеңдегі ойшылдар адам атының сақталып қалуы үшін толыққанды адам болудың жолдарын іздестірген және өздерінше әр қилы пікірлер білдірген. Бірі сол адамға лайықты дұрыс жол бар екеніне сенсе, енді бірі адам бойындағы қаншама сұмдықтарды көріп қорықты. Енді солардың біршамасына шолу жасасақ төмендегідей анықтамалар шыға келеді. Қоғамдық пәлсапалық hәм діни-танымдық тұрғыдан «адам» ұғымы аса терең. Мысалы, XI ғасырда өмір сүрген ислам оқымыстысы Ж. Руми: «Адамның болмысы – ішінде әр түрлі аңдар мекендейтін орманға ұқсас. Біздің бойымызда таза-лас, жаман-жақсы, имани-қайуани сияқты мыңдаған қасиеттер бар. Егер ішкі жан шаһарында қасқыр үстемдік ете бастаса, адамның қасқырға айналғаны. Жақсылықтар мен жамандықтар да жасырын жолдармен жүрекке келіп, құйылып тұрады. Сәт сайын адамның жүрегінде бір нәрсе бас көтереді. Сол себепті адам кейде жақсы сипатқа, кейде жаман сипатқа айналып отырады» – деген екен. Ал оқымысты Марк Орэл өзінің «Ойлар» атты кітабында: «Күнде таңертең адамдар арасына барып қосылғанда былай ойланам: бүгін мен адам бейнесіндегі кейбір жыртқыштармен кездесем, оларды ызаландырмай, өзім таланбай үйіме аман-есен оралуым керек» [1] – деп жазған екен. Адам туралы ең алғашқы мәдени-антропологиялық ой бастауында тұрған Сократ болды. Сократтың адам туралы ойының ең маңызды белгілері ретінде адамдар бойындағы ең жақсы құндылықтар, моральдық ұғымдар және мінез-құлық түрлері салыстырмалылық тұрғысынан өлшенген. Сократтың шәкірті Платон алғаш рет адамға анықтама берді. Оның анықтамасы бойынша «адам – қауырсыны жоқ екі аяқты жануар сияқты» деп аталынды. Платонның шәкірті Аристотель анықтамасы бойынша «Адам ғана сөйлеу қабілетіне ие. Сөз пайдалыны да, пайдасызды да һәм әділеттілікті де, әділетсіздікті де жеткізе алады. Осы қасиет адамдарды барлық тірі жәндіктерден ажыратып тұрады» делінген [2, б.159-171]. Абайда да адам жаратылысының жан сыры туралы жүйелі де, жемісті таным бар.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Қымбат әшекей  бұйымдарды.- сырға мен жүзік, сақина мен білезік, алқа, диадема мен шолпыларды қалай тағудың өзіндік қатаң қағидалары болған. 
Қазақ аруларының басына бас киім киіп, құлағына алтын сырға тағып, білегіне білезік киюі, беліне белдік буынып, шашына шолпы қадауы олардың парасатының биіктігі мен эстетикалық талғамының жоғары болғанын куәлайды. 
Әйел киімінің басты элементінің бірі - үкілі сәукеле .Аса көркем әшекейленген қымбат сәукелелер кездескен бір түрінің құны Бөкей ордасында күміс ақшамен 1000 сомға бағаланса, Семей төңірегінде 2000 сомға жеткен көрінеді. 
Қазақ халқы әйел шашының ұшында  тіршіліктің күші бар деп есептеген. Сондықтан шашты қимай, бұрым етіп өріп, шолпы немесе шашбау байланған.
4,5(66 оценок)
Ответ:

Объяснение:

Сағыныш ... Қандай тәтті сезім еді , шіркін ! Біреуді сағынғаның , сені де біреу сағынғаны екенін түсінген сайын , көңілге жеңіл бір сезім ұялап , жаныңды жадырата түсетінін қайтерсің ! Сағына білудің өзі өнер ме екен ! « Мен сені сағындым ! » деген сөздің өзі адамды жігерлендіріп , желпінтіп ... жібереді . Сағыныштың түр - түрі болады ғой : балалық кезге сағыныш , жастық шаққа сағыныш , студенттік өмірге сағыныш , махаббатқа сағыныш , өмірден өткен адамдарға сағыныш ... Ал мен тіпті , кімді сағынып отырғанымды да білмеймін ... Әйтеуір , сол жүйрік » сезімге мініп алып , Сағыныштың самалын жалау етіп , қоңыр күзде менімен жарысып , жүйiткiп келеді !.Сағыныш » деген бір ауыз сөзге қаншама мән - мағына , қаншама көмескі сыр жасырынған десеңізші ? ! . « Сағыныш » — маған етене жақын сезім , өте жуық сырласым болып сезілетіні несі ? ! . Әсіресе , күздің сарғыш шуағына сіңіп алған « тәтті сағынышты » айтсаңызшы ! .. Сап - сары сағыныштың « кемесі не » мініп алып , көкжиекті беттеп , біраз жерге дейін жалғыз жүзіп кетесің ... Уақыт өткен сайын сағыныш сезімі ауырлап , көңіл шіркін , кемсеңдей береді екен . Өзегім сағыныш пен мұңға толып , кеудеме бәрі келіп кептеліп , сезімнің « салын » ауырлата беретінін кімге айтсам ?! Рухани « жүктің » бәрін қағаз бетіне түсіріп , ішкі дүниемді бір тазалап алсам кәдімгідей жаным кіріп , тынысым кеңейіп қалар - ау ! ..

4,7(29 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ