Қазақстан көп ұлтты тәуелсіз мемлекет. Жер көлемі 2,7 миллион шаршы шаршы шақырымнан асады. Республика шығысында Алтай тауларынан басталып, батысында Каспий ойпатына, ал Солтүстігінде Батыс Сібірден оңтүстігінде Тянь-Шань шыңдарына дейін созылып жатыр. Қазақстан жерінің өте үлкендігінен әр аймағының табиғаты бір-біріне ұқсамайды, біркелкі емес. Оңтүстігінде ағаштар гүлдеп, жер көгергенде, солтүстігінде әлі қар жатады.
Қазақстанның оңтүстік облыстарында жылуды жақсы көретін күріш, қант қызылшасы, мақта, жеміс түрлері, әртүрлі дәрілік шөптер мен өсімдіктер өседі. Бұл аймақтарда жаңбыр аз жауады, жазы ыстық, әрі құрғақ болады. Бірақ ол аймақтың байлығы-тау өзендерінің мол суы.
Республиканың солтүстік аудандарында астық пен көкөністер жақсы өседі. Мұнда жауын-шашын мол, жазы да ыстық емес.
Қазақстанда ауыр индустрия мен ауыл шаруашылығы бірдей жақсы дамыған. Республикамыз мәдениеті мен ғылымы қатар өркендеген өркениетті елдердің қатарына қосылуға ұмтылып келеді.
Объяснение:
Жер кіндігі – Байқоңыр ғарыш айлағы а үшін өткен ғасырдың теңдессіз жетістігі саналады. Қасиетті Қармақшы топырағы аумағында орналасқан ғарышкерлер қаласының іргетасы 1955 жылы қаланған. Кеңес Одағы құрамындағы 15 республиканың арасынан Қазақстанға таңдау түсуі тегін емес еді. Ғалымдар зымыран ұшырудың қауіпсіздігін, айлақтан елді мекендердің қашық болуын, ұшырылған ракетаның қайта оралған кездегі қону аймақтарының ыңғайлылығын ескерді. Сондай-ақ, тоғыз жолдың торабы мен автомобиль жолдары да ғарыш алаңының көмекші және қызмет көрсету нысандарына қолайлы жағдай туғызды
Айлақтан тұңғыш зымыран 1957 жылы ұшырылды және бұл сәтті қадам еді. Ол әдемдегі ең ірі жер беті ғылыми ғарыш полигоны саналады. Оның басты және көмекші объектілерінің жалпы ауданы 6717 шаршы шақырымды құрайды. Дүниенің төрт бұрышын дүр сілкіндірген бірегей оқиға әлем назарын өзіне аудартты. Сөйтіп, алғаш рет Жердің жасанды серігі кеңістікке шығарылды.
1961 жылдың 12 сәуірі адамзат тарихында елеулі оқиға ретінде есте қалды. Бұл күні тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен орбитаға аттанды. Бертін келе де ғарыш кеңістігін бағындыруда бірқатар тың бастамалардың көшбасшысына айналды. Атап айтсақ, Байқоңырдан байланыс мақсатында пайдаланылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған «Молния», «Экран», «Горизонт», «Радуга», «Метеор» және «Восток», «Восход», «Союз», «Прогресс» сықылды ғарыш кемелері, күннің, айдың, Шолпан жұлдызының алғашқы жасанды серіктері және «Салют», «Мир» орбиталық стансалары әлем көгіне көтерілді.