Арба — ертеде әскери көлік ретінде қолданылған, кейін жол жүруге, жүк тасуға, сондай-ақ уақытша жылжымалы тұрғынжай ретінде пайдалануға арналған көне көлік түрі. Соғыс қимылдарына, әр түрлі рәсімдер атқаруға, спорт жарыстарына қолданылған әскери арбалар Вавилон өңіріндегі көне Киш қаласы орнынан (қазіргі Охеймир қалашығы, Ирак), шумерлердің қала-мемлекеті Үрімнен (Ур, қазіргі Тель-Мукайяр қалашығы, Ирак), Кавказдан, т.б. жерлерден табылды. Олар біздің заманымыздарн бұрынғы 3-мыңжылдықтың ақырында, тіпті одан да бұрын қолданылған. Әскери арбалар Шығыстағы ежелгі мемлекеттерде (Мысыр, Ассирия, Персия, Қытай, Үндістан, т.б.) ұрыс кезінде кеңінен пайдаланылды. Әскери арбаның бірнеше түрі болған. Жалғыз не екі ат жегілген қос доңғалақты арбада екі жауынгер – ат айдаушы және найза, қылыш, садақпен қаруланған сарбаз отырған. Төрт ат жегілетін төрт доңғалақты әскери арбалардың тертесіне найза, дөңгелек оқтықтарына шалғы бекітілген. Аттарға сауыт-жабу жабылған. Арбалы әскер алдыңғы шепте әрекет етті. Жаяу әскер олардың соңынан жүріп отырды. [1] Көшпелі халықтар арбаны қорғаныс құралы ретінде де пайдаланды. Арбалы көш жау шабуылы кезінде дөңгелек шеңбер жасап, қорғаныс шебін құрған. Ат жалын тартып міне алатындар «қорған» сыртында тұрып айқасқа кіріседі.
Қимас досың сұраса, Қимасыңды бересің. Для друга сердечного от сердца отрывают. Сыйласу екі кісіге бірдей. Дружба крепка взаимностью. Татулық — табылмас бақыт. Дружба — богатство бесценное. Достық жоқ жерде табыс жоқ. Где нет дружбы, там нет успеха. Туысы жақын жақын емес, Қонысы жақын жақын. Доброе соседство прочнее родственных уз. Дұшпаныңнан бір сақтан, Жаман достан мың сақтан. Врага остерегайся один раз, плохого друга тысячу раз. Ерегескен ел болмайды, Есептескен дос болмайды. Где нет взаимности, там единства нет где корысть, там дружбы нет Досың дос болғанға шаттан, Дұшпанмен дос болудан сақтан. Гордись настоящим другом, остерегайся стать другом врага. Көршің қолайлы болса, қораң кең. Когда сосед по душе, в тесном дворе просторно. Досы жоқ адам – Тұзы жоқ тағам.
Доспанбет жырау (1490-1523) - жырау, қолбасшы, батыр. Доспамбет жырау қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Кіші Ноғай ордасында әскери қолбасшы болды. Дешті Қыпшақты көп аралаған, Бақшасарайда, Стамбұлда болған. Қырым ханының жағында көптеген әскери жорықтарға қатысқан. Доспамбет жырау тайпааралық ұрыстардың бірінде 1523 жылы Астрахан маңында қаза тапты. Доспамбет жырау жырларынан оның мұрат-мақсаты, түсінік-талғамы, дүниеге көзқарасы анық аңғарылады. Отан қорғау, елге, жерге деген сүйіспеншілікті бейнелейтін жырларында қырым, ноғай, қазақ жұртының іргесі бүтін, ешкімге бас имейтін ел болып отырған заманды аңсау сарыны байқалады.
Жырау ол заманды қайтып келмес бақытты өмір ретінде толғайды. «Айнала бұлақ басы таң», «Тоғай, тоғай, тоғай су», «Азау, азау дегенің», «Арғымаққа оқ тиді», «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Айналайын, Ақ Жайық» т.б шығармалары бар. Жырау өткен өмірді жырлағанда туған ел, өскен жерге деген ыстық махаббатын келер ұрпақ болашағымен байланыстыра сипаттайды. Олардың да ертең еліне қорған, тірек болуын қалайды. Доспамбет жырау өз басын өлімге тігіп, сан рет қанды шайқастарға қатысқан ата қонысын үлкен сүйіспеншілікпен толғайды. Жырау ел қорғау, жорық тақырыбына арналған жырларында елі мен жері үшін өлген ердің арманы жоқ деп, отаншылдық рухты бәрінен биік қояды. Ол серілік пен сақилықты, дарқандықты, қонақжайлылықты ата-бабадан келе жатқан асыл дәстүр ретінде дәріптейді.