Жай сөйлем — бір не бірнеше сөз бен сөз тіркестерінен құралып, тиянақты бір ғана ойды білдіретін сөйлем. Жай сөйлемнің негізгі ерекшелігі — құрамындағы сөздер өзара бір-бірімен семантикалық бірлікте болады, екпін тұтастығы, сөздердің орын тәртібі сақталады.
Жаз - төрт мезгілдің бірі. Жаз айлары өте ыстық, әсіресе шілде айы. Балалар демалысқа шығып, қуанып, асыр салып достарымен таңнан кешке дейін ойнайды. Ал кейбірі жүктерін жинап, алыстағы туыстарына жол тартады. Жазда күн астында жүріп-ақ қарайып кетесің. Мен өзім Қызылорда облысының тұрғынымын. Қызылордада жаз өте ыстық болады. Арасында жаңбыр да жауып тұрады. Жаз мезгілінде егін егіп, бақшаның жұмысымен жүресің. Не ексең, соны орасың дегендей, қалай еңбектенсең, егіндерін жемісін береді. Әрине, біздің көп жейтін жемістеріміз қауын-қарбыз. Біз оларсыз жазды өткізе алмаймыз. Жаз мезгілінде алыстан құстар ұшып келеді, олар да шуласып, аспанда шыр-көбелек айналып жүреді. Сайраған бұлбұлдар, қаңқылдаған қаздар, тақылдаған тоқылдақтар осының бәрі жаздың сәні демейме?! Бақшамызда түрлі гүлдер бүршік жарып, гүлдерін ашуда, оларға бәйшешек, қызғалдақ, сарғалдақты және т.б. жатқызамыз. Міне, осылай жазда өтіп кетеді. Әне-міне дегенше, күзде келіп, балалар да сабақтарына жол тартады.
Жай сөйлем — бір не бірнеше сөз бен сөз тіркестерінен құралып, тиянақты бір ғана ойды білдіретін сөйлем.
Жай сөйлемде түрлаусыз мүшелердің болу, болмауына қарай жалаң және жайылма сөйлем болып бөлінеді.
Тұрлаусыз мүшелері жоқ, тек бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалан, сөйлем дейді де, тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер де бар сөйлемді жайылма сөйлем дейді.
Сөйлемде бастауыштың болу, болмауына қарай жақты және жақсыз сөйлем болып бөлінеді. Бастауышы бар, кейде айтылмай тұрса да, бастауышын баяндауышы арқылы табуға болатын жай сөйлем түрін жақты сөйлем дейді де, бастауышы мүлде жоқ және баяндауышы арқылы бастауышын табуға болмайтын, баяндауыштың езі ғана сол сөйлемге ұйытқы болатын жай сөйлем түрін жақсыз сөйлем дейді.
Сөйлемде ойға катысты айтылуға тиісті мүшелері түгел жай сөйлемнің түрін толымды сөйлем дейді де, айтылуға тиісті тұрлаулы я тұрлаусыз мүшенің бірі түсіп қалған жай сөйлемнін түрін толымсыз сөйлем дейді.
Ойды білдірмей, тек соған байланысты заттың, құбылыстың, мезгілдің мерекенің, мекеннің аты аталып көрсетілгендей жай сөйлемнің ерекше түрін атаулы сөйлем дейді. Атаулы сөйлем жеке дара қолданылатындықтан; шартты түрде сөйлем деп танылады. Оның мәні тек өзінен кейін қолданылған сөйлемдер арқылы түсініледі. Атаулы сөйлем өз ішінде сөйлем мүшелеріне жіктелмейді.