Алматы қаласы
Алматы - Алатау бөктерінде орналасқан ғажайып, әсем қала. Алматыда ауаның өзі ерекше таза болып көрінеді. Оның көркіне көз тоймайды. Тамаша табиғаты аспанмен таласқан заңғар тауларымен, сарқырап аққан өзен-суларымен, көк майса, жасыл желегімен, апорт алмасымен ерекше. Ал жылдан жылға саны артып жатқан зәулім ғимараттардың құрылысы мен көркін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Алматының басты көрікті орындары - Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ курорты, Көктөбе. Халық демалу үшін жиі баратын Көктөбеден Алматы алақандағыдай көрінеді. Ол жерден қаланың ғаламат көрінісін, ерекше сәулетін тамашалай аласыз.
Сонымен қатар, Алматыда Тұңғыш Президент саябағы, орталық цирк, Горький саябағы, орталық мұражай, Әуезов атындағы театр, Абай атындағы опера және балет театры сынды мәдениет орындары - халық көп баратын орындар бар.
Алматы Қазақстанның мәдени астанасы болып есептеледі.
Абай атамыз "болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз" деп айтып кеткен.бұл сөзде де қаншама терең мағына жатыр.астарына уніліп қарасақ, абай атамыз өзің көрген, білген, естіген ғалымыңа соның кейпіне еніп, түр- келбетіңді ұқсатып алмасаң да, оның біліміне, мінезіне, оқығандығына қызығып, ұқсап бақ деген.ң ұқсастығы түріне байланысты емес, оның біліміне де атақ- даңқына да байланысты болады