Үстеулер
Үстеу заттың әр қилы қимылы мен ісінің (етістіктің) әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік күй-жайлары мен сынның белгісін білдіретін сөз табы.
Үстеу сөздері морфологиялық құрылысы және құрамы жағынан екі топқа бөлуге болады: негізгі үстеулер мен туынды үстеулер.
Үстеу сөздер мағынасына қарай таптастырғанда мынадай сегіз топқа бөлінеді.
1. Мезгіл үстеулер
2. Мекен үстеулер
3. Мөлшер үстеулері
4. Сын (бейне) үстеулері
5. Күшейту (я ұлғайту) үстеулері
6. Мақсат үстеулері
7. Себеп-салдар үстеулері
8. Топтау (бөлу) үстеулері
Мезгіл үстеулер
Мезгіл үстеуі қашан? қашаннан? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін, уақытын білдіреді. Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы: таңертеңнен (қашаннан?) кетті, жазғытұрым (қашан?) келеді, ала жаздай (қашан?) еңбектенді, күні-түні (қашан?) оқыды, т. б.
Мекен үстеулер
Мекен үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің орындалатын орнын, мекенін көрсетіп, қайда? қайдан? қалай қарай? сұрақтарына жауап береді. Мысалы: Тауға қарай (қалай қарай?) өрмелеу, алға (қайда?) жылжыды, ілгері-кейін (қайда?) қозғалды, жоғарыдан (қайдан?) түсті, т. б.
Сын (бейне) үстеулері
Сын-қимыл (бейне) үстеуі іс-әрекеттің, қимылдың амалын, тәсілін, сын-бейнесін білдіреді. Сұрақтары: қайтіп? қалайша? қалай? кімше? Мысалы: Ақырын (қалай?) жүгірді, қазша (қалайша?) қаңқылдады, бекерден-бекер (қалай?) отырма, балаша (кімше?) мәз-мейрам болды, бүркіттейін (қалайша?) шүйілді, қолма-қол (қалай?) хабарласты, т. б.
Мөлшер үстеулері
Мөлшер үстеуі қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? деген сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеуі сынның немесе қимылдың көлемдік дәрежесін, мөлшерін, шама-шарқын білдіреді. Мөлшер үстеуі етістікпен тіркесіп келгенде қимылдың шама-шарқын, мөлшерін білдіреді. Мысалы: сонша (қанша?) шаршапты, біршама (қаншама?) кешігіп қалды, недәуір (қалай?) өскен екен. Ал сонша (қанша?) биік, біршама (қанша?) алыс, недәуір (қалай?) ұзақ дегенде мөлшер үстеулер сын есімдермен тіркесіп, сынның мөлшерін, көлемін білдіреді.
Күшейту (я ұлғайту) үстеулері
Күшейткіш үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің, сынның сапасын, белгісін не солғындатып, не күшейтіп көрсетеді. Сұрағы: қалай? Мысалы: әбден жүдепті, керемет биледі, мүлдем қозғалта алмады. Сонымен бірге күшейткіш үстеуге сын есімнің күшейтпелі шырайын жасайтын ең (биік), өте (салмақты), аса (терең), тым (терең), кілең (жүйрік) сөздері де жатады.
Мақсат үстеулері
Мақсат үстеуі не мақсатпен? қалай? деген сұраққа жауап беріп, іс-әрекеттің, қимылдың орындалу мақсатын білдіреді. Мысалы: әдейі айтты, қасақана кетіп қалды, жорта білмегенсіді, әдейілеп шақырды.
Себеп-салдар үстеулері
Себеп-салдар үстеуі не себепті? қалай? неге? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін білдіреді. Себеп-салдар үстеуіне: құр босқа, лажсыздан, босқа, амалсыздан, бекерге, шарасыздан сөздері жатады. Бұл сөздер етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы, босқа ренжіді, лажсыздан келісті, т. б.
Үстеу сөздер етістікпен тіркесіп қолданылады.
библиотека
материалов
А. Саттаров атындағы орта мектеп
мектепке дейінгі шағын орталығымен
коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
Баяндама:
Тақырыбы: «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз
Дайындаған: мектепалды даярлық
тобының жетекшісі
Искакова Наргиза Адилжановна
«Қазақстан- біздің ортақ үйіміз»
Қазақстан - ұлан байтақ кең далам,
Қазақстан - өзіңе арнап ән салам.
Қазақстан - ортақ біздің үйіміз,
Отаным деп бар әлемге жар салам
«Қазақстан- біздің ортақ үйіміз, біздің өзіміз де, біздің бабаларымыз да осы жерді мекен етеді. Егер біз өзіміздің өмірімізді сынауды білер болсақ, оны жасампаздықпен жаңғыртып, бой көрсеткен әрбір талшыбықты мәпелеп өсіріп отырмасақ, онда біз өзімізді нағыз патриот деп санай алмас едік» деген Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сөзі мемлекетіміздің келешегінің тұтқасын ұстайтын жас ұрпақты осы бастан Отанына, атамекеніне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуден артық борыш жоқ екендігін көрсетеді.
1991 жылдың 16 желтоқсаны - еліміз үшін ерекше күн. Өйткені бұл күні Қазақстан тәуелсіздігін әлемге жария етті. 1992 жылы ҚР – ның мемлекеттік рәміздері белгіленді. Олар - туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз. Бұл мемлекеттік рәміздер туған халқымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған еркіндік пен бостандыққа қол жеткізгенін көрсетеді.
Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда түрлі халық қол ұстасып, достық жырын жырлап, тыныш, бейбіт өмір сүріп жатыр. Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында : «Біз - көпұлтты қоғамбыз. Және де ұлтаралық қатынастар мәселесінде ешқандай қосарланған стандарттар болмауға тиіс.
Мемлекетте бәрі де тең болуға тиіс. Этностық немесе басқа да белгілер бойынша жақсы немесе жаман деген болмауға тиіс.Ешқандай этносқа ешқандай артықшылық болмайды және болмауға тиіс, барлығының құқықтары мен міндеттері бірдей.» деп атап көрсетті.
Еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың достығы мен бірлігі, татулығы мен ынтымағы өзге елдерге үлгілі боларлықтай. Заманында қазақтың дархан даласы көптеген ұлттарға пана, қамқор болды. Соның нәтижесінде қазақ жері бауырластар мекені, достықтың құтты ұясы атанды. Жүректері жомарт, алақандары ашық қазақтар өзге ұлт өкілдерімен бір ананың баласындай ғұмыр кешуде. «Бірлік бар жерде – тірлік бар», «Ырыс алды – ынтымақ» дейді халық даналығы.
Сондықтанда қазіргі таңда Қазақстан бүкіл адам үшін дінаралық жөне ұлтаралық келісім салтанат құрған тату елдің жарқын үлгісіне айналып отыр.
Ұлы Абайдың «Азаматтың бәрін сүй бауырым» деп айтқан өсиетін, кемеңгер,ойшыл Пифагордың «Жердің жемісін жылына бір көрсек, достың жемісін күнде көреміз»деген даналық сөзін басшылыққа алған елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Көп ұлтты болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз» дейді.
Тағдырдың талай соқпағынан өткен елімізге тәуелсіздік алғанына 25 жыл толады. Сан ұлттың мекені болған мемлекетіміздің алар асуы алда. Бірлігі бекем елдің болашағы нұрлы, келешегі кемел.Әрдайым осы бірлігімізден айырылмай, татулығымыздан танбай, жұбымызды жазбай, болашаққа бірге қадам баса берейік.
Біздің ортақ үйіміздің шаңырағы шайқалмасын. Ел тыныштығы бұзылмай, бейбіт елдің берекесі арта берсін!
сурак койсан дурстап койш