1. Дыбыстық талдау
Мойнақ – 2 буын, 2 дауысты, 4 дауыссыз дыбыс
М – дауыссыз, үнді
о – дауысты, жуан, ашық, еріндік
й – дауыссыз, үнді
н – дауыссыз, үнді
а – дауысты, жуан, ашық, езулік
қ – дауыссыз, қатаң
Күшік – 2 буын, 2 дауысты, 3 дауыссыз дыбыс
К – дауыссыз, қатаң
ү – дауысты, жіңішке, қысаң, еріндік
ш – дауыссыз, қатаң
і – дауысты, жіңішке, қысаң, езулік
к – дауыссыз, қатаң
2. Зат есім және етістікті табу (3 сөйлем).
Күшік шеңберден қарғымады.
Күшік - зат есім, кім? деген сұраққа жауап береді
қарғымады – етістік, не істеді? деген сұраққа жауап береді
3. Жалқы есімдерді табу.
Мойнақ – күшіктің аты. Осы диктантта 1 жалқы есім бар.
Жалқы есім — жеке заттың, құбылыстың атауы болатын сөз, сөз тіркесі. Жалқы есімге адам аттары (антропонимдер), географиялық атаулар (топонимдер), діни атаулар (теонимдер), жануарлар атаулары (зоонимдер), аспан денелерінің атаулары (астронимдер), тарихи уақиғалармен байланысты мезгіл атаулары (хрононимдер), рухани нысандар атаулары (идеонимдер) т. б. жатады.
Ұстаз… Оңашада отырып ұстаз туралы ойға кетсем, көз алдымнаақжарқын мінезді, ақ жүректі, жылы жүзді ұстаз бейнесі көрініп, мені қиялға батырып, еріксіз нұрлы естеліктерге жетелей жөнеледі…Ұстаз бейнесі – шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны — әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі. Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы. Ұстаз — өзінің бар күшін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне бел буған періште.Ұстаз — бұл қасиетті мамандық иесі, менің арманым бойынша, өте қайырымды, ешкіммен ешқашан сөзге келмейтін, сабақ барысында оқушыға деген қол үшін аямайтын адам…