Еламан теңізге тартты. Түнде жел тұрған ба, таяуда жауға үлпілдек қардың бет жағы борап, жағалаудың мұзы қай көктайғақтанып қалыпты. Сонан бұл ақ қар, көк мұз үстінде күні бойы жалғыз. Мұз ояды. Ау қарайды. Теңізге шыққанда, маңындағы кісілерді байқамайтын. Төбеде көк аспан. Табан асты көк теңіз . Екі дүние арасында жабырқау ойды жанына серік қып, күні бойы күйбеңдеп жүріп өмір туралы, өзі жөнінде ойлайды. Теңіз үстінде ғана емес, өмірде де жалғыз екенін ойлайды. Әке-шешеден ерте айырылды. Әкесімен бірге туған ағасы – Есбол бұл арадан бір күншілік жерде тұрады. Баласыз, жалғыз жетім шалдан қайыр шамалы. Ендігі жанашырдан – немере іні – Рай. Бірақ ол жас. Өзі сияқты о да әке-шешеден жастай жетім қалды. Қазір қарт әжесі екеуі өз алдына түтін түтетіп отыр. Еламан күрсінді. Аяғы астында жатқан бір-екі балықты етігінің тұмсығымен теуіп, өзінен әрегірек ысырып тастады да, аудың арқалығын ұстады. Күтпеген жерден қайын атасы есіне түсіп кетті . Тікбақай тентек шал ел ішіне сыйымсыз . Отбасына да мазасыз. Еламанды «балықшы» деп атап, бұған айтқан қай сөзді де әзілге айналдырып отырады. Оған бұл үйренген. Кеше де қатынаған біреуден «балықшыға сәлем айт, ауыз ашқасын барам», - деп хабар жіберіпті.
Балықпен тіршілік етіп жатқан балықшылардың күнделікті күйбең тіршілігі қай жерде өтуде?
А) Балқаш көлінің жағасында В) Арал теңізі жағасында С) Каспий теңізі жағасында
Бұл мәтіннің басты кейіпкері кім?
А) Рай
В) Есбол
С)Еламан
Еңбегі ештің күні кеш, тұзы сор.
Еңбегі жанғанның тоқтысы егіз туады.
Еңбегі көптің өнбегі көп.
Еңбегімен ер сыйлы,
Өнбегімен жер сыйлы.
Еңбегіне қарай — құрмет,
Жасына қарай — ізет.
Еңбегіне қарай өнбегі.
Еңбегіне қарай табысы,
Ерлігіне қарай дабысы.
Еңбегінен ел таныр.
Еңбегің болмаса елге өкпелеме,
Ықтасының болмаса желге өкпелеме.
Еңбегің егіз болса, байлығың сегіз болады.
Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болады.
Еңбегің сайлы болса, ішің майлы болар.
Еңбегің өнімді болса,
көңілің сенімді болар.
Еңбек адамның екінші анасы.
Еңбек адамның көркі,
Адам заманның көркі.
Еңбек — ата, жер — ана.
Білім гауһар, бағасы жоқ.
Надандық кесел, дауасы жоқ.
Киіміне қарап қарсы алады,
Біліміне қарап шығарып салады.
Күш — білімде, білім — кітапта.
Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
Білегі күшті бірді жығады,
Білімі күшті мыңды жығады.
Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен жоқ болса кішіден сұра.
Ақыл — тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.
Білім арзан, білу қымбат.
Жаста оқыған оқуың — тасқа жазғанмен бірдей,
Егде тартқанда оқыған оқуың — мұзға жазғанмен бірдей.
Екпей егін шықпас,
Үйренбей білім жұқпас.
Наданмен дос болғанша,
Кітаппен дос бол.
Оқымаған бір бала,
Оқыса екі бала.
Ұстаздан шәкірт озар.
Алтын алма, білім ал.
Ғылым — теңіз, білім — қайық.
Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір
Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі
Білімді өлсе,
Қағазда аты қалар.
Ұста өлсе,
Істеген заты қалар.