1. Қарсы мәндес сөздерді тауып жаз Қалың - , ірі- , -қорқақ, жабық- , арзан- , – сараң, –
ішінде, жау- , әрі- , жақсы- , ауыр - .
Керекті сөздер: ашық , дос, жұқа , жаман, сыртында , жомарт , ұсақ, бері, жеңіл, батыл,
қымбат
2. Қарамен белгіленген сөздерді сөз құрамына талда, сөз табын белгіле
Адамның асыл қасиетінің бір—жақсылық жасай білу. Адам
адамға жақсылық жасау үшін жаралған. Егер адам басқа адамдарға жақсылық жасап,
қиын кезде демеу берсе, ол да саған өз жанашырлығын танытады. Бірақ
олай кекшіл болудың қажеті жоқ. Сен кешір, сенде адамсың, сенде қателік жасайсың,
сеніде біреу кешіреді.
3.Сөйлем құрастыр. Синтаксистік талдау жаса.
Уақытымды, өткіземін, бос, пайдалы, мен
«Қызыл кітап не үшін қажет?» тақырыбына диалог.
Ахметжан: Достым, бір сұрақ қойсам, жауап бере алады ма екенсің?
Мадияр: Білмеймін, қане сұрап көр. Тексерейік.
Ахметжан: Елімізде «Қазал кітапқа» енген өсімдіктерден бір – екеуін атай аласың ба?
Мадияр: Қиын сұрақ екен. Жауап бере алмаймын. Ал сен ше білесің бе?
Ахметжан: Мен де бұрын біле қоймайтынмын. Ал қазір биология пәнінен өтетін республикалық жарысқа дайындалып жүргендіктен, оқып –жаттап жүрмін.
Мадияр: Сонда қандай өсімдіктер енгізілген екен?
Ахметжан: Жалпы «Қызыл кітапта»140 түрдің таралуы, олардың қорғау мен мәдени түрде өсірілуі жайлы мәліметтер берілген екен. Әрине, мен әлі бәрін оқып үлгерген жоқпын.
Мадияр: Сонда «Қызыл кітапқа» өсімдіктерге не үшін енгізеді екен?
Ахметжан: Түрдің бұл кітапқа енгізілуі, оған ерекше көңіл бөлу керек екендігін білдіреді, көбіне арнайы қорғау шаралары қажет, әйтпесе түрдің мүлдем жоғалып кетуі мүмкін. Қазақстан үкіметі 1978 жылдың қаңтарында Қызыл кітапты құру туралы қаулы шығарды.
Мадияр: Сонда мен дұрыс түсінсем, «Қызыл кітапқа» енгізілген өсімдік ерекше қорғауға алынады ма?
Ахметжан: Дұрыс айтасың. Мысалы кәдімгі емен, ақтұңғиық, сарағлдақ, қызғалдақ, кілегей т.б секілді өсімдіктерді жинауға тыйым салынған (тек ерекше жағдайда арнайы рұқсатпен ғана). Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинаса немесе зақымдаса, әрбір данасына 360 теңге айып төлейді ) 2001 жылы 12 қыркүйектегі №1186 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы.
Мадияр: Мен ол жағын білмеппін, енді біліп жүретін болдым.