М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
laura050027
laura050027
09.11.2021 22:54 •  Қазақ тiлi

Тамақтанудың адам өміріне қандай маңызы бар?

👇
Ответ:
gentleman2
gentleman2
09.11.2021
ответ:Организмнің қалыпты тіршілігі үшін тамақ керек екенін әрбір а біледі. Адам организміне әр уақытта да органикалық зат және энергия алмасу болып отырады. Организмге керекті энергия мен құрылыс материалдарының көзі болып тамақпен бірге айналаны қоршаған сыртқы табиғи ортадан түсетін түрлі қоректік заттар жатады. Егер ағзаға тамақ түспесе адам ашығады. Осы аштықтың өзі адамға, оның организміне қандай қоректік зат керектігін және оның мөлшерін айта алмайды. Біз күнделікті тұрмыста тәтті және тез дайындалатын тағамдарды пайдаланамыз, бірақ осы пайдаланған тамақтың пайдалылығы, қауіпсіздігі туралы ойланып қоймаймыз. Дәрігерлердің айтуынша адамдардың денсаулығын сақтау, ересек адамдардың жұмыс істеу қабілеттілігін күшейту, ал балалардың организмінің дамуы мен өсуіне өте қажетті жағдай, ол тиімді тамақтану болып табылады. Қалыпты өсіп даму, үшін және тіршілігін қолдау үшін оған белок, майлар, көмірсулар, витаминдер және минералды тұздар керек.Адамның дені сау болу үшін қырыққа жуық әр түрлі қоректік заттар керек. Оларға витаминдер, минералды тұздар, аминқышқылдары, негізгі май қышқылдары (өсімдік, жануар майлары) және энергия көздері (көмірсудан, белок пен майлардан алынатын калориялар). Міне, осы қоректік заттар күнделікті біз пайдаланып жүрген тамақтың құрамында болуы керек. Көптеген тамақтың құрамында бірнеше қоректік заттар бар. Мысалы, сүттің құрамында басқа қоректік заттармен қатар белок, май, қант, рибофлавин және де басқа витаминдердің В группасы, А витамин, кальций мен фосфор бар. Құрамында барлық қоректік заты бар тамақ кездеспейді. Сүттің құрамында мысалы, С витамині жетіспейді. Сондықтан да әр уақытта әр түрлі тамақты жеу керек. Тамақ әр түрлі болса денсаулыққа қажетті қоректік затпен организм толық қамтамасыз етіледі. Сондықтан да күн сайынғы тамақ рационында жеміс – жидек, көкөніс, нан және астық тұқымдас өсімдіктердің өнімдері, ет, құс еті, жұмыртқа мен балық, кепкен бұршақ пен атбас бұршақ: қытай бұршағы, үрме бұршақ, жасымық сияқты өсімдік белогына бай заттар және сүт, ірімшік пен йогурт болуы керек. Жеміс-жидек пен көкөністер әсіресе С мен А витаминдерінің көзі болып табылады. Нан тағамдарында В витамині, темір бар және ол энергия көзі болып есептелінеді. Еттің құрамында белок, май, темір және көптеген тиамин мен В12 витамині сияқты витаминдер бар.Кальций мен қоректік заттардың негізгі көзі сүт тағамдары болып саналады. Біз мынандай себептерден тамақтанамыз: өмір сүру үшін, өсу үшін, деніміз сау болуы үшін, энергия алып жұмыс істеп, дем алу үшін. Сөйтіп қоректік заттарды біздің денсаулығымызды сақтау үшін керек. Бұл химиялық заттар бір-бірімен әрекеттесе отырып біздің организмде мынандай қызметтерді орындайды: организмдегі бұлшық ет пен сүйек ұлпаларының қызметіне қажетті құрылыс материалы болып табылады; организмнің зат алмасу процесіне қатысатын заттардың көзі; организм үшін энергияның көзі болып табылады.

Объяснение:

4,8(20 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Dashuta03s
Dashuta03s
09.11.2021

Науша Мырзагерейұлы Бөкейханов (1870, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы — 1944) — домбырашы, күйші, қазақ ұлттық халық аспаптары оркестрінің негізін қалаушылардың бірі.

Күйші-композиторлар Салауаткерей мен Макар Жапаровтың шәкірті болған, халық композиторы Дәулеткерейдің күйшілік дәстүрін біздің заманға жеткізген. Бөкейхановтың шығармашылық өнер жолының қалыптасуына А.В. Затаевичпен кездесуі (1927) зор ықпал етті. Оған “Жігер”, “Керілме”, “Ақсақал”, “Терісқақпай”, “Сыбырлақ”, “Қос ішек”, “Ысқырма”, “Топан”, “Салық өлген” сияқты 20-дан астам күйлер жаздырды. Сондай-ақ, Қазақтың халық аспаптары оркестіріне 30 күй тапсырды. Домбырашының репертуарында халық композиторларының 90-нан астам күйлері (оның ішінде Дәулеткерейдің 50 шақты күйі) болған. Бөкейхановтың орындаушылық өнері музыкалық образды бейнелеу шеберлігімен, көркем саздылығымен ерекшеленеді.

4,5(4 оценок)
Ответ:
lolkajoin
lolkajoin
09.11.2021

Наурыз мейрамы ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Наурыз мейрамы 22 наурыз күні аталып өтіледі. Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Халықтың баяғы түсінігі бойынша бұл түні даланы Қыдыр ата аралайды.

Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киіп бір–бірімен қол алысып, амандасып төс қағыстырып жақсы тілектер айтылады. Мерекеге арнап жеті түрлі дәннен наурыз көже дайындалады. Осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып арылады.

Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, дастарханнан дәм таттырып, табыстырған, жалғыз жарым жетімдерді үйлендіріп, жеке отау тіккен. Алтыбақан басында ән айтып күй тартады. Дәстүрлі ұлттық ойындар: көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу, тағы басқа ойындар ойналады. Таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады.

4,4(59 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi

MOGZ ответил

Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ