М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
lui19
lui19
22.02.2022 12:21 •  Қазақ тiлi

А мәтіні Домбыра туралы аңыз Домбыра аспабының қалай пайда болғаны жайлы аңыз әңгімелер аса мол. А.Сейдімбек «Күй шежіре» еңбегінде домбыра аңыздарына ерекше назар аударған. Соның бірі Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданынан Арғынбек Қилыбаев ақсақалдың баяндауындағы «Қос ішек» күйінің аңызы. Ертеде биік таудың қиясын тұрақ еткен, бұғы-маралды аулап азық етіп күнін көрген бір аңшы жігіт болады. Бірде жолы болып, биік таудың қиын қиясынан теңбіл марал атып алады да, маралды етекке түсіру үшін ішек-қарынын ақтарып тастайды. Содан арада айлар өткенде, аңшы жігіт аң атуға ұрымтал тұс еді ғой деп, баяғы теңбіл маралды атқан жерге соқса, құлағына бір ызыңдаған дауыс естіледі. Барлап қараса, өткенде атқан маралдың ішегін қарға-құзғын іліп ұшқан болу керек, қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын көреді. Ызыңдаған дыбыстың сол ішектен шығып тұрғанын аңғарады. Қарағайдың бұтақтарына керіле кепкен ішекті сәл ғана жел тербесе ызыңдап, жанға жайлы дыбыс шығарады. Бірде уілдеп, бірде сарнап, енді бірде сыңсып жылағандай болып, аңшы жігітті алуан түрлі күйге түсіреді. Сол жерде аңшы жігіт қой мына қос ішекке тіл бітейін деп тұр екен, бір амал жасайын деп, ішекті үйге алып келеді де, бір аспап жасап, соған қос ішекті тағады. Содан тартып көрсе, шынында да қос ішекке тіл біткендей сұңқылдап қоя береді. Бұл үн жігіттің ғана жанын жадыратып қоймайды, тыңдаған жанның бәрін ұйытады. Осылайша домбыра көптің сүйіп тыңдайтын аспабына айналады. http://akikat.kazgazeta.kz/?p=6085
В мәтіні
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары Қазақтың ерте заманнан келе жатқан музыкалық аспаптарының түрлері өте көп. Атабабаларымыз тастан, ағаштан, темірден, өсімдіктерден, саздан, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан тағы басқа да дыбыс шығаруы мүмкін заттардан қарапайым әнкүй аспаптарын жасаған. Еліміздің әртүрлі музейлерінің қорларында 400-ден астам көне музыкалық аспаптар сақтаулы. Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын жіктеп төмендегідей топтарға бөлуге болады: 1.Үрмелі аспаптар - үрлеп тартылатындар, оның ішінде оларды 3 топқа бөлуге болады: Үрмелі (флейталы) - сыбызғы, қурай-ысқырғыш, үшпелек, саз сырнай, үскірік, тастауық, ысқыруық, ұран. Тростық - қамыс сырнай, қос сырнай, қауырсын сырнай. Мундштуктік - мүйіз сырнай, ұран, бұғышақ, керней. 2. Шертпелі аспаптар - ішекті аспаптар. Оған шертіп ойналатын - жетіген (7 ішекті, 21 ішекті), шертер, домбыра (бас домбыра, прима домбыра, альт домбыра, шабылған, құралған, қалақ домбыра, Абай домбыра), адырна, шіңкілдек, ортеке, үш ішекті домбыра. 3. Ұрмалы аспаптар - аты айтып тұрғандай ұрып ойналатын аспаптар: даңғыра, кепшік, дабыл, дулыға, дауылпаз, шыңдауыл, тұяқтас, тоқылдақ, шың. 4.Сым тілшелі: шаңқобыз. 5.Сілкіп ойналатын аспаптар - сілку арқылы ойналады: аса таяқ, шың, сылдырмақты қамшы, қоңырау, сақпан, зырылдауық. 6. Ыспалы аспаптар немесе қияқпен ойналатын аспаптар: қобыз (қыл қобыз, нар қобыз, бас қобыз, альт қобыз, прима қобыз), сазген. Қазақтың ұлттық аспаптарының ішінде кең тарағаны домбыра, қобыз, сазсырнай болып табылады. Домбыраны тіпті қазақтың өзімен салыстырады: «Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра» деп. Себебі, домбыраны тартып, оның дауысын ұнатпайтын қазақ жоқ десе де болады. Жалпы, домбыра атауының шығу тарихы жайлы таластар көп. Солардың бір қатары: «Дембира» деген қыз атынан шыққан болуы керек деп те топшылайды, себебі шығыс елдерінде қастерлі, қасиетті нәрсеге немесе кейбір көпшілік орынға әйел адамның есімін беру үрдісі бар. Пішіні домбыраға ұқсас, төрт ішекті шертпелі аспап үнді халықтарында «тампура» деп те аталады. Ішекті шертпелі аспап «пандура» гректерде бар. Сонымен нақты атауы қайдан шыққаны әзірге белгісіз. Ал ең көне аспап ретінде қобыз саналады. Өздеріңіз білетіндей қобыз сонау Қорқыт ата заманынан келе жатыр. Қазіргі күні ұлттық музыкалық аспаптарға деген сұраныс артып келеді. Жастардың көбі қазір домбыра мен қобыздан басқа да ұлттық аспаптар бар екенін біліп келеді. Оған дәлел ретінде ұлттық аспаптардан құралған топтарды айта аламыз. http://el.kz/blogs/entry/content-2319
15
Ә мәтіні
Екі мәтіннің ұқсастығы
Екі мәтіннің айырмашылығы
Түрі
Көзделген аудитория (кімдерге арналғандығы)
Мақсаты
Мазмұны
Стилі
Тілі
2-тапсырма Ә мәтінін оқып шығып, тірек сөздер мен сөз тіркестерін синоним сөздерге ауыстырып, мәтінді ықшамдаңыз.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
#2. Жерлестеріміздің
Жер - түбір, лес-жұрнақ, тер- көптік жалғау , і-тəуелдік жалғау 3 жағы , тəуелдік жалғау 1 жағы, дің - ілік септігінің жалғауы.
#3.Түркістан - Қазақстанның қасиетті қаласы.
Түркістан( не? ) -бастауыш, Қазақстанның (ненің?) - толықтауыш , қасиетті(қандай?)-анықтауыш, қаласы (несі?)- толықтауыш.
Балалы, баласыз- сын есімдер. Балалы - түбірі - бала , лы- зат есімнен сын есім тудырушы жұрнақ, баласыз -түбірі -бала,сыз- зат есімнен сын есім тудырушы жұрнақ
#7 Оман
жекеше
1 жақ менің Оманым
2 жақ сенің Оманың
сіздің Оманыңыз
3 жақ оның Оманы
көпше
1жақ Біздің Оманымыз
2 жақ Сендердің Омандарың
Сіздердің Омандарыңыз
3 жақ Олардың Омандары
4,4(3 оценок)
Ответ:
спецназ8
спецназ8
22.02.2022

-Сәлем!

-Сәлем!

-Жақында наурыз мерекесі болады.Сен ол мереке жайлы білесің бе?

-Жоқ. Маған Наурыз жайлы айтып берші.

-Наурыз қазақ халқының ұлттық мейрамы. Оны Ұлыстың Ұлы күні деп те атайды. Туыс-ағайын бір-бірін қонаққа шақырады, ақсақалдар батасын беріп наурыз-көжеден бәрі ауыз тиеді. Сен наурыз-къженің дәмін татып көрдің бе?

-Жоқ. Ол қалай дайындалады?

-Наурызда әрбір қазақ үйінде наурыз-көже дайындалады.

Оған жеті түрлі бидай түрін, сүрленген ет,су,тұз қосады.Ммм, шіркін тіл үйіретін дәмі естен кетпейді!

-Дәмі керемет шығар, менің Наурыз мейрамын енді күні-түні күтетін болдым.

-Сен әлі бәрін естімедің ғой! Бұл күні тойдың көкесін көрерсің! Палуандар күресі, көкпар,асық ату деген қазақтың ұлттық ойындары өткізіледі. Қазақ халқы ерте заманнан келген Наурызда ағаш отырғызу дәстүрін де ұмытқан жоқ.

-Мәссаған! Қандай тамаша! Мен осы жылы Наурызды өткізіп алмаспын!

-Ендеше мен сені біздің үйге Наурызды қарсы алуға шақырамын!

-Қонақжайлығыңа рахмет!

-Келесі кездескенше,сау бол!

- Сау бол!

4,7(10 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ