Әдемі көркімен, жанға жайлы нәзік табиғатымен есте қалатын Алматы, бүгінде әр адамның жүрегінен жылы орын тапқан болар, сірә?! Онсыз да әсем әнімен баурап алатын Алматы, күн өткен сайын құлпыра түскендей. Бұл қаланың тарихи, табиғи және мәдени орны да ерекше екені сөзсіз. Жетісудың еркесіндей елітіп әкетіп, арманды арманға жалғайтын да осы – Алматы. Алайда қазіргі Алматымыздың жағдайы қалай? Қаламыз жылдан жылға қарқынды дамып келеді. Оның дәлелін өзіміз де көре аламыз. Халықтың тұрмыс-тіршілігі, экономикалық жағдайы, шаһардың даму процесі де айтарлықтай жақсы болмаса, жаман емес. Сонымен қатар, Алматы – жаңа мүмкіндіктер мекені болып та саналады. Осында көптеген саяси, мәдени іс-шаралар өткізіліп те жатыр. Жастардың көбісінің жаңа өмірге қадам басуына да себепкер болып, қолынан жетектегендей болады.Алматы – үлкен белестерді бағындырған қала. Оның тарихына көз жүгіртсек, басынан сан-қилы тарихи кезеңдерді өткерген. Мысалыға, қарапайым өзіміздің тәуелсіздік алған жылдардың тарихи маңызы өте зор екені белгілі. Ызғарлы желтоқсанның құрбанына айналған адамдардың өздері әлі күнге Алматының айбынды жерін еш естерінен шығармайды. Себебі бұл тарихи мекен әрі ұлы оқиға. Ал қазір тәуелсіз елдің көркем аймағына айналып отыр.Алатауы айқарыла ашылып қарсы алса, Көктөбесі жайқала жадырап құшақ жаяды. Соңғы кездері қаламыздың экологиялық жағдайлары бәсеңдеп бара жатыр. Экологиялық апатты аймақтардың бірі екені де рас. Оның алдын алу шаралары да қарастырылуда. Дегенмен, ол шаралар шаһардың толық тазаруына көмек бере алмайды. Сол себепті әрбір алматылық азамат өз қоршаған ортасына септігін тигізіп, Табиғат-Ананы да естен шығармаған жөн. Тағы айта кетерлік жайт, бұл қала қазіргі қазақ қоғамындағы ірі мегаполистердің бірі. Жаңа заманға сай дамыған ғимараттарымен де ерекшеленеді. Бизнес пен бәсекенің орталығы және болашағынан біршама биік белестердің күтіп тұруы да ғажап емес.Не айтсақ та, Алматының әсем табиғаты мен шырайлы шуағы кез-келгенге туған анасы әлдилегендей сезім ұялатады. Қаламыз өркендей берсін!
Ағжан Жұмабаев - қазақ поэзиясының ірі өкілдерінің бірі. 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Сасықкөл деген жерде туған. Бала кезінен өте зеректігімен көзге түскен Мағжан төрт жасынан хат таниды. Қызылжардағы М.Бегішев ашқан медреседе 5 жыл оқып, 1910 жылы бітіреді. 1910-1913 жылдары Уфадағы "Ғалия" медресесінде оқиды. 1912 жылы Қазан қаласында ұстазы, татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтың көмегімен "Шолпан" атты тұңғыш жинағы басылып шығады. Осыдан соң Мағжан Жұмабаев Омбыдағы мұғалімдер семинариясына түсіп, 1916 жылы оны медальмен үздік аяқтайды. Семинарияны бітірген соң "Алаш" партиясын құруға қатысады. Жиырмасыншы жылдардың бірінші жартысында шығармашылық өнімді еңбекпен шұғылданады. Әйгілі "Батыр Баян" поэмасын жазады, ба зде біраз дүниелері жарық көреді. 1923-1927 жылдары М.Жұмабаев Мәскеуде жоғарғы әдеби- көркемөнер институтында оқиды. Бұл жылдары орыс, Батыс Европа әдебиетін терең зерттеп оқиды. 1929 жылы ол "Алқа" атты жасырын ұлтшыл ұйым құрды деген жалған айыптаумен сотталады. Шын мәнінде бұл әдеби платформаға қатысты үйірме болатын. Шығармашылықпен, айналысқан алғашқы он жылда ол ұлт- азаттығын поэзияда ең терең қозғаған ақын болды. Өкінішке орай, 1929 жылдан 1938 жылға дейінгі ақынның он жылдық ғұмырында шығармашылық үнсіздік орнайды. Ақын 1938 жылы халық жауы деген "үштіктің" шешімімен жазықсыз атылады. Ол қазақ әдебиетін орыс, Европа әдебиетінің биік деңгейіне көтерді. Елінің тарихы мен мәдени мұраларын терең білуі "Батыр Баян", "Қорқыт", "Оқжетпестің қиясында", "Қойлыбайдың қобызы", "Ертегі" т.б. сияқты тамаша поэмалар тудырды. Мағжан "Педагогика" оқулығында халықтық педагогика мен психологияға талдау жүргізді. Мағжан поэзиясының жоғары идеялығы, отаншылдық, ұлттық рухқа толы болуы, өлеңдерінің ерекше бейнелілік, көркемдік формасы, жаңашылдығы заманынан басы озық, ілгері кеткен ақын екендігін көрсетеді.
Объяснение:я нэ знаю...