М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
зубрильчик
зубрильчик
09.09.2022 23:39 •  Қазақ тiлi

Привет помигете мәтін құрау на тему бақытты балалық шақ помагите

👇
Ответ:
ZeuSDECL0
ZeuSDECL0
09.09.2022

Біз еліміздің тәуелсіздігінің арқасында бақытты балалық шақты өткізудеміз. Біздің алаңсыз білім алуымызға, бақытты балалық шағымызға жағдай жасап отырған Елбасымызға алғыс айтамыз. Мен осындай бейбітшілік орнаған елде туып-өскеніме ризамын. Қазіргі заманда көріп жүрміз, қатігез ата-аналар, бақытсыз балалар. Ата-аналарының кесірінен көптеген балалар балалықтың бал дәмін тата алмай жүр. Зорлық-зомбылық көрген баланың келешегі не болмақ? А кезінде балалық шақтың бал дәмін татуы тиіс.

Біздер қазір бақытты болып өсіп келеміз. Алдымызда не керек болса, сол тұр. Білімге керек нәрсені ізденбей жатып-ақ, компьютер, ұялы телефон, интернеттен табамыз. Ал өткен ғасырлардағы әже-аталарымыз тіпті оқи алмай, балалықтың бал дәмін тата алмады. Әрине, өкінішті. Ал біз он үш жасқа келгенімізбен әлі балалығымызды қимаймыз. Бара-бара, есейген кезде сол балдәурен балалық шағымызды сағынатынымыз белгілі. Кейбіреулер өздерін балалық шақпен ерте қоштасқандай сезінеді. Олар қателеседі. Себебі, олар балалық шақтың құдіретін сезіне алмай жүр. Сондықтан да менің достарыма айтарым, балалық шақтың бал дәмін сезінген бұл кездің ең бақытты шақ екенін ұмытпайық. Әр адам өз өмірінің бақытты болғанын арман етеді. Ол үшін алдына мақсат қойып, көптеген игілікті істерді жүзеге асыруға ұмтылады. Ондай адамның жүрегін ризашылық сезімі билеп, жаны рахатқа бөленеді. Бақытты болу әркімнің өзіне байланысты. Өз өмірін аялап, барды қанағат тұтқан адамның құшағы бақытқа толы болады. Қасыңда жүрген адамдардың қуанышын, бақытын, жақсылығын өзінің табысындай көре білген адам бақытқа кенеледі. Әрбір атқан таң мен батқан күннен бақыт тілеген адам мұратына жетеді. Бәрінен де керемет кез ол біздің бақытты балалық шағымыз.

Объяснение:

только

4,4(12 оценок)
Ответ:
Dasha8999
Dasha8999
09.09.2022

Балалық шақ әлемі - бұл бала қуыршақпен, машинамен, доппен ойнай алатын сиқырлы әлем. Балалық шақ өте тез өтсе де, ол өте қызықты, жарқын және көңілді. Бұл ұмытылмас уақыт, армандар, шынайы қуаныш пен ересек өмірдің уақыты. Бізге балалық шақты ұмытудың қажеті жоқ, оны жүрегімізде сақтауымыз керек, сонда ол бізді ұмытпайды.

Мир детства - это волшебный мир, в котором ребенок может играть в куклу, в машину, в мяч. И хотя детство пролетает очень быстро, все равно очень интересно, ярко и весело. Это незабываемое время, время мечтаний, искренней радости и взрослой жизни. Нам не нужно забывать детство, мы должны хранить его в своем сердце, и тогда он не забудет нас.

4,7(36 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
gumarin78
gumarin78
09.09.2022

жер-ана біздің екінші анамыз десек те болады. өйткені ол бізге барымен нарын беріп,бізді анамыздай қорғап,өз құшағына алуда. ол өзінің саялы табиғатын бізге сыйлап,аманат етіп тұрғанда,біз неге аманатқа қиянат жасаймыз? табиғатты,яғни жер-ананы қорғау-біздің міндетіміз.ол кішкене нәрседен басталады.мысалға,көшеде қоқыс көрсек, жинай салу,болмаса,ағаш егіп,гүл отырғызу.жоқ,бізде керісінше. жұрт өсімдіктерден барлық жемісін алып,орнына қайтармайды.ағаштарды өз керегіне пайдаланып,орнына тағы ағаш отырғызбайды.міне,осы үшін табиғат-ана бізге ренжулі."бір тал кессең,он тал ек"-деген сөздің мәні қайда жатыр десеңші.сондықтан да,жер-ананы аялап,күтіп баптауымыз керек.сонда табиғат-ана да риза болады.

4,7(20 оценок)
Ответ:
sofamalaya
sofamalaya
09.09.2022

отаным – алтын ұям бесігім

әрбір жанға өзінің отбасы, туған - туыстары , жолдастары ыстық болса, отан да солай да ыстық. «отан» десе ң жүрегі езіліп, жүрекке жылы болып есептелінеді. кез келген ұлт өкілдерінің өз отаны бар екені айдан анық. «отан үшін отқа түс - күймейсін» - деген мақал бар. расында да егер отан үшін жанынды қисаң, ол үлкен абырой. отан үшін өлген ң өзі өлгенімен, аты ешқашанда өлмейді. тарихта мәңгі қалады.

отан деген – сенің туып өскен, кіндік қанын тамған жер, ата – анаң, досың отанға деген махаббат, сыйластықпен ұласса – ол ң рухани деңгейінің биіктігі. дегенмен де отанға деген махаббат пен сүйіспеншілік, анаға деген махаббатпен тең.

менің отаным – қазақстан. қазақстанда дүниеге келіп, осында өсіп жатырмын. қазақстандай елім болғанына, қандай елдерде, мемлекеттерде жүрсем де мақтана аламын. қазақстан жер көлемі жағынан дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында. кең байтақ жеріміз біз үшін мақтанышқа тұрарлық. қазақ елінде 16 млн-ға жуық халық тұрады. әрине, бұл өзге мемлекеттерге қарағанда орташа көрсеткіш. қазақстанда 150-ге жуық өзге ұлт өкілдері өмір сүреді. бұл нәтижеге жүгіне отырсақ, қазақ елі өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады. қазақстан тәуелсіз мемлекет. сондықтан да оның өз әнұраны, президенті, рәміздері бар.қазақстан тәуелсіз мемлекет болғандықтан өзінің ұлттық валютасы да бар. ол «теңге» 1993 ж 15 қарашада қазақстан республикасының ұлттық валютасы «теңге» болып қабылданды. қазақ елі өте ған мемлекет. оны басқа шетелдіктерде мойындаған. себебі, қазақстан соңғы он жылдың ішінде түсті, көркейіп, өз жақсартып, ішкі – сыртқы саясатын дұрыстады. қазақ елінің ұлан байтақ жері былай тұрсын, оның табиғаты мен өнеркәсіп жөнінен ерекшеленеді. қазақстан мұнай мен газ, қ өнеркәсібі өте бай ел. көмір де қазып алынады. қ өнеркәсіпте алтын, күміс, темір, мыс, қорғасын, мырыш және т.б бар. пайдалы қ негізінен ванадий, скандий, теллур алынады. өзге шетелдіктермен саудаласып, .

қазақстан күн сайын , көркейіп жатыр. осындай елмен әрине мақтанасын. қазақ елі мақтанышқа тұрарлық ел. әрине, осы жетістіктеріміздің бәрі елбасымыздың арқасында.

4,4(51 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ