Мәтін оқыңыз /Прочитайте текст. Темендегі тапсырмаларды орындаңыз/Выполните следующие задания. 1) Мәтіннен тірек сөздерді алыңыз / Определите опорные слова с текста. 2) Мәтінің негізгі ойын жазыңыз/ Напишите главную мысль текста.
3) Мәтіне ат қойыңыз / Поставьте название тексту
текст:
Отырар – шамамен V ғасырда белгілі бола бастаған қала . Тарихи жазбалар авторларының айтуынша , ежелден бері Отырардағы кітапхананың даңқы жер жарған екен . Мұнда қой терісімен қапталған қыпшақтар шежіресі , араб дастандары , теріге жазылған кітаптар , балық қабыршақтарымен безендірілген үнді дастандары , мұсылмандар мен христиандардың өсиеттері , көркем және ғылыми кітаптар , өлеңдер жинақтары , саяхатшылардың жазбалары , діни әрі өте көне әдебиеттер әлемнің әр түкпірінен әкелінген деседі . Ғалымдардың айтуынша , кітапхана қорында бабылдықтардың қыштан күйдірілген тас кітаптарынан бастап , түркі , парсы , қытай , грек , еуропалық тілдердегі кітаптар болуы әбден мүмкін . Ал ғұндардың өздері өз тілінде жазбалар қалдырып , географиялық карта сызған деседі . Бұл кітапханада ежелгі сына жазуымен жазылған туындылар мен папирус орама қағаздарынан бастап , ортағасырлық Еуропа , Араб және Қытайдың көрнекті ғалымдарының шығармаларына дейін жинақталыпты . Ғасырлар бойы кітаптар қоры әлемнің әр түкпірінен мыңдаған әдебиеттермен толықтырылды . ХІІ ғасырдың аяғында Отырар кітапханасы атақты Александрия кітапханасынан кейінгі ең ірі кітапханаға айналды дейді көне шежірешілер . Бұхар тарихшысы Рузбейханның мәлімдеуіне қарағанда , Отырардың қолжазба кітаптары Сығанаққа дейін таратылған . ( 149 сөз )
Алдыңғы шығарылымдарда біз қазақтардың ежелгі музыкалық аспаптары туралы жазған болатынбыз. Бүгін де олар туралы аз-кем сөйлесуді жөн көрдік. Шынында да, кеше ғана, қатал кеңес дәуірінде ұлттық құндылықтарды жаңғырту біз үшін онша көп болған жоқ - олар туралы кез келген ақпаратты жинау тіпті қиын болды. Қазақтың музыкалық аспаптары туралы құнды зерттеулер басқа тілдерде жазылған. Сондықтан дәстүрлі музыкалық аспаптардың атаулары өзгерді. Көшпелі өмір салтын жүргізген ата-бабаларымызда көптеген музыкалық аспаптар болған. Олардың барлығы халықтың рухани, мәдени дамуына өз үлестерін қосты. Музыкалық аспаптар барлық жерде: серуендеу кезінде, ұлттық мерекелер мен әскери жорықтар кезінде қолданылды. Осы құралдарға тағы да тоқталайық.
Үрмелі музыкалық аспаптарға ауа ағынымен дыбыс шығаратын барлық музыкалық аспаптар жатады. Біздің ата-бабаларымыз ежелден-ақ үрмелі музыкалық аспаптарды қолданған. Олар ағаштан, сүйектен, мүйізден, темірден, саздан жасалған. Қазақтың үрмелі аспаптарына сыбызғы, сазсырнай, өзек, узкірік, борғу, жылқышық, тастауық, буғышық, муйыз сырнай т.б.