М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Витаминка8990
Витаминка8990
09.12.2020 17:20 •  Қазақ тiлi

11 тақырыптың бірін таңдап әдеби эссе жазыңыз 1)тарихта терен ізің бар
2)Махамбет өршіл ақын
3)Шоқан халқымыздың жарық жұлдызы​

👇
Ответ:
ZiGZaG4242
ZiGZaG4242
09.12.2020
Азаттық үшін алысқан, елі үшін егескен арыстан бабамыз Махамбет Өтемісұлының қазақ әдебиетінде алатын орны ерекше. Рухы биік жырлары ақынның атадан туған аруақты ер екенін дәлелдей түседі. Тарихшы ғалым Тілекқабыл Боранғалиұлы өзінің «Ғасырдан тәбәрік» атты еңбегінде: «Қазақ жырының ой-санасы – Абай, ар-намысы – Махамбет. Абайдың ғибратымен, Махамбеттің жігерімен еңсе тіктеген әлеуетпіз. Бірі-рухани ұстазымыз, бірі-рухты ұранымыз» деп, Махамбеттің өзгеше жан екенін сөз етті.

Жалынды ақын,намысшыл ержүрек жауынгер өзінің қысқа да жарық отты өмірін жан тәнімен халқына арнап,еркіндік идеясы мен әділеттілікті ұран етіп,найза ұшын,қалам құдыретін шебер ұштастырды. Махамбет көшпелілер өркениетінің осынау жарық дүниемен шарқырап тұрып қоштасқан соңғы үні. Жалына қол тигізбейтін көшпелілердің қыл сағағын тағдыр тұзағы қылқындырған сәтте асау рухы Махамбет болып тұяқ серпігендей. Қазақты ұлт ретінде даралап, тарих сахнасына шығарған көшпелілер мәдениетінің буырқанып келіп жартасты соққан ақжал толқыны Махамбет тәрізді. Егер, Қазақ халқының рухани үрдісін кең аяда тарихи құбылыс ретінде елестетер болсақ, онда Көне Түркі ескерткіштерінен Қорқыт пен Асанқайғыдан бастап, Шалкиіз бен Қазтуған, Ақтамбердіге дейін жалғасып, ақыр аяғында Махамбетке келіп тірелетін жорық жырауларының бір-бірімен ғасырлар ойнауынан сабақтасқан жалынды үнін анық естуге болады. Махамбет – жорық жырауы. Сол Ұлы бабаларының дәстүрін жалғастырған, рухын сөзімен емес ерлік ісімен көрсеткен батыр-жырау. Ауыз әдебиетінің тереңінен сусындаған, өзінің бойына халықтық дәстүрді терең сіңірген Махамбет Өтемісұлы Исатай Тайманұлы бастаған халық көтерілісінде маңызды рөл аткарды, ол өзінің өлеңдері арқылы халықты патша өкіметі мен хандардың езгісіне қарсы күреске шақырды. Махамбеттің өлеңдері бостандық пен әділдікті, халық көсемдерінің батырлығын қалың халық бұқарасына паш ету мақсатында жазылды
4,5(6 оценок)
Ответ:
jepa1
jepa1
09.12.2020

3 ті тандадымм

Объяснение:

Шоқан Уәлиханов – Еуропа мәдениетін мол игеріп, неміс, француз, орыс тілдерін, әдебиетін терең таныған жан. Ол тек өз халқы ғана емес, көрші қырғыздың, Қашқардың, Қытайдың, Жоңғарияның мәдениеті, әдебиеті, тарихы, философиясы, жағрафиясы жайлы құнды еңбектер жазып қалдырған ғылым иесі. Қоғамдық құрылысты, патшаның отаршылдық саясатын, халқының басындағы теңсіздікті көріп, сол ауыртпашылықты жою жолында күрескен қоғам қайраткері.

Патшаның отарлау саясатында қазақтың бай да дархан даласын иемдену үшін қанаудың жаңа түрін шығарған «сот реформасын» қатты сынады. Қалың бұқара халық бұл реформадан еш жақсылық ала алмайтынын айтып, «халықтың мұң-мұқтажына тікелей қатысы бар, халыққа ең маңызды, ең керекті реформа – экономикалық және әлеуметтік реформа» екендігін ашына айтқан еді. Бала күнінен-ақ Шығыс шайырларының атақты шығармаларын оқып, жазып алып, алтын қазына әдебиетіміздің қорына қосқан әдебиетші, публицист, Сарыарқаның саңлақтары Орынбай, Арыстанбай, Жанақ ақындардың өлең-жырларын, Ақан Сері, Біржан сал секілді ән мен күй майталмандарының әсем әндерін тыңдап, санасына құйып өскен Шоқан қазақтың бағына біткен жарық жұлдызы.

Шоқан аз өмірінде халқының елдік қасиетін көтеріп, мәдениеті жоғары елдермен терезесі тең дәрежеге жетуін армандаған. Сонда жалғыз қазақ халқы емес, тарихы бір тамырлас, тілі де, діні де, ділі де бір Орта Азия халықтарын тұтас ойлайды, бірге өсіп, бірге дамуын ойлайды. Шоқанның Орта Азия мен Азия халықтарының тарихы мен географиясына арнап жазған ғылыми еңбектердің алғашқы іргетасын қаласқан географ, қазақтан шыққан тұңғыш суретші екені де әлем өнерпаздарына әйгілі.

4,5(16 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
fvbh3fvhc
fvbh3fvhc
09.12.2020
Мама - арада әлемде бас-басы үшін бізден ең аяулы адам. Маманың аяулысының бас-басы адамның жерде бол-. Мама - сол, жақсылық және бескорыстность өмір, бақыт. Мама өзінің баласының өмірді және бақытты сыйға тартады. Қарамастан және, әрине ғой ашық және бескорыстный осы сый. Мен өзінің мамасын өте сүйемін және сияқты болады тығыз ол масайрат- тырысамын. Сол өте жеңілтек - алқындыр- өзінің мамасының бақытты! Мен өзінің мамасын өте сүйемін. Мама - самый дорогой человек в мире для каждого из нас. Дороже мамы для каждого человека нет на земле. Мама - это жизнь, счастье, доброта и бескорыстность. Мама дарит своему ребёнку жизнь и счастье. И этот подарок, конечно же, искренний и бескорыстный. Я очень люблю свою маму и стараюсь как можно чаще её радовать. Это очень легко - сделать свою маму счастливой! Я очень люблю свою маму.
4,8(48 оценок)
Ответ:
1)Юлия Гюнтель əлемдегі ең икемді қыз.
2)Ол алдыға да,артқа да иіле алады.
3)Ол жеті жастағы баланың анасы,бірақ өзінің жұмысының кесірінен күйеуімен ажырасып кете жаздады.
4)Оның икемділігін алғаш рет балабақша тəрбиешісі байқап,оны цирк мектебіне берді.
5)Ол өзінің сирек кездесетінерекше қасиетің жақсы көрмейді, себебі оны ата-анасы қолдамайды. Юлияның арманы өзінің шағын қаласында жұлдыз болу еді,бірақ ол бүкіл əлем бойынша жұлдыз болды.
7)Мен Юлия Гюнтельді қатты -қатты жақсы көремін жəне сол секілді болуға ұмтыламын.
4,6(78 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ