пікір. қиястың әкесі майданға кетіп, науқас шешсін бағу үшін оған егістікті өз қолына алуға тура келді.
дәлел. бірінші абзацтың соңғы жағындағы сөйлемдерден қиястың отбасының ауыр жағдайын көруге болады.
мысал. кейде осындай жағдайлар өмірде де кездесіп жатады. кей отбасыларда әкесі кетіп қалып немесе ішімдікке салынған кезде ананың бағуы немесе жетім қалған ң бірі екіншісіне қарасуы кездесіп жатады. мұндай жағдайда бүкіл ауыртпалық қияс сияқты үйдің үлкеніне түседі.
қорытынды. он төрт жасар жігіт тақырыбында қиястың іс-әрекеті суреттелген. оның анасы науқас, әкесі майданға кеткен,сондықтан үйінің барлық ауыртпалығын өз мойнына алған. егін ісін толық білмесе де отбасы үшін барын салып жүр. бұл нағыз қайсарлық деп білемін. қарап отырсақ қияс істеген жұмыс қазіргі он төрт жастағылардың бәрінің қолынан келе бермейді.
12 сәуір – Адамзаттың ғарышты бағындырған күні. Сондықтан, 1968 жылдан бастап Халықаралық авиация федерациясы бұл күнді Дүниежүзілік авиация және космонавтика күні деп бекітті. Ал Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы Адамның ғарышқа ұшуының халықаралық күні деп жариялады. Ғарышкерлерді дайындау ісі бұрынғы КСРО-да 1960 жылы, ал АҚШ-та 1959 жылы және 1962 жылы жүргізіле басталды. Тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннен (1961) бастап ғарышқа төрт жүзден астам адам ұшқан. Олардың ішінде қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов бар.