Ғарыш туралы түсінік Ғарыш дегеніміз не?
«Космонавтика» - грек тілінен аударғанда «кеме басқару» деген мағынаны білдіреді екен. Ал осы космос корабльін орбитаға шығару үшін қуатты ракета двигателі және отын қажет, ал ракета жоғары температураға төзімді, жеңіл де берік материалдан болуы тиіс. Негізі осы космос және космосқа ұшу туралы ғылымның негізін қалаған К.Э.Циолковский болатын, ал оның арманын, ойын жүзеге асырған бас конструктор Сергей Павлович Королев басқарған совет ғалымдары мен инженерлер болды. Сондықтан да ғарыш кеңістігін игеру С.П.Королевтың есімімен тығыз байланысты. Жердің тартылыс күшін жеңе отырып, жердің тұңғыш жасанды спутнигі орбитаға 1957 жылы 4 қазанда көтерілді, бұл күн балалар космос дәуірінің басталуы болып есептеледі.
Ғарыш – ғаламның астрономиялы анықтамасының синонимі. Кейде Ғарыш ұғымына Жер және оның атмосферасы енбей қалады. Ғарыш «Жер төңірегіндегі» кеңістікті қамтитын жақын Ғарыш және жұлдыздар мен галактикалар, т.б. кеңістігін қамтитын алыс Ғарыш болып ажыратылады.
Ғарыш алаңы немесе космодром ғарыштық аппараттарды (ҒА) құрастыруға, сынауға және ұшыруға арналған ғимараттар мен техникалық құралдар орналасқан жер. Ғарыш алаңының басты нысандарына: технологиялық позиция, старттық жөне командалық өлшеу кешен-дері жатады. Әр нысан күрделі жабдықтар кешені мен олар орналасқан күрылыстардан тұрады.
А мәтіні Ә мәтіні
Тақырыптары
Қандай стильде жазылған?
Стильге тән қандай сөздер қолданылады? Мысал келтіріңіз.
Мәтіндердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде?
Табиғат. Табиғаттың адам өміріне маңызы туралы реферат. Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.
Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы – Көкшетау», «Жер жаннаты – Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.
Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.
«Су ішкен құдығыңа түкірме»
«Бұлақ көрсең, көзін аш»
деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.
Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы , найзағайдың жарқылы, судың м9зға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді.
Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайкалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып суалуы – осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер.
Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады.
Табиғат қүбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар. Мысалы, физика негізінен механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарық құбылыстарын зерттейді. Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады.
Физика басқа да жаратылыстану ғылымдарымен өзара тығыз байланыста болады. Мәселен, географияда физика заңдарын өзендердің қалай ағатынын, желдің қалай пайда болатынын түсіндіру үшін қолданады. Сол сияқты биологияда физика заңдарын пайдаланып, хайуанаттардың қалай қозғалатынын және көру мүшелерінің қалай жұмыс жасайтынын түсіндіреді.
Сондықтан физика заңдары мен құбылыстарын инженерлер, конструкторлар, дәрігерлер, агрономдар, көлік жүргізушілер және т.б. көптеген мамандар оқып пайдаланады.
Астрономия ғылымы физика заңдарына сүйеніп, бақылайтын аспан денелері мен құбылыстарының табиғатын түсіндіреді. Олардың қасиеттері мен көрінісін ұғындыруға, құбылыстардың себеп-салдарын ашуға тырысады.