Берілген өлең жолдарын мұқият оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. Өлең жолдарында кездесетін көркемдеуіш құралдарды анықтаңыз. Ескерту: Тест тапсырмасының жауаптары бірнешеу
Зар заман, зар заман, Зарлап өткен бір заман. Сөздің басы - бисмілла, Біз айталық, cіз тыңда Мұсылманның тарихын: Төрт аяқты хайуан — Бұ дүниенің жарығы. Бағасы кеткен жігіттің Бетінен алар зайыбы. Бір алладан басқаның Көпті қылған айыбы. Кeсапаттың кеcіpi Сол себептен қорқамын! Әуелгі қорлар зор болды, Сондай зорлар қор болды, Әуелгі барлар жоқ болды, Сондай жоқтар тоқ болды, Жөн білмеген жамандар Ел билеген бек болды Ел билеген бек болды, Көтере алмай билігін, Ұласқан үлкен кек болды, Ниетіне қазақтың Тым - ақ тәуір еп болды Заманақыр болар деп, Сол себептен қорқамын! Қыс көбейді — жаз аз боп, Бай таусылды. мал аз боп, Ағайыны көре алмай, Атаға бала араз боп. Әр нәрсенің болжалы Келе жатыр жақындап. Ағашты тауға үй салып, Алды кәпір ақында, Елді еркіне қоймады.
Ал енді ананың бесікте жатқанда айтқан әлдиі, әженің тымылжыта төккен тамаша ертегілері, туғандарыңның мейірбанды күлкілері, жеңгелердің тәтті әзілдері осының барлығы туған еліңнің керемет сипаттары. Туған елдің тілі барша жанға түсінікті. Туған ел, туған жер ол дүниенің тәтті ғана бір ортасы деп есептеймін.
Достар егер біз «Туған жер» деген ұғымды түсінетін болсақ, туған жерімізге аянбай еңбек сіңіруіміз керек.
Әуелгі Отан – ана алды, оттың басы,
Ауыл алды, аунаған шөптің қасы.
Сағынғанда тым ыстық көрінеді,
Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы.