Тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың туған жері һәм кіндік қаны тамған құтты мекені – Алматы қаласының іргесіндегі Қаскелең, соған қарасты Үшқоңыр ауылы (бұрынғы Шамалған), оның ар жағындағы Үшқоңырдың тауы мен жайлауы. Қазақстанның болашақ Президентінің балалық шағы осы жерлерде өткен. Болашақ басшының бойындағы басқалардан оза шабатын белгілері балалық шағында-ақ бой көрсетіп, бүр жарған беткей де – осы. Ән туралы: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың туған жері һәм кіндік қаны тамған құтты мекені – Алматы қаласының іргесіндегі Қаскелең, соған қарасты Үшқоңыр ауылы (бұрынғы Шамалған), оның ар жағындағы Үшқоңырдың тауы мен жайлауы. Қазақстанның болашақ Президентінің балалық шағы осы жерлерде өткен. Болашақ басшының бойындағы басқалардан оза шабатын белгілері балалық шағында-ақ бой көрсетіп, бүр жарған беткей де – осы.
Үшқоңыр жері туралы Өңдеу
Үшқоңыр — Алматы облысы Қарасай ауданындағы төбелі қоныс. Қоныс Майтөбе тауының шығысында 15 км, Аршалыкезең асуының (2973 м) солтүстікте баурайында жатыр. Төбенің теңіз деңгейінен биіктігі 1980 м. Батысында Ұзынқарғалы, шығысында Шамалған өзендері ағып өтеді. Енділеу тауаралық қоныста еріген мұз суынан пайда болған, жағалауы ашық шағын көл жатыр. Қоныс маңында Үшқоңыр және Сауыншы ауылдары орналасқан. Үшқоңырда 1986 ж. дельтопланнан КСРО чемпионаты өткізілді. Табиғаты көрікті Үшқоңыр өңірі Қарасай ауданының және Алматы қаласы тұрғындарының демалыс орны саналады. Ол кезде Үшқоңыр жайлау болса, бүгінде бүтіндей бір ауылдың аты. Үшқоңырды жайлаған жергілікті жұрт пен Алатауды атақоныс көрген ағайынның өзі қалап, Қарасай ауданы, Шамалған ауылдық округіне қарасты Шамалған ауылының атауын Үшқоңыр ауылы деп атауды ұсынды. Осы жылы ақпан айының оныншы жұлдызындағы Алматы облыстық мәслихатың қаулысы мен облыс әкімінің шешімімен Шамалған ауылының аты Үшқоңыр ауылы болып өзгертілді
Киіз үй – тарихымыздағы ең алғашқы сәулеттік құрылыс. Көшіп қонуға ыңғайлы, жер сілкінісіне төтеп беретін ең қолайлы жәдігер. Кереге, шаңырақ, уық, сырқырлауық – киіз үйдің негізгі бөлшектері. Соның ішінде — Кереге киіз үйдің негізгі қаңқасы болып есептеледі. Ол — талдан, жіңішке қайыңнан жасалады. Кереге санына қарай киіз үй 4,6,8,12 қанат етіп тұрғызылады. Ал, Хан ордасының кереге саны 30-ға дейін жетеді. Ал шаңырақ болса – киіз үйдің еңсесін құрап, тұтастырып тұратын күмбез. Қазақы нанымда шаңырақты ешуақытта төңкеріп қоюға болмайды. Тіпті шаңырақ көтеріліп жатқанда ешкімнің сөйлеуіне болмайды екен. Ал, уық кереге мен шыңырақты жалғап тұрады. Сықырлауық болса кереге шеңберін тұйықтап, киіз үйге кіріп – шығатын есік қызметін атқарады. Ағашы толығымен құрылып болған соң — киізі жабылады. Сөйтіп, дайын үйге еңкейіп кіреді қазақ баласы. Киіз үйді әдетте 3-4 адам 1 сағаттың ішінде құра алады. Қазақтар көшіп-қонып жүргенде, киіз үйді өздерімен алып жүргенге ыңғайлы еді. Оны бір түйе-ақ алып жүре алатын. Жазда салқын ұстап, қыста суықты жібермейді, табиғаттың барлық жағдайларына қолайлы.
Объяснение: