Ғұн мемлекетінің құрылуы. Ғұндар тарихта жақсы белгілі. Жоғалып кеткен халықтың аты жауынгерлікпен, қатыгездікпен және тағылықпен ұштасып жатады. Б.з.б. ІІІ ғасырдың соңына қарай ғұндар бірігіп әскер жасақтап өздерінің мемлекетін құрды. Алайда, ғұндардың алғашқы билеушісі Тұман шаньюйдің тұсында қытайлармен жүргізілген қақтығыстан мемлекет біршама әлсіреді. Ғұн мемлекетінің айтарлықтай нығайып, күшеюі Мөде шаньюйдің есімімен байланысты. Ол ғұндардың «Шығыс империясын» б.з.б. 209-174 жылдар аралығында басқарды. Мөде шаньюй ғұн мемлекетін нығайту мақсатында Қытайдың шекаралық аудандарына жорықтар жасап, оған күйрете соққы береді. Қытайлар ғұндардан қорғану үшін б.з.б. ІІІ ғасырда бар болғаны 2 жыл ішінде ұзындығы 5 мың шақырым, биіктігі 6-10 метр, ені 5-6 метр әскери қорған салғызуға мәжбүр болған. Ол тарихта «Ұлы Қытай қорғаны» деп аталады. Б.з.-дағы ІІ ғасырда ғұндар оңтүстікте Қытайдағы Хань әулетін жеңеді. Б.з.б. 188 жылы Қытайдағы Хань әулетінің императоры Гао-цзу ғұндардан жеңілгеннен кейін Мөденің алдында бас иіп, «тыныштық пен бейбітшілік» туралы келісім-шартқа қол қоюға, жыл сайын салық төлеп отыруға мәжбүр болады. Ғұндар үйсіндердің бір бөлігін, саян-алтай тайпаларын талқандап, Қытайға қарсы табысты соғыстар жүргізген. Соның нәтижесінде ғұндар Байкалдан Тибетке дейінгі, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзеніне дейінгі зор аумаққа иелік етті.
2. Ғұндардың қазақ жеріне алғаш қоныс аударуы. Этникалық құрамы жағынан әр текті көшпелі тайпалардың Орталық Азиядан Қазақстан аумағы арқылы батысқа қарай жылжуы тарихта – «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталады. Б.з.б. 55 жылы ғұн мемлекеті өзара ішкі тартыстар мен сыртқы қысымдардың әсерінен күйреуге ұшырап, оңтүстік және солтүстік ғұндар мемлекеті болып екіге бөлінеді. Мемлекеттің оңтүстік бөлігін Хуанхэ шаньюй, ал солтүстік бөлігін оның інісі Чжи-Чжи басқарды. Солтүстік ғұндардың ордасы Монғолияның солтүстік-батысындағы Қырғыз-Нұр көлінің маңына орналасады. Осы жерден олар үйсін тайпаларына және Қытайға жорықтар ұйымдастырды. Солтүстік пен оңтүстік ғұн мемлекеттері арасында жер мен билік үшін өзара қырқыс басталды. Уақыт өте келе оңтүстік ғұндар Хань империясына бағынды. Ал, солтүстіктегі ғұндар Хань империясы мен оңтүстіктегі ағайындары жиі-жиі шабуыл жасап мазасын алған соң тәуелсіздігін сақтап қалу мақсатында Солтүстік Монғолия және Шығыс Түркістанға қарай қоныс аудара бастады. Бұл ғұндардың Қазақстан мен Орта Азия аумағына қоныс аударуының алғашқы толқыны еді. Ғұндардың Қазақстан жеріне қоныстануына байланысты Шығыс Иран тайпаларының, қаңлылардың түркіленуі басталады.
Б.з.б. 55 жылы Қазақстан жеріне бірінші қоныс аударуда ғұндарды Чжи-Чжи басқарды. Олардың, бір бөлігі Тянь-Шаньнан өтіп, Қаңлы тайпалық бірлестігімен көрші-қолаң отырды. Қаңлылармен одақтаса отырып, ғұндарды біріктіру мақсатын көздеген Чжи-Чжи өз қарауындағы ғұн тайпаларымен бірге Оңтүстік-Шығыс Қазақстан жеріне қоныс аударады. Осындай жағдайда Қаңлы ханы Чжи-Чжимен одақ құрып, оны үйсіндерге қарсы пайдаланбақ болады. Осы мақсатпен қаңлы ханы Чжи-Чжиге Талас алқабынан жер бөліп беріп, өзінің атты әскеріне қолбасшылыққа тағайындайды. Алайда Чжи-Чжи бастаған ғұн тайпалары қаңлылардың үмітін ақтамайды. Осыдан кейін Чжи-Чжи қаңлы билеушісінің қосынынан қуылып, Талас өзенінің жоғарғы жағына кетіп, сол жерден өзіне қала тұрғыза бастайды. Чжи-Чжи Ферғана мен Парфия билеушілерінен қала құрылысына алым-салық ретінде қаржы алып отырады. Қаланы салуға құрылысшы мен шеберлерді де сол жақтан пайдаланады. Қала 2 жылда салынып бітіп, сырты мықты екі қорғанмен қоршалды. Оның сыртқысы ағаш, ал ішкісі мұнаралары бар кесек топырақтан тұрғызылған дуалдан болатын. Чжи-Чжидің күшеюінен Қытай империясы қатты алаңдайды. Көп кешікпей жалпы саны 40 мыңдай біріккен қытай және үйсін әскерлері оған қарсы жорыққа шығады. Б.з.б. 36 жылы Чжи-Чжи мен Қытай әскерлерінің арасындағы шайқас Талас аймағында 2 күнге созылды. Чжи-Чжи өз қаласын қорғауда римдік қолбасшы Марка Крас армиясының жауынгерлерін пайдаланады. Алайда ғұндардың қаһармандықпен қорғанғанына қарамастан қытайлар қалаға басып кіріп, қамалды басып алады. Чжи-чжи және оның әскерлері мен көптеген туыстарын қосқанда барлығы 1518 адам тұтқынға түседі. Қытайлар Чжи-Чжидің басын алып, 1200-дей жауынгерін үйсін мен Ферғана билеушілеріне сыйға тартады да, қалғандарын өлтіреді.
Чтение Задание 1. Прочитай текст. Английский плюс CD-ROM: блок 9 более высокий тест. Торговый центр Mall of America-это действительно большой торговый центр в США. Это больше, чем любой торговый центр в Европе! Расстояние до торгового центра составляет 390 000 метров?. Он имеет семь этажей и 52 Шора. Здесь четырнадцать кинотеатров и двадцать ресторанов, в торговом центре нет ни одной гостиницы, зато есть железнодорожный вокзал и автовокзал. В городе Миннеаполис есть несколько отелей. Город находится примерно в тридцати минутах езды от торгового центра. Меня зовут Бет, и моя семья живет в Миннеаполисе. Мы очень любим ходить по магазинам, и торговый центр-наше любимое место! Пишите правильно или неправильно: 1. Торговый центр Америки огромен 2. Торговый центр Америки находится в США 3. 3. На одном этаже расположены 52 магазина. 4. В торговом центре " 5 " есть места для фильмов. Бет не очень любит ходить по магазинам ответьте на этот во Насколько велик торговый центр Америки? 7. Сколько времени нужно, чтобы добраться от Миннеаполиса до торгового центра? письменные задания. Выберите одну из следующих тем. Йо вы должны: * высказать свое мнение по теме. Соедините свои идеи в один абзац. Используйте правильную форму модальных глаголов: нельзя, нужно, должно. Используйте пунктуацию соответствующим образом. Тема 1. Наш район какое место вы хотели бы посетить в своем соседстве? Почему тебе нравится это место? Какие достопримечательности вы хотели бы там увидеть? Вы бы хотели жить в этом месте? Почему? Тема 2. Транспорт какие виды транспорта вы знаете? Кто из них более опасен? Почему ты так думаешь? Разве это вредит жизни людей? Почему? Какой вид транспорта вы предпочитаете? Почему?